Нейтрон соқтығысқан ядро соғұрлым жеңіл болса, соғұрлым жылдамдық кемуі үлкен болады. Нейтрон қозғалысының жылдамдығының немесе оның кинетикалық энергиясының кемуі (баяулау) ядролық реактор физикасында маңызды роль атқарады.
Серпімсіз шашырау- нейтронмен соқтығысқаннан кейін құрамды ядро пайда болатын процесс, бірақ одан тура сол сәтте нейтрон мен гамма-квант бөлінеді. Бұл жағдайда нейтрондардың кинетикалық энергиясы гамма-квант энергиясы мен ядроның алатын энергиясының шамаларына кемиді. Сөйтіп нейтрон баяулайды.
Дәріс 25,26
Тақырып:Жылулық нейтрондар. Аз энергиялар облысындағы нейтрондарды радиациялық қармау қимасы. Жылулық нейтрондар облысындағы нейтронның жабысу коэффициенті.