3.Күздік арамшөптер және өкілдеріне сипаттама.
Қарабидай арпабасы (Костер ржаной,Bromus secalіnus). Астық тұқымдасына жататын біржылдық арамшөп. Сабағының биіктігі 50-120 смшамасында. Бұл өсімдік тұқымымен көбейді, оның ұзындығы 7-8 мм, ал көлденеңі 1,7мм.Бір түп қарабидай арпасы 800 ден 5000-ға жуық дейін дән береді. Ол топырақта өзінің өнгіштік қабілетін 7-8 жылға дейін жоғалтпайды. Бұл арамшөптің тұқымы күзде пісіп –жетілгеннен кейін топырақтың беткі қабатынан (1-5см тереңдіктен) 100 пайыз көктеп шығады.Негізінен күздік дақылдарды, оның ішінде күздік бидай мен қарабидай егістігін ластайды.
4.Қыстап шығатын арамшөптердің негізгі өкілдері егістік қанатжеміс, жұмыршақ және басқалары.
Достарыңызбен бөлісу: |