Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Қазақ мифологиясы. Алғашқы философиялық түсiнiктер



бет115/175
Дата24.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#187769
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   175
Байланысты:
lektsii po filosofii

Қазақ мифологиясы. Алғашқы философиялық түсiнiктер
Басқа халықтардың философиясы сияқты Отандық философия да өз қайнар көзiн көне аңыздар мен дастандар, ертегiлерден бастайды. Егер аңыздармен бай халықтарға үндi мен гректердi жатқызса, қазақ елi де олардан кем түспейтiн болар, өйткенi өне бойы көшiп-қонып жүрген халықтың бiр ғана байлығы болды - ол оның тiлi, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбi жаңа ғана жарық көрiп, философиялық тұрғыдан талдануда.
Көне түрiктердiң түсiнiгi бойынша, бұл Дүние жоқтан пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дұние негiзiнен жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше-түрлi қайшылыққа толы : жер мен күн, өмiр мен өлiм, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с.
Аспанға көз жiберген ежелгi түрiк бабаларымыз оны Тәңiр, Жаратқан әлемiне жатқызған. Адамдар мен басқа тiршiлiк өмiр сүрiп жатқан дүние - ол Жер мен Су әлемi, ал өлгендердiң паналайтын орны - ол Жер асты әлемi. Бiлге қаған мен Күлтегiннiң құрметiне тасқа ойылып жазылған ескерткiште Дние былайша суреттеледi: “Биiкте көк Тәңiрi, төменде қара жер жаралғанда, екеуiнiң арасынан адам баласы жаратылған...»
Тәңiрге, Жер-Суға табынудың пайда болуы адамда әуелде қалыптасқан жағалай ортаға деген бiр жағынан тәуелдiлiк, табиғаттың стихиялық күштерiнен үрейлену, екiншi жағынан ризашылық сезiмдермен байланысты болса керек. Өйткенi, олардың түсiнiгiнше, бұл құдайлар қарапайым адамдарға қамқорлықпен қараған, ауыр кезеңдерде оларға балық пен жануарларды, жабайы өсiмдiктердiң жемiстерiн сыйлаған.
Сонымен қатар, көне түрiктердiң нанымында ерекше орынға ие болған әйел құдай - Ұмай болды . Ол үйдiң, шаңырақтың, ошақтың қамқоршысы, балалардың сүйеушiсi, содан кейiн өнердiң қолдаушысы болған. Ұмайға монғолдардың Этуген құдайы сәйкес келедi. Кейбiр ғалымдар Ұмайды ежелгi үндi құдайы Ұмамен салыстырады, ол да Ұмай сияқты мiндеттердi атқарған. Ұмай деген сөздiң өзi “бала орны», “ана iшi» сияқты ұғымдарға сай келедi. Тұқым тарату құдайы болып табылатын ұмай балалардың туылуында, олардың тағдырында аса маңызды рөл атқарады. Тувадағы Ұйық өзенiнiң бойынан табылған түрiк ескерткiшiнде былай деп жазылған: “20 жасымда мен елiммен, туыстарыммен, қаруыммен, ерлiк даңқыммен қоштастым. О, Ұмай ана! О, менiң сүрген өмiрiм! Мен сендердi тастап кетiп барамын, туыстарым.» Жас жiгiт майдан даласында өлiп бара жатып, өзiнiң соңғы осы өмiрдегi сәтiнде Ұмай анаға, шаңырақ қорғаушысына өзi өсiре алмаған кiшкене балалар алдындағы кiнәсiн, туысқандарының артқан үмiтiн ақтай алмағанын айтады. Мұның өзi туыстық байланыстардың, отбасының, ру мен тайпаның қадiр-қасиетiнiң зор маңыздылығын көрсетедi.
Аңшылар мен малшылар әлемiн әр қилы аңдар, жан-жануар, хайуанаттар жайлап, әр-тұрлi заттар мен өсiмдiктерге, жануарлар құдiретiне Тәңiрдей сыйыну елеулi орын алған. Түрiктер өзiнiң тотемi ретiнде әсiресе қасқырды ең жоғары орынға қойған. Бугуттағы жазу түрiктердiң шығу тегi жайлы аңыздан бастап, түрiк мемлекетiнiң 30 жылын сипаттауға мүмкiншiлiк бередi: үстiнде тұрған басты бөлiгi - қаған белгiсi - қасқырдың бейнесi арқылы берiлген. Бұл аңның тотемдiк сипаты өз көрiнiсiн тұрiк қағандарының патшалық рәмiздерiнен тапты - олардың туларында қасқырдың алтындаған басы бейнеленген. Ал олардың жеке қорғаушыларын “бөрiлер» деп атаған.
Бұл жануардың көне түрiктердiң негiзгi тотемiне айналу себебi - сол көшпендiлiк өмiр салтына байланысты болса керек, өйткенi, қасқыр жыртқыш аң ретiнде малшылардың баққан табынынан онша алыстамаған, үйiрдегi әлсiреген, ауру жануарларды қырып отырған, ал малшылардан аса сақтықты, қырағылықты талап еткен. Кiм бiледi, бiздiң арғы бабаларымыздың “сақ» деген өз атының өзi осындай себептермен байланысты болуы мүмкiн. Өзiнiң күнбе-күнгi өмiрiнде жиi кездесетiн аң болғаннан кейiн малшылар оның мiнез-құлқын терең зерттеп оның батылдығы мен қатар сақтығына, шыдамдылығына, айла-амалына, үйiрлiк өмiрiне т.с.с. қасиеттерiне қарап қайран қалып, соларды өз бойынан табуға тырысқан. Өзiнiң “қасқыр мiнездiлiгiнiң» арқасында қазақ халқы трагедияларға толы тарихында “мың өлiп, мың тiрiлсе» де көп көшпендiлер сияқты жойылып кетпей, мiне, бүгiнгi таңда өзiнiң дербестiгiне қолы жетiп, жаңа өмiрге ұмтылу үстiнде. Бүгiнгi таңдағы бiздiң қасқыр бейнесiн ысырып тастап “Орта Азиялық барысқа» елiктеуiмiз жоғарыда айтылған тұрғыдан қарағанда бiздiң жаңа өмiрге деген ұмтылысымыздың символы болса керек. Бiрақ барыс басы бiрiкпейтiн, қысқа қашықтыққа секiргенмен, алысқа шаба алмайтын жануар екенiн ұмытпағанымыз да жөн болар.
Ежелгi түрiктер жер не су, тау не орман болсын, табиғаттың әрбiр бөлшегiнде киелi күштер бар деп есептедi. Қазақтардың бұгiнгi күнге дейiн ағашқа, басқа да нәрсеге жыртыс байлауы, “киелi қасиеттi жер» деп санауы ислам дiнiнiң ғұрпына жатпайды, бұл сонау көне заманнан берi келе жатқан архаизмдер.
Ежелгi түрiктер үшiн қайырымды рухтар - ата-баба рухтары (аруақтар) болды. Оларға сыйынып, ақ мүйiздi, аша тұяқ сиырды, ақсарыбас қошқарды, ақ қойды және табынындағы алғашқы төл басын құрбандыққа шалды. Егер адам өлсе, оның аруағына арнап арнайы қырық күн от жағылды. Өлiктi жерлегенде онымен бiрге үй заттарын, тағамды бiрге жерледi т.с.с.
Қазақ халқының ұғымында аруаққа сену өте жоғары, қысылған кездерiнде әр уақыт аруақты шақырып, құрбандық шалып, сәтi түскен iс болса аруақтың көмегi деп бiлдi. Өлген ата-бабаларын түсiнде көрсе “аруақ қолдайды» деп жориды. Аруақтың басына барып түнейдi, оларға арнап мал шашып тiлек тiлейдi. Мысалы, “Шора батыр» поэмасында шешесi Шораның әкесiне: “түйеден - нар, жылқыдан - айғыр, сиырдан - бұқа, қойдан-қошқар алып бала тiлеуге барайық»,- дейдi. Қобланды және Алпамыс жырларында да олардың ата-аналары бала тiлеп “әулие қоймай қыдырып, етегiн шеңгел сыдырып» жүрген кезде Баба-түктi Шашты-Әзиз олардың тiлегiн орындайды.
Көне бабалар “киелi» және оған қарсы “кесiр» деген ұғымдарға өте жоғары маңыз берген. өздерiнiң жартылай көшпелi тұрмысындағы пайда келтiретiн әр-түрлi заттарға ерекше күш таңады.
Адамдар әдет-ғұрыптарды сақтап отырса, олардың басына байлық, бақыт орнап “құт» қонады. Ал, әдет-ғұрыптар сақталмаса, онда кедейлiкке ұшырап, қырсыққа шалдығады, яғни кесiрге айналады. Сонымен бiрге, “Қызыр» немесе “Қыдыр» деген қасиет үлкен орын алады. “Қыдыр дариды, бақ қонады, ақыл барлығына басшылық етедi»,- деген нақыл сөздердi осы уақытқа шейiн естуге болады. Ендi көне бабаларымыздың алғашқы философиялық тебiренiстерiне тоқталуға уақыт келген сияқты.
Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойлардың құрамдас бөлiгi ретiнде, осыдан 2,5 мың жыл шамасында бұрын өмiр сүрiп, көне грек ой-өрiсiнде өзiнiң өшпес iзiн қалдырған Анахарсистi (Анарыс) айтуға болады. Тарих атасы Геродот Анарысты қара теңiздiң солтүстiк жағалауын жайлаған тайпалардан шыққаны жөнiнде айтады. Оның айтуына қарағанда, ол өнер-бiлiмге құмар, өз Отанының әдет-ғұрпын жетiк бiлген, дұниенiң сырын бiлмекке ұмтылған атақты адам болса керек. Бiздiң жыл санауымыздың бiрiншi ғасырында өмiр сүрiп, ел басқарған атақты Майқы-би бабамыз Анарыстың өсиеттерi деп ел билеудiң жолдарын айтып отырады екен деген аңыз халық жадында сақталған.
Диоген Лаэртий деген көне грек заманындағы атақты философия тарихшысы Анахарсистiң Афинадағы Солон патшаға алғашқы келiп танысып дос болғаны жөнiнде мынандай аңызды келтiредi. “Қиырдағы скиф қаласынан iлiм iздеп, ақыл-зердемдi сынатып қайту үшiн Солонға келiп тұрмын. Көңiлi қаласа - достыққа жараймын, пейiлi түссе - қонағы боламын,- деп Солонның қызметшiсiнен сәлем айтады. Сонда Солон: “Есi бар ер досты өз елiнен iздейдi»,- дептi. Анахарсис мүдiрместен: “Солон дәл қазiр өз Отанында. Ендеше, өз елiнiң төрiнде отырып нелiктен досына дос қоспасқа ,- деп жауап қайтарыпты. ұтымды айтылған сөздiң ойлы астарына риза болған Солон Анахарсистi құшақ жая қарсы алып, олар бiр-бiрiне дос болып кетiптi.
Грек философиясында Анахарсистi өздерiнiң дана жетi бабаларының бiреуi деп санайды. Олар артында үлкен кiтаптар қалдырмағанмен, өздерiнiң нақыл сөздерi арқылы даналыққа ие болды. Анахарсис “жұзiм шыбығы бiр шоқ ләззәт, содан кейiн мастық, соңында жеркенiштiк әкеледiұ,- деген екен. Бұл ғажап нақыл сөздiң iшкi сыры - әр нәрсенiң өлшемiн бiлiп сақтауда болса керек. Оған арнап гректердiң қойған ескерткiшiнде мынандай оның сөзi жазылған: “Тiлiң мен құлқыныңды, нәпсiңдi ауыздықтай бiл!ұ Бiрде Анахарсис “Адамның бойындағы ең жақсы және ең жаман нәрсе не ,- деген сұраққа - “Тiлұ,- деп жауап берiптi. Кезектi бiр пiкiрталас ұстiнде, iстiң барысын тыңдап отырып Анахарсис былай дептi: “Элладалықтар қызық осы: мұнда сөздi ақылдылар айтады да, мәселенi ақымақтар шешедiұ(мұның бұгiнгi бiзге де қатысы жоқ па екен?). “Элладада жарысқа өнерпаздар қатысады да, өнерсiз адамдар қазылар алқасында жұредiұ,- деген сөздi де Анахарсис айтқан екен. Оның ойынша, “адам мен адамның айырмашылығы - тiлi мен атақ-даңқында емес, - ақылында». «Қызғаныш пен қорқақтық - ең қасиетсiз сезiмдер». Грек елiнiң бiр азаматы, “сен жат елдiң тұқымысың»,- деп кемсiткенде, ол “Мен үшiн - елiм қайғы, ал сен - елiңе қайғысың»,- деген екен.
Анахарсис сол кезден бастап қалыптаса бастаған батыс менталитетiн, нарықтық қатынастарды сынға алады: “Саудагерлер халықты ашықтан-ашық алдап жатқанда қалайша өтiрiкке тиым салуға болады.
Әсiресе бiздi таңғалдыратын мәселе - Анахарсис ХХ ғ пайда болған экзистенциализм философиясында қойылған кейбiр мәселелердi сол кезде-ақ сезiнiп, тебiренген. “Кiмдер көп: өлiлер ме, әлде - тiрiлер ме ,- деген сұраққа, ол: “Теңiзде жүзiп келе жатқандарды кiмге жатқызуға болады?,- деген қарсы сұрақты қойыпты. Ол сұрақтың шын мәнi - адам өмiрiнiң нәзiктiгi, оның өне бойы өмiр мен өлiм арасында болуы,- ал мұның өзi экзистенциалдық философияның негiзгi мәселесiне жатады. Бiреулерден кеменiң тақтайының қалыңдығы төрт саусақтай екенiн бiлген Анахарсис: “кемешiлер өлiмнен төрт саусақтай қашықтықта жұзiп келе жатыр»,- деген екен. Мұндай ғажап ойлар мен адам кұтпейтiн салыстырмалар, әрине, Анахарсистiң өз заманының ғұламасы болғанын көрсетедi.
Анахарсис грек елiнен тәлiм-тәрбие алып өз елiне қайта оралып, сондағы игерген бiлiмiн өз елiне қолдануға тырысады. Бiрақ, оның реформаторлық идеялары қалың бұқараның қолдауын таппай, ақырында оны көре алмаған бiреудiң қанды жебесiнен қазаға ұшырайды. Соңғы демi үзiлерде ол: “Эллада жерiнде менi ақылым қорғап едi, өз елiмде қызғаныштың құрбаны болдымұ,- деген екен.
Философиялық ой-пiкiр бүкiл дүниежүзiлiк деңгейде б.з.д. VII-V ғғ пайда бола бастаған кезде, бiздiң бабаларымыз да аса кемеңгер дана тұлғаны - Анарысты тудырды. Олай болса, бiз сол заманнан берi бүкiл дүниежүзiлiк рухани көштен қалмай тарихи халықтардың арасында өз орнымызды алдық. Оны бiз әрқашанда мақтан етуiмiз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет