Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


В.С.Соловьевтiң “бәрiнiң бiрлiктегi



бет109/175
Дата24.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#187769
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   175
Байланысты:
lektsii po filosofii
ef-unit-11, иүгінеки мен баласағұн 6, 9. 2В «Металдар мен ймалар» б лімі бойынша жиынты ба алау 1-н, 21- сабақ. Кан топтары
В.С.Соловьевтiң “бәрiнiң бiрлiктегi² философиясы
Владимир Сергеевич Соловьев (1853-1900 ж.ж.) - аса дарынды орыс дiни философы. Адамның әлеуметтiк-мәдени және дiни қажеттiктерiн өтей алатын философиялық жүйе жасауға тырысты. Христиандық дiндегi бағыттардың (католицизм, протестантизм, православие) басын бiрiктiрiп дiни көзқарасты ең жаңа ғылымдағы ашылған деректермен толықтыру қажеттiгiн айтты.
В.С.Соловьевтiң философиясының негiзгi идеясы - дұниедегi бәрiнiң бiрлiгi. Ол оны славянофилдер сияқты халықтың бiрлiгiне теңемейдi, оған ғарыштық, яғни онтологиялық мән-мағна бередi. Оның ойынша, болмыс, өмiр сүргеннiң бәрi - бiрегей, бiр-бiрiн қамтып жатыр. Болмыстың төменгi деңгейi жоғарыға өтуге, жоғарыдағы төмендi бойына қамтуға тырысады. Дұниенiң бiрлiгiнiң негiзiнде Құдай жатыр. Ол - Жаратқан мен жаратылғанның бiрлiгi. Бiрақ, В.С. Соловьев Құдайды адамға ұқсатып қарауға болмайды,- деген пiкiр айтады. Оның ойынша, Ол - “ғарыштық зерде², “тұлғадан жоғары², “дүниеде iс-әрекет жасайтын ерекше ұйымдастырушы кұш² т.с.с.
Бiздi қоршаған жағалай ортаны кемелiне келiп, еш мiнсiз жаратылған дұние деп айтуға болмайды. Оның негiзгi себебi - Құдай - Абсолюттiң өзiнiң iштей қайшылығы. Дұниедегi бәрiнi қамту ұшiн көптiк қажет. Сондықтан, алғашқы “ғарыштық зерде² сан-алуан мән-мағнаға бөлiнiп, Аристотельдiң терминiмен айтсақ, әр-тұрлi заттардың энтелехиясын, яғни iшкi мақсатқа лайықтылық дамуын қамтамасыз етедi. Ал дүниедегiнiң бәрiн бiрiктiрiп рухани кұш-қуат беретiн “дүниежүзiлiк жан-дүние², яғни София, ал оның өзi Құдайдың эманациясының туындысы. Сонымен, Құдай, Дұние және Адамзат Софияның дәнекерлiгi арқылы бiрлiкке негiзделген қарым-қатынаста.
В.С.Соловьевтiң дұниетаным тұжырымдары
Өзiнiң дүниетанымдық көзқарастарында В.С.Соловьев “бiртұтастық бiлiм² алу жолын құптады. Ол үшiн сезiмдiк тәжiрибе мен рационалдық ойлауды сенiммен ұштастыру қажет. Басқаша сөзбен айтқанда, ақиқаттың үш түрi бар: материалдық, формальдық, абсолюттiк. Олар ғылым, философия, дiннiң шеңберiнде қалыптасады. Ақиқаттың ең жоғарғы түрi, абсолюттiк бiлiмдi тек қана дiн, теология бере алады. Оны ол мистицизм дейдi.
Эмпиризм, яғни тәжiрибелiк жолмен ашылатын бiлiм, материалдық дүниенi танып бiлуге бағышталған. Рационализм өзiнiң формальдық табиғатының арқасында барлық бiлiмдi бiрiктiретiн дәнекерлiк күшке айналады.
В.С.Соловьев таным процесiнде тәжiрибеге көп көңiл бөледi. Ал оның өзi екiге - iшкi және сыртқы тәжiрибеге бөлiнедi.
Сыртқы тәжiрибеге келер болсақ, ол жағалай қоршаған ортадағы заттардың бiздiң тұйсiктерiмiзге тигiзетiн ықпалынан пайда болады.
Iшкi тәжiрибенi В.С.Соловьев екiге бөледi: олар психикалық және мистикалық. Психикалық тәжiрибе деп бiз өз табиғатымыздың бой көрсетуiнен шығатын құбылыстарды жатқызамыз.
Мистикалық тәжiрибе деп бiздiң жан-дүниемiздiң әр жағында жатқан, өзiнiң бiзге тигiзетiн ықпалымен бiздi жоғарыға көтеретiн, iшкi рухани ерiктiктi тудыратын құбылысты айтамыз.
Оларды бiр-бiрiмен салыстыра келе, В.С.Соловьев бiрiншi орынға мистикалық, екiншiге - психикалық, соңына - физикалық тәжiрибенi қояды.
Әрине, логикалық дұниетанымның өз орны бар, бiрақ, ол танылатын құбылыстың идеясына жете алмайды. Ол ұшiн интеллектуалдық интуиция (ой аңлауы) қажет. Дегенмен, логикалық таным мен интуиция бiздi болмыстың ең терең құпия сырларына жеткiзе алмайды. Ол үшiн - шектелгеннiң әр жағына, трансцендентiкке өту - ерекше таным қабiлетiн қажет қылады. Оны ол шабыт, эрос, экстаз деген ұғымдармен бередi. Сонымен, өзiнiң танымдық көзқарастарында В.С.Соловьев ғылым, философия, дiннiң бiрлiгiнiң қажеттiгiн көрсеткiсi келдi.
Адам, қоғам, тарих мәселелерi
В.С.Соловьев адамзат өмiрiнiң мән-мағнасын жер бетiнде “Құдайдың патшалығын² орнатуға бағытталған iс-әрекеттен көредi. Ал ендi жеке адамға келер болсақ, ол екi жақты пәнде. Бiр жағынан, ол дене ретiнде жағалай қоршаған дүниемен, екiншi жағынан, рух ретiнде Құдаймен байланысты. Соңғы адамды табиғаттағы ерекше пенде ретiнде көрсетедi - ол мәңгi, өлместiкке ие болған. Адам Құдай мен материалдық дүниенi бiр-бiрiмен байланыстыратын, ғарышты тәртiпке келтiрiп, ұйымдастыратын пәнде.
Адам өзiн тұлға ретiнде тек қана қоғам шеңберiнде iске асыра алады. “қоғам - толықтырылған, кеңейтiлген тұлға болса, онда тұлға - нұктеленген, қысылған қоғам². Қоғамға бағынып адам жоғарыға өрлейдi, ал оның өзiндiк ерiктi iс-әрекетi қоғамды әрi қарай дамытады.
В.С.Соловьев қоғамның тарихи дамуын үш сатыға бөледi. Олар: рулық, ұлттық, рухани-ғарыштық. Соңғыға әлi жету қажет. Ол үшiн тек жан-ұяны ғана емес, сонымен қатар экономика мен саясатты да моральдық тұрғыдан қайта өзгерту қажет.
Адамның табиғатпен қарым-қатынасына келер болсақ, ол да үш сатыдан өтедi: бiрiншi сатысында адам табиғаттың күштерiне тәуелдi, олардан зардап шегедi, екiншi сатыда - неше-түрлi iс-әрекет жасап олармен күреседi, ақырында табиғатты игерiп, өз еркiне көндiредi. Үшiншi, болашақ тарихта, адамзат табиғаттың идеалдық жағдайына өтуiне көмектесуi қажет.
Адамзат тарихына көз жiберiп В.С.Соловьев халықтардың әр-тұрлi сатыда екенiн, адамдардың бiр-бiрiнен алшақтанып, жаттанғанын, шынайы өмiрдегi материалдықтың басымдылығын байқайды. Олай болса, негiзгi мақсат - адамзаттың басын рухани жағынан бiрiктiру қажет.
Адамның рухани жетiлуi тек қана дiнмен емес, сонымен қатар, адамгершiлiк, өнегелiкпен байланысты. Этиканың негiзгi ұғымы ретiнде ойшыл “iзгiлiк², “жақсылықты² келтiредi. Осымен қатар, ол моральдық “ұят², “аяу², “пiр тұту² сезiмдерiне көп көңiл бөледi. Бұл кiсiнiң мынандай ғажап сөздерiн келтiрейiк : “Мен ұяламын, олай болса, тек қана табиғи емес, сонымен қатар рухани өмiр сүремiн, өйткенi, мен өзiмнiң жануарлығымнан ұяламын, олай болса, мен адаммын². Аяу дегенiмiз басқа адамға деген адами қатынас, оның өзiндiк құндылығын мойындау, осы сезiм әдiлеттiлiктi тудырады (өзiңе тiлемейтiндi басқаға да жасама). Соңғы пiр тұту адамның әке-шешесi алдындағы сезiмiн көрсетедi. В.С. Соловьевтiң адам мәселесiндегi негiзгi идеясы - ешқашанда адамға құрал ретiнде қарамау, оны әрқашанда мақсат ретiнде тұту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет