Дәріс.№19-20. Тақырыбы: Паразитті және паразитті емес арамшөптердің өкілдері және оларға қысқаша сипаттама



бет1/8
Дата19.12.2021
өлшемі22,25 Kb.
#103275
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс.19-20
5-7 дәріс, Дәріс.№17-18, Дәріс.№17-18, Дәріс, 5-сынып әдебиет ТЖБ 4-тоқсан дұрысы

Дәріс.№19-20.

Тақырыбы: Паразитті және паразитті емес арамшөптердің өкілдері және оларға қысқаша сипаттама


Сабақ мақсаты:Паразитті және паразитті емес арамшөптердің өкілдері және оларға сипаттама беру.Ауыл шауашылық дақылдарына тигізетін зиянын түсіндіру

Кілтті сөздер:Паразитті арамшөптер, паразитті емес арамшөптер

Дәріс жоспары:

1.Паразитті армшөптер және олармен күрес шаралары

2.Паразитті емес және олармен күрес шаралары

3.Күздік арамшөптер және өкілдеріне сипаттама

4.Қыстап шығатын арамшөптер және өкілдеріне сипаттама

1.Паразитті армшөптер және олармен күрес шаралары. Жөргемшөп, арамсояу (Повелика полевая, Cuscuta arvense). Шырмауық тұқымдасына жататын біржылдық паразиттік арамшөп. Сабағы сары түсті, жіп тәрізді, жуандығы 0,8 мм. Бұл арамшөптің тамыры мен жапырағы болмайды. Өзіне керекті коректік заттарды басқа өсімдік иесінің сабақтарына жабысып сорып алады.Арамсояу тұқымы арқылы және вегетативтік жолмен көбейеді. Тұқымның мөлшері 0,9-2 мм. Арамсояудың бір өсімдігі 20 мыңға дейін тұқым береді.Топырақта өнгіштік қабілетін 4-5 жылға дейін жоғалтпайды. Жер көктемде 20-30 градусқа қызғанда ол 4 см тереңдігінен жақсы өніп шығады. Егер, ылғал жеткілікті, ал температура қолайлы болса, топырақтағы тұқым үш аптаның ішінде толық өніп шығады. Көктеп шыққан өркен екі апта бойы тұқымдағы қоректік заттарды пайдаланып 4-5 см-ге дейін өсіп үлгереді.

Бұл арамшөп сабақ кесінділері арқылы вегетативтік жолмен көбейе алады. Егер, сабақ кесінділерінің ұзындығы 12-15 см шамасында болса, ол өзінің өніп-өсу қабілетін толық сақтайды.Арамсояу карантинді арамшөптер қатарына жатады. Қазақстанда оның екі түрі басым кездеседі. Бірі, осы сипаттама беріп отырған егістік арамсояу, ал екіншісі-құлмақ түсті арамсояу.

Бұл арамшөп негізінен Қазақстанның оңтүстік–шығыс аймағында кең таралған. Ол әсіресе қант қызылшасы, темекі, картоп, жоңышқа, беде және басқа дақылдардың егістіктерін ластайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет