Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Классикалық кезең. Философияда ұлы жүйелерді жасаушылар



бет27/175
Дата24.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#187769
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   175
Байланысты:
lektsii po filosofii

Классикалық кезең. Философияда ұлы жүйелерді жасаушылар.
Платон мен Аристотель.
Б.з.д. қV ғ. Антикалық қоғамда бүкіл мәдениет, соның ішінде философия да өзінің ең биік сатысына көтеріледі.
Қоғамды әлеуметтік-экономикалық, саяси жағынан алып қарағанда бұл уақыт қала-полистердің мүмкіншіліктері таусылып, дағдарысқа ұшыраған кезі болғанымен, рухани өмір, керісінше, үлкен шабытта болып, ең ұлы туындылар пайда болды. Мұның өзі рухани және материалдық өмір дамуының бір-бірінен тәуелсіз екендігін дәлелдегендей, әрине, салыстырмалы түрде ғана.
Ал философияның өзінің ішкі даму заңдылықтарына келер болсақ, натурфилософиялық кезең және софистика ұлы жүйелерді жасауға жақсы мүмкіншіліктерді тудырды. Сол антикалық философияда үлкен төңкеріс жасаған ұлы ойшылдар – Платон мен Аристотель болды.
Платон (б.з.д. 427-347ж.( өзінің осы атын кең иықтылығының арқасында Сократтан алыпты-мыс деген аңыз бар. Оның шын аты Аристокл (platos – грек сөзі, -кең). Платонның әкесі атақты рудан шыққан, ол жас кезінде жақсы білім алады, өлең шығарумен әуестенеді. 20 жасында Сократпен танысып өзінің өмірінде үлкен бетбұрыс жасайды – ол өзінің өмірін толығынан философияға арнайды.
Платонның еңбектерінің ерекшелігі – ол оның бәрін сұхбат (диалог) ретінде жазады. Ол әдісті, шамасы, Платон 8 жыл бойы Сократпен бірге болған кезде игерген. Екінші ерекшелігі – сұхбаттың негізгі кейіпкері – Сократ. Сонымен, Платон өзінің ойларын осы Сократ кейіпі арқылы жеткізеді.
Платонның негізгі еңбектері “Сократты жақтау², “Критон², “Мемлекет², “Федон², “Парменид², “Софист², “Заңдар² т.с.с.
Платонның көзқарасының қалыптасуына зор әсер еткен Гераклит. Ол оның негізгі тұжырымын “Бәрі де ағым², “бітпейтін өзгеріс² толық қабылдайды, бірақ тек ол біз өмір сүріп жатқан Дүниеге тән.
Екнішіден, оған Элея мектебінің негізгі қағидалары да зор әсерін тигізді. Ол - қозғалмайтын, мәңгі, бір Болмыс идеясы.
үшіншіден, Сократтың моральдық философиясы, оның негізгі ұғымдары-құндылықтары – Ақиқат, қзгілік, Әсемдік.
Төртіншіден, Пифагордың сандық философиясынан шығатын өлшемдік ұғымы.
Платонның философия саласында жасаған төңкерісі – оның “Эйдос² (идея) әлемін ашқаны. Платонды сезімдік таным қанағаттандырмайды, өйткені Дүние - ағым, заттар өне бойы өзгерісте, тұрақсыз. Ал біз өзіміздің білімімізде тұрақтылыққа, жалпыға ортақ, өзгермейтін ұғымдар жасауға, яғни Дүниені түсінуге тырысамыз. Ал ондай білімді біз бұл сезімдік әлемнен таба алмаймыз. Олай болса, оның қайнар көзі “Шынайы болмыста²- Эйдос әлемінде, “қол астындағы болмыстан² біз оны таба алмаймыз.
Біз Платонның бұл жаңалығының негіздемелерін оның әртүрлі диалогтарындағы Әсемдік, қзгілік, Әділеттілік, Батылдылық т.с.с. ұғымдарды Сократтың атынан талдағанда көреміз.
“үлкен Гиппий² деген диалогында Сократ мынандай сұрақ қояды: “Расында да, ізгіліктен барлық ізгі істер, әділіттіліктен барлық әділеттік, әсемдіктен барлық әсем заттар тумай ма?
- Әрине, - деп жауап береді Гиппий. - әсемдік ол әсем қыз, мысалы.
Оған Сократ: “Неге әсем бие, ия әсем құмыра емес? ² – деген сұрақ қояды. Әрбір зат бір жағына әсем, екінші жағынан, басқа заттармен салыстысақ, - түрсіз болуы мүмкін. Ал бізге барлық заттарға ортақ жалпы әсемдік керек қой.
Гиппий оны алтыннан, басқа заттардан, неше түрлі моральдық құндылықтардан іздейді, бірақ таба алмайды.
Платонның көзқарасы бойынша, заттардың әсемдігі - әсемдік идеясында жатыр. Оның қайнар көзі – “Эйдос әлемінде². Сонымен, сезімдік әлемнен басқа тұрақты, мәңгілік қозғалмайтын, кемеліне келген басқа әлем – идеялар әлемі бар екен. Егер бұл әлемдегі заттар сезім арқылы танылса, онда ақыл-оймен танылатын ұғымдарға идея әлемі сәйкес келуі керек. Олай болса, идеялар – ой емес, ойдың зерттейтін пәні, ол – шынайы болмыс. Идея заттардың терең мәнін құрайды, оның бітімін қалыптастырады, сол себептен оны Дүниеге әкеледі, оның “парадигмасын² құрайды (paradeіgma – грек сөзі, -үлгі).
Өзінің идеялар әлемі түсінікті болуы үшін Платон “Үңгір жөніндегі аңызды² пайдаланады. Соңында бұл аңыз метафизика, гносеология және диалектиканың символына айналды.
Көзімізге үңгірде, я болмаса зынданда, аяқ-қолы байланған адамдарды елестетейік. үңгірдің аузы күншығысқа қараған, сондықтан оның сәулелері сондағы адамдар қарап отырған жаққа түсіп тұр. Жер бетінде керуен кетіп бара жатыр, адамдар әртүрлі заттарды көтеріп бір-бірімен сөйлесіп келеді.
Үңгірде қамалған адамдарға солардың қозғалып бара жатқан көлеңкелері көрінеді, түсініксіз күнгірт дыбыстар естіледі. Олар бірақ жер бетінде шын өмір барын білмейді, сол көлеңкенің өзін шын өмір екен ғой деп есептейді. Бірақ, сол қамалған адамдардың біреуі ойланып-толғанып, ақырында өзінің көлеңке әлемінде тұрып жатқанын түсінуі мүмкін. Ал екіншісі аяқ-қолын қалайда шешіп, үңгірдің сыртына шығып, күн көзінің сәулесіне көздері үйренгеннен кейін шынайы өмірдегі адамдарды, заттарды, соңында жарқырап тұрған күннің өзін көреді.
Үңгір аңызынан қандай философиялық тұжырымдар жасауға болады?
Біріншіден, болмыстың әртүрлі деңгейлігі жөнінде – сезімдік болмыс пен құдіретті болмыстың бар екендігі; үңгірдің ішіндегі көлеңкелер – сезімдік әлем, ал жер бетіндегі адамдар мен заттар – нағыз болмысты құдіретті әлемді көрсетеді, ал күн – ол ізгілікті көрсететін идея.
Екіншіден, танымның деңгейлерін байқауға болады – ол сезімдік таным, ақыл-оймен тану, интуитивтік жолмен соңғы себептерге жету (іntuіtіo – латын сөзі, -ақиқатты еш дәлелдемесіз-ақ оймен көру).
Үшіншіден, бұл аңыздың моральдық, аксиологиялық жағын да байқауға болады. Өмірде тек қана сезім толқынының шеңберінде болу – ол үңгірдегі өмір. Рухани өмір сатысына көтерілу – ол нағыз болмыс әлеміне көтерілумен тең. Ал күннің өзін көріп тамашалау – ол құдіретті күшті көрумен тең.
Ал идеялар әлемі бар болса, ол қай жерде екен деген сұрақ заңды түрде пайда болады. Оның орнын Платон “Гиперуранияда – ол аспаннан да жоғары орналасқан², - дейді. Олай болса, ол материалдық әлемнен басқа, оны тек ақыл-оймен ғана түсінуге болады.
Платон идеялар әлемін белгілі бір жүйе ретінде қарайды. Олай болса, оның төменгі және жоғары дәрежеде орналасқан құрамдас бөліктері бар. Жүйенің ең шыңында ізгілік идеясы орналасқан. Ол Бірліктің көрінісі. Оған қарсы тұрған екінші бастау – ол Диада – шексіз көптіктің бастауы, - үлкен мен кішкентайдың, шексіз үлкен мен шексіз азды қамтиды.
Осы екі бастаудың қосылысы идея әлемін құрайды. әрбір идея – бір жағынан шексіз, екінші жағынан шектелген.
Бірақ, әңгіменің ең қиындығы – идея әлемі материалдық Дүниені қалай тудырады? Материалдық емес нәрсе - материалдық сезімдік өзгеріп жатқан әлемді қалайша дүниеге әкеледі?
Платонның ойынша, материя – мәңгілік өзімен-өзі өмір сүріп жатқан енжар нәрсе. Оны хаостық жағдайдан (chaos – түнғиық, белгісіз, бітімсіз, еш тәртіпсіз деген мағна береді) космосқа, тәртіпке келтірілген Дүниеге әкелген Демиург. Ол идеалды әлемді үлгі ретінде алып, материяға бітім беріп, бұл Дүниені тудырды.
Идея әлемі – парадигма – ол мәңгі, алғашқы, Демиург та Құдай ретінде мәңгі, бірақ сезімдік әлем, түп-нұсқа емес, жасалған, көшірмелі болғаннан кейін - өтпелі, жалған, көлеңке.
Әрине, бүгінгі таңдағы білім тұрғысынан біз Платонның идея әлемін қатты сынға ала аламыз. Әрбір Дүниедегі жеке заттың тек өзіне ғана тән жақтары мен бірге басқа заттарға оны жақындататын жалпы жақтары бар. Адам таным процессінде заттардың жалпы қасиеттерін зерттеп, оны белгілейтін ұғымдарды туғызады. Оны адам тіл арқылы береді. Олай болса, әрбір сөз Дүниені жалпылайды, әсіресе, ғылыми ұғымдар. Мысалы, адам ұғымы жер-бетінде өмір сүріп жатқан 6,3 млрд адамзатын қамтиды. Нақтылы жеке адам Дүниеге келіп, кетуі мүмкін, ал адам ұғымы қала береді. Бірақ, осы нақтылы тірі өмір сүріп жатқан адамдар болмаса, онда адам ұғымы да болмас еді.
Мәселе Платонның идеалдық әлемінде емес, әңгіме сол идеялар әлемін тудыратын ұғымдарда. Платоннан кейін ұғымдарды зерттеу, олардың табиғатын ашу, бір-бірімен байланысын көрсету – философияның негізгі мәселелерінің біріне айналды.
Енді Платонға қайта оралып, оның таным теориясына (гносеология( келетін болсақ, онда оның негізінде анамнез (anamnesіs – грек сөзі, - еске түсіру) жатыр. Адамның жан-дүниесі мәңгілік, оның шыққан тегі – идеялар әлемі. Сондықтан дүниетану жолында біздің жанымыз өзінің идеалды әлемінде болған шағын еске түсіре отырып қана ұғымдарды тудырады.
Ал сезімдік танымға келетін болсақ, ондағы білім көбінесе жалған, өйткені, бұл өмірдің өзі өтпелі, тұрақсыз. Сондықтан сезімдік жолмен танылған пікірді Платон докса (doxa – грек сөзі, -пікір( дейді. Егер пікірді біз соған сәйкес ұғыммен негіздесек, онда ол ғылымға (epіsteme – грек сөзі, хат, ғылым) айналады.
Платонның ойынша, бұл өмірде бізді идеялар әлемін жалғастыратын жалғыз ғылым, жан-дүние ғана емес, сонымен бірге Эрос және сүйіспеншілік. Олар бізді құдіретті әлеммен байланыстыратын көпірге ұқсайды. Эрос бізге қанат-күш беріп әсемдіктің әртүрлі сатыларынан өткізіп, соған ақырында жеткізеді.
Ал сүйіспеншілікке келетін болсақ, ол сұлулық пен ізгілікке құмарту. Олай болса, ол – философия – даналықты сүю - өйткені даналықтың өзі сұлулық пен ізгілікті сүюмен тең.
Сүюдің бірінші баспалдағы – ол жыныстық сүю, әсем денеге деген құмарту және соның ішінде басқа өмірді келтіру; онда да өлместікке деген құштарлық бар - ұрықтандыру жолында жаңа өмір Дүниеге келеді – ол өлместіктің кепілі.
Екінші сатыда сүюдің басқа бітімі Дүниеге келеді: біз денеге емес, басқа адамның жан-дүниесімен тіл табысып оны сүйеміз – онда шашылатын тұқым – рухты жандандырып, байытады - өнерге, білімге, әділеттілікке, ізгілікке деген құштарлық пайда болады.
Үшінші сатыда Сүйіспеншілік бізді идея әлеміндегі әсемдіктің өзімен ұштастырады.
Платон метафизикалық, гносеологиялық, этикалық мәселелерді әлеуметтік саяси мәселелермен байланыстыра білген. Ол оның “Саясаткер², “Мемлекет², “Заңдар² деген еңбектерінде көрсетілген.
Ойшыл қоғамның пайда болуын терең қараған. Егер жануарлар өзіне керектігінің бәрін тағы табиғатта дайын күйінде тауып алса, адамдар жеке-жеке өзіне керек қажеттіктерді өтей алмайды, екіншіден, ол қажеттіктердің көбі еңбек процессінде жасалады, даяр түрінде табиғатта жоқ. Сондықтан, адамдар қоғам болып бірігіп өмір сүреді. Біреуі жер жыртады, екіншісі – бала оқытады, үшіншісі үй салады, т.с.с.
Жалпы алғанда, Платон қоғамдағы адамдарды бірнеше әлеуметтік топтарға бөледі. Төменгі топ шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер т.с.с. тұрады. Олар қоғамның материалдық қажеттіктерін қамтамасыз етеді.
Адамды ішкі және сыртқы жаулардан қорғау керек – ол үшін полиске жауынгерлер керек.
Мемлекетті басқару өнері өте қиын. Оны әділіттіліктің, ізгіліктің негізінде жүргізу керек. Ал оған даналық керек. Оны жүргізе алатын философтар. Біз философтар осы уақытқа дейін Платонға өзіміздің алғысымызды айтамыз. Бірақ, философтар елді басқара алмайды – ол үшін олар көп моральдық адамгершілік қасиеттерінен арылуы керек, өйткені, саясатта ашық шындықтың талаптары оқтын-оқтын моральдық нормалардың талаптар кеңістігінен шығып кетуіне әкеледі.
Бұл үш әлеуметтік топтың қажеттігін Платон психологиялық тұрғыдан да толықтырады. Адамның жан-дүниесінде ақыл-ой, ерік, іңкәр қалай бір-бірімен үйлесімді болса, қоғамда да әлеуметтік топтар соған байланысты өмір сүруі керек.
Өкіметті басқаратын адамның жан-дүниесінде ақыл-ой, даналық басымырақ болуы керек; жауынгерлердің жүрегінде қызбалық, құштарлық басым болуы керек. Ал көпшілік халықтың жан-дүниесінде - өмірге, байлыққа деген іңкәр басым болуы керек.
Жеке меншік өлшемді түрде, негізінен алғанда, халықтың қолында болуы қажет, ал жеке меншік бар жерде жан-ұя, бала-шаға, мұрагерлік деген бар.
Ал жоғарыдағы екі топта жеке меншік болмауы қажет. Мемлекет басқарып отырған адамдарда байлыққа деген ынта болса, онда олар заңдарды өздерінің мүдделеріне сай етіп бұрмалауы мүмкін, ол халықты әрі қарай кедейлетіп, байларды әрі қарай байытады. Ол үшін олардың жанұялары болмауы керек, сонда ғана ол байлыққа қызықпай, елді әділ жолмен басқарады.
Жауынгерлерге келер болсақ, жеке меншік олардың негізгі қызметіне – елді қорғауға, тәртіпті қадағалауға үстірт қарауларына, қолындағы қару-жарақты өз жеке мүддесіне пайдалануы мүмкін.
Мемлекет жоғарғы топтардағы еркектер мен әйелдердің қарым-қатынасын арнаулы ұйымдар арқылы ретке келтіріп отырады; олардан туған балаларды арнаулы мекемелерге жіберіп мемлекет тәрбиелейді: олар өздерінің әке-шешелерінің кім екенін, ал әке–шешелері балаларын танымау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет