Алабота (Марь белая, Chenopodіum album). Ол өзі аттас тұқымдастарына жататын ерте пісетін жаздық арамшөп. Алаботаның жапырақтары мен сабағы ұн тәріздес жұқа ақ қабатпен жабылған. Гүлдері өңсіз. Алаботаның тұқымының сыртында қатты қауашығы бар, сондықтан оларды алдын ала буландырмаса малдардың асқазанында қортылмай, қиымен бірге түседі. Көңді органикалық тыңайтқыш ретінде қолданғанда танаптарды ластайды.
Топырақта алаботаның тұқымы өзінің өнгіштік қабілетін 10 және одан да көп жыл бойы сақталады. Алабота негізінен дәнді дақылдар (күріштен басқа), бұршақ тұқымдастар, жүгері, мақта, зығыр, қант, қызылшасы, картоп егістерін латайды.
Егістік қыша (Горчица полевая, Sіnapіs arvensіs).Айқышгүлділер тұқымдасына жатады. Сабағы тармақтанған, түкті, биіктігі 100см-ге дейін жетеді. Тұқымы бұршаққында өсіп-жетіліп, жерге шашылып төгіледі. Бір өсімдік 4000-ға дейін тұқым береді. Олар топырақты және дақылдардың дәндерін ластайды. Топырақта өзінің өнгіштік қабілетін он жылға дейін сақтай алады. Ең қолайлы көктеп шығатын тереңдігі 5 см-ге дейін. Көктемде егістік қышаның тұқымы алғашқы кезде баяу өседі, ал кейін оның өсіп шығу қабілеті күшейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |