Дәріс.№19-20. Тақырыбы: Паразитті және паразитті емес арамшөптердің өкілдері және оларға қысқаша сипаттама


Паразитті емес жасыл арамшөптер және осы топтың өкілдеріне сипаттама



бет3/8
Дата19.12.2021
өлшемі22,25 Kb.
#103275
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс.19-20

2.Паразитті емес жасыл арамшөптер және осы топтың өкілдеріне сипаттама.

Паразитті емес арамшөптер өздерінің тіршілік ұзақтығы бойынша азжылдық және көпжылдық болып екі топқа бөлінеді.

Азжылдық арамшөптер деп тұқымы арқылы көбейетін, өмір сүру ұзақтығы 1-2 жылдан аспайтын өсімдіктерді айтады.Олардың ішіндегі көп тарағандары жаздық, қыстап шығатын, күздік және екі жылдық арамшөптер.

Жаздық арамшөптердеп көктемде шығып күзде ұрық беріп өзінің вегетациясын аяқтайтын өсімдіктерді айтамыз. Олар көктеп шығу мерзіміне байланысты ерте және кеш пісетін жаздық арамшөптер болып екі топқа бөлінеді.

Ерте пісетін жаздық арамшөптерге тұқымдары топырақ шамалы қызғанда, яғни ерте көктейтін, сондықтан ерте пісіп жетлетін өсімдіктерді жатқызады. Олардың негізгі өкілдеріне алабота, қарасұлы, егістік қыша және басқалары жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет