Дәрістер
Дәріс №1. Кіріспе. Тәжірибені өткізу әдістемесі.
1. Өсімдіктерге тәжірибелік жұмыстарды сәтті өткізу бірінші кезекте тәжірибені өткізу әдісін дұрыс таңдауға байланысты. Агрономиялық тәжірибелердің негізінде салыстыру әдісі қолданылады, ол ірі қара мал шаруашылығына және топтар арасындағы барлық факторлардың тепе теңдігіне негізделген.
Тәжірибелік жұмысты ұйымдастыруда тәжірибе нұсқаларының біреуі бақылау, ал екіншісі – тәжірибелік болып қабылданады.
Қазіргі уақытта өсімдіктерге тәжірибе жұмысын жүргізгенде қорытындылаған ғылыми сызбанұсқалар мен ғылыми – шаруашылық тәжірибелерді қолданады, яғни ол топ аналогтары мен топ – периоды (кезең) принципіне негізделген.
Топ аналогтарының принципі 2 әдіспен : ерекшеленген және интегралды топтан тұрады.
өз кезегінде ерекшеленген топ : бір жұмыртқадағы егіздер, жұп аналогтар, балансталған топ, шағын тобын әдістеріне, ал интегралды топ: екі және көп факторлы кешенді әдстерге блінеді.
Жануарлар үшін тәжірибені өткізудің сызбанұсқасын таңдау тәжірибенің қойған мақсатына және мал санына және зерттеушінің шешіміне байланысты.
Тәжірибені өткізер алдында, мал тобын дұрыс қалыптастыру қажет, өйткені олар жынысы, жасы және тірі салмағы, физиологиялық жағдайы бойынша аналогты болу қажет. Тәжірибеде малдардың өсуі мен генетикасының сұрақтарын оқыту мен байланысты шығу тегін білу қажет.
Бір жұмыртқадағы егіздер әдісінеғұрлым дәлірек болады, оған бірдей тұқым қуалаушылықтағы малдарды пайдаланады. Ол тәжірибені әр топтан аз мөлшердегі (3-4 бас) мал басына жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс көбінесе ірі қара, қой және ешкі малдарына тәжірибе жүргізгенде пайдаланылады.Бір жұмыртқадағы егіздердің әдісінің артықшылығы бақылау және тәжірибелік топтарда жынысы шыңу тегі, салмағы бірдей малдар жұбы болады. Зерттеу жұмысында бұл әдісті қолдану зерттеушіге мал реакциясына байланысты топтар арасындағы біркелкілік бойынша фактоларды үйренуге мүмкіндік береді.
Ал бұл әдістің кемшілігі, практикалық жағдайда бір жұмыртұада тараған бірдей жастағы және жыныстағы егіздер тобын таңдау қиынға соғады. Сонымен қатар бір жұмыртқадағы егіздер әдісін қолданғанда тек, 2 топ малдарды қалптастырып, тәжірибеден бір факторды ғана үйрене алады. Егер екі топтың біреуіне белгілі бір себептермен малды шығарса, онда орынына міндетті түрде соған деңгейлес малды басқа топтан әкеліп қосуы керек.
Әдістемені өңдеу және тәжірибені өткізу сызбасы.
Толық қарастырылмаған сұрақтарға зерттеу кезінде назар аудару керек. Қарастырылатын сұрақтарға жұмыс әдісі бойынша қысқаша сипаттама беріледі және беріоген зертеудің өткізу қажеттілігі. Көрсетіліп, тәжірибенің мақсаты мен міндеті алдыға қойылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті қысқа әрі нақты, жұмыстың мазмұнын ашатындай болуы тиіс.
Онда зерттеу өтетін орыны (Обылыс, аудан, шаруашылық). Тәжірибе сызбасы кесте немесе сурет түрінде көрсетілуі және топ саны әрбір топтағы мал саны негізгі қажет көрсеткіштердің болуы және істелетін жұмыс нақты сипатталуы тиіс.
Агрономиялық тәжірибеде зерттеудің әр түрлі әдістері қолданылады, ал әдістемесінде нақты әдіс және сол немесе басқа қорытындыларды өткізу уақыты , тәжірибе алимасудың өткізу уақыты, зерттеудегі есептелгенкөрсеткіштердің анықтау, кеткеншығындар және тәжірибе жүргізу үшін қолданылатын қажетті құралдар тізімі көрсетіліп, дұрыс деп табылған қорытындылар шығарылып, экологиялық тиімділігі есептеледі. Тәжірибе жүргізу әдісі мамандармен талқыланған және рұқсат етілген болуы тиіс.
Тәжірибені бастамас бұрын қызмет жасаушы бекітілген және оқыған, яғни тәжірибені жүргізуге дайын болуы тиіс. Қызмет жасайтын адамның жұмыс істеу уақыты белгілі бір тәртіпте құрылады.
Тәжірибенің сәттілігі оны ұйымдастыру мен өткізуге байланысты. Тәжірибеге дацындық шаруашылықты таңдаудан басталады. Онда мал шаруаылығының ветеринарлық жағдайына басты назар аударылады. Агрономиялық тәжірибені шаруашылықтарды қоласыз жағдай, инфекциялық және инвазиялық аурулар түған жерлерде өткізуге қатаң түрде болмайды.
Өсімдіктерді сұрыптауды біріншілік есеп бойынша қорытындылау құжатынан бастайды
Құстарға бұл кезеңде номерді қанаттарының астына қояды немесе сақиналауды қалыптастыруға көшеді..
Өсімдік тобын қалыптастыруда оның денсаулығына, қоңдылығына және экстерьері т.б. назар аударады. Физиологиялық тәжірибелерде мал тобын қалыптастыруды көбінесе ірі қара малдарға жұп аналогтар әдісін қолданады. Топтағы малдар неғұрлым аналогтар (жасы, тірі салмағы, өнімділігі, физиологиялық жағдайы) яғни, бір жұмыртқадағы егіздер болғаны жақсы, өйткені олар тәжірибе қорытындысының сенімділігін жоғарылатады.
&&&
Дәріс №1.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер
{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тесттер}
1. Тәжірибені өткізу әдістемесін құру
2. Аналогтар тобы деген не?
3. Тәжірибені өткізу сызбасы не мақсатпен және қалай құрылады?
(сұрақтарға жауап толық болуы керек, сұрақ мазмұны ашылуы тиіс)
Дәріс №2. Тәжірибе қорытындысын биометриялық өңдеу.
Жануарларға жүргізілген зерттеудің қорытындысының дұрыстығы, тәжірибені орындау әдісі мен қатаң тәртібіне байланысты.
Тәжірибені жүргізер алдында: азықтандыру, малды күтіп бағу, тәжірибе жүргізуге қажетті құрал-жабдықтар тұратын бөлмелерді дайындап алу қажет және сол тәжірибенің аяғына дейін жететін азық қоры, тәжірибеге қатысты құжаттар болуы тиіс. Тәжірибені бастамас бұрын шаруашылықтың өлшеу құралдарының және таразының дұрыстығын тексеру қажет. өйткені сол құралдары тәжірибе аяқталғанша пайдаланады.
Топтағы жеке малдардың жекелік ерекшеліктері тәжірибенің қорытындысы мен алынған мәліметтерді биометриялық өңдеуден өткізу мүмкіндігіне әсер етпеуі керек. Топтағы біраз мал санына зерттеу қорытындысының биометриялық дұрыстығы төмендеуі мүмкін. Көп жағдайда топтағы малдың көпшілігі қорытынды дұрыстығын көтереді, бірақ малдың жеке ерекшеліктерін оқуды қиындатып, оларды сақтау мен азықтандыруды күрделендіреді, ол тәжірибенің техникалық дәлдігін төмендетуге әкеледі. Топтағы малдардың көпшілігі зерттелетін көрсеткіштер есебін қиындатады. Сондықтан топтағы мал саны әрбір тәжірибе үшін, тұқымына, жасына, өнімділігіне, конституциясына және тағы басқа алдағы азықтандыру жағдайлары мен күтіп бағу топтар арасындағы мен айырмашылықтары тәжірибе мақсатына байланыст белгіленеді. Дұрыс мәліметтерді алу үшін өте маңызды:
Мал жасы. Егер мал неғұрлым жас болса, соғұрлым жеке белгілер сыртқы орта жағдайларының әсерінен ауытқиды. Сондықтан мал неғұрлым жас болса, соғұрлым әрбір топта олар көп болуы керек. Методикалық көзқарас бойынша мал тобын бір тұқымнан будандастырудың бір түрінен бір қаннан қалыптастыру керек.
тәжірибенің қайталануы. Зерттеуге нақты қойылған тапсырмаға байланысты әрбір тәжірибеге ажетті сандар қайталанғыштығы белгіленеді.
Тәжірибені өткізу ұзақтығы. Зертеу мақсаты мен тапсырмасына байланысты анықталады. Малдарға жасалатын тәжірибе ұзақтығын олардың физиологиялық жағдайы мен жеке өндіргіш айналым ұзақтығын ескере отырып анықтайды.
Әртүрлі көрсеткіштерге өлшеуді жүргізу дұрыстығы. Тәжірибе қорытындысы әртүрлі өлшемдерді алумен сандық мәліметтер түрінде тіркеледі. Өлшемдер дәлірек болу үшін 2-3 рет жүргізіп, орта шамасын шығарады.
Зерттеу қорытындысының нақтылығы. Тәжірибені жүргізу нәтижесінде біріншілік мәлімет ретіндегі көп мөлшерде әртүрлі сандар жиналады. Негізгі сандық мәлімет биометриялық өңдеуден өтіп, кестеге енгізілген болуы тиіс. Сандық мәліметтердің өңделуі т әжірибе уақытында әрбір малға және тұтастай топқа жүргізіледі. Тәжірибе қорытындысының бағасын зерттеу қорытындысындағы биометриялық өңдеу негізінде жүргізеді. Тәжірибедегі малдар үшін дұрыстық ауытқуын (әртүрлігі) р>0,95 дейін қабылдауға болады. Қорытындыны тәжірибенің қорытындысынан шығарады. Ол қысқа және тәжірибе қорытындысын нақты айқындайтын болуы тиіс. Жасалған қорытынды бойынша өндіріс орындарына жарнама береді. әртүрлі қорытынды жасауға болмайды.
Зерттеу-көптеген күрделі операциялар жүйесі. Зерттеу жұмыстары зоотехнияда бір-бірін толтыратын 2 бөлімнен тұрады:
мал шаруашылығында биологиялық және өндірістік құбылыстарды бақылау
тәжірибелік жұмыстар
Биометрия-тірі организмдерді математикалық әдістерді қолдану арқылы зерттейтін ғылым.
әдіс. әдіс арқылы теоритикалық зерттеуді немесе процестің құбылыстың практикалық түзілуін түсінуге болады. әдіс ол ғылыми ең негізгі есебін обьективті заңдардың айқындылығын ашатын құрал саймандар . Әдіс ол индукция,дедукция, анализ синтездің салыстырмалылықтың теоритикалық және тәжрибеліктің қажеттілігін және орындалатын жерін айқындайды.
Өлшем бірілктер мал шаруашық өндірісте өнімнің зерттеу жұмыстарының ғылыми анализі қарапайым өлшем бірліктермен өлшенеді.Олар арқылы оның кемшіліктерін тауып оларды жою жолдарын тауып және сол арқылы оның өндірістік процестің ғылыми негізін неғұрлым көтереді. Бұл анализде бірнеше өзінің методикалық және методологиялық ерекшеліктерімен ерекшеленетін ең басты негізгі ғылыми зерттеудің өлшем бірліктерімен құбылыстары. Олар 2 бөлімге бөлінеді: ауыл шаруашылық малдарының биологиялық процестерін зерттеу және өндірістік процестерді зерттеу.
&&&
$$$002-002-100$Дәріс №2.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер
{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}
Биометрия деген не?
Биометриялық көрсеткіштерді атаңыз
(сұрақтарға жауап толық болуы керек, сұрақ мазмұны ашылуы тиіс)
Дәріс №3. Тәжірибе және тәжірибелік зерттеудің ерекшеліктері
Тәжрибе зерттеу әдісі ретінде. XIX және XX ғасырларда биология ғылымында зерттеу жұмыстарының методикалық әдістері болып бақылау емес, ауыл шаруашылығының және табиғат жағдайларының құбылыстарын ашатын, тәжрибе пайда болды. Осы кезеңнен бастап қазіргі дейін тәжрибені қолдану даму үстінде. Ғылымда тәжрибелік әдістердің орыны үлкен, өйткені ол өмір тіршілігінің , функционалдық және биохимиялық үрдістерін, организмдегі құрылымдық элементтердің қызметін терең білуге жол ашты.
Егер бақылау табиғат үрдістерінің ұзақ уақыт бойы табиғи қалыпта дамуын, зерттеушінің бақылауынсыз түсіндірсе, тәжірибе зерттелетін обьектіге жаңа жағдайлар жасап, сыртқы ортаның басты факторларын бақылауға алып қана қоймай, оны өлшеп, есептейді.
Сондықтан тәжірибе үшін зерттелетін обьекті маңызды екеніне көз жеткізе аламыз. Тәжірибе көп дәрежеде бақылауға қарағанда, теория дамуымен, зерттеу техникасы, өңделген әдістер және қажетті құрал-жабдықтары пайдалануымен байланысты.
Сонымен қатар тәжірибенің жәй бақылаудан басты айырмашылығы, пәнді немесе әртүрлі жағдайдағы бір уақытта болатын құбылысты оқытуға мүмкіндік береді. Кейбір кешендер жағдайын тәжірибе жүргізуге арнайы дайындайды. Ол жабайы табиғатпен шаруашылық жағдайларында кездеспейді. Өйткені ол ортада жүргізген тәжірибе нәтижесін әрі құбылыстың себебін түсіндіруге нақты мүмкіндік береді.Мысалы , климаттық камерада жануарлардың сыртқы орта жағдайын қажет ететін барлық жағдай жасалған (температура, ылғалдылық, жарық, ауа қозғалысы т.б) немесе қазіргі заманғы күрделі факториалды әдісті алу керек. Онда зерттеуші бір уақытта оң нұсқаны үйренеді. әртүрлі азықтандыру күтіп бағу , өсіру және т.б факторлар .Міне, осындай барлық тәжірибе ерекшеліктерінен ғылыми зерттеу үрдісін тездетеді,яғни зерттеуші қаншама алынған мәліметтерден бір күрделі әдіс алады. Тәжірибенің жай бақыладан тағы бір ерекшелігі қанша уақыт өтсе де сол жағдайда зерттеуді қайталауға мүмкіндік жасайды. Мысалы, аймақтың бөліктерге өткізілген әр түрлі зоотехникалық тәжірибелер жыл сайын бір уақытта қайталанады.Ал әр жылы табиғат факторлары әртүрлі болады.
Тәжірибенің қайталануы нақты қорытындыға келуге мүмкіндік жасайды және мал шаруашылығы тәжірибесі үшін тиімді. Тәжірибе жүргізу барысында әсер ететін факторлардың күшін және оны биологиялық оптимальді немесе экономикалық неғұрлым мақсатқа сай өзгертуге болады. Анықталатын обьектіге әртүрлі факторлардың әсер етуін оқыту, анықталатын тұқым малының өнімділігіне әсер ететін азықтандыру және күтіп-бағу факторлары т.б үшін, тәжірибеге бір уақытта әр түрлі обьектілерді ( мысалы, әр түрлі тұқымдар, аталық іздер т.б) пайдалану арқылы тәжірибе әдісін кеңейтеді.
Осылардың барлығы зерттеудің мақсатқа орай бағытталғандығы,яғни обьектіге қолдан жасалған жағдайлар туғызу,жасалған жағдайларды реттеп отыру, тәжірибені қайталау және факторлар мен жасалған жағдайларды нақты өлшеу-тәжірибелік әдістің дәлдігін және күштілігін дәледейді.
Зерттеудің тәжірибелік әдісі биолгияда ең бірінші физиологияны (өмірдің функционалдық құбылыстары ) одан кейін жануарлар морфологиясын оқытуда қолданылады. Зерттеуге тарихи әдісті қодана отырып, морфо-физиологиялық тәжірибе негізінде генетикалық тәжірибе пайда болды. Осыған орай, кейінгі жылдары физика-химиялық тәжірибені де өмірлік үрдістрді ( өмірдің молекулла сатысында пайда болуынан бастап) оқытуда кеңінен қолдануда .
Биологияда зерттеудің тәжірибелік әдісінің дамуы берілген мәліметтерді өңдеу мақсатында математиканы пайдалануға әкелді.
Зоотехникалық тәжірибе.Тәжірибенің биологиялық түрлері және қолданылатын әдістердің барлығы зоотехнияда да пайдаланылады. Бірақ биологиялық факторлар техника-экономикалық факторлар болып есептеліп, зоотехникалық көбінесе тәжірибенің басты сипаттамасын береді. Зоотехникалық тәжірибені көбінесе ғылыми шаруашылықтың әдіс деп те атайды, өйткені ол шаруашылықтың жағдайға жақын формада.
Зоотехникалық тәжірибенің басқалардан негізгі ерекшелігі ондаған жылдарға созылатын селекциялық тәжірибе. Сәтті және жағымды аяқталған тәжірибе жаңа тұқым аталық із, аналық ұя ашып қала қоймай, зоотехния ғылымы ториясына қажет: қайта қалыптасу және даму тұқым шығарудағы қолда бар жаңа әдістерді өңдеу және тиімділігін тексеру немесе әр түрге жататын тұқымдардық шаруашылықтың –пайдалы сапасын жетілдіруде биологиялық заңдылықтардың маңызы зор.
Зоотехнияда тәжірибенің ежелден 3 түрі қолданылады: ғылыми, ғылыми-шаруашылықтық және өндірістік.
Ғылыми тәжірибе көбінесе лабораторияларда қойылады және зоотехник зерттеушіге физиологиялық , биохимиялық немесе генетикалық негіздегі сұрақтарға жауап алады. Оны ауыл шаруашылық немесе лабораториялық малдарға жүргізеді. Бұл тәжірибеге алынатын ауыл шаруашылық малының саны шектеулі. Тәжірибеде зерттелетін малдың жеке қасиетін және биологиялық ерекшеліктерін түсіндіреді. Бұл тәжірибе технологиялық сипаттағы сұрақтарды қарастырмайды, ал ғылыми тәжірибенің мысалы ретінде физиологиялық әдіс азықтың қорытылуы, азот,кальций, фосфорлардың алмасуын оқытады.
Ауыл шаруашылық малдарын зерттеудің әр түрлі тәжірибелеріне физиологиялық, морфологиялық, биохимиялық және биофизикалық және биохимиялық т.б жүргізуге обьекті бола алады. Осындай барлық тәжірибелер зоотехния үшін құнды болып табылады, өйткені ол біздің білімімізді ғылыми фактілермен толықтырады. Бірақ олардың барлығы зоотехния ғылымының өзіндік сипаттамасын анықтайды.
Дәріс №3.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер
{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}
1. Тәжірибе маңызы
2. Зерттеу ерекшеліктері
3. Тәжірибе мақсаты
(сұрақтарға жауап толық болуы керек, сұрақ мазмұны ашылуы тиіс)
Дәріс №4. Статистика туралы жалпы түсініктеме.
Статистика -латын сөзі (states).Бірінші рет үкімет құрылымында қолдалынған 1749 жылы неміс ғалымы .Г Аханвальмен кейінен кітап жазған .
Қазір 3 мағынада қолдалынады:
1.Адамдардын нақты мір саласында,мәліметерді жинау ,өңдеу, және сұрыптау ,әлеуметтік экономикалық дамуына сипаттама беру.
2.Нұсқау мен әдістемелерді теория жүзінде негіздеп практика жүзінде қолдану.
3.Статистикаларды мәлметтерді өнеркәсп, ұйымдар, экономика саласында есеп беруге қолдалынады.
Статистикалық ерекшелігі – мәліметтер сандық формада ,статистердің сөзмен цифрлар тілі .
Статистердің мақсаты цифрлар арқылы мәліметтерд сараптау және өндеу.
Мәлеметтердің пайда болуына байланысты статистика өмірге қажет бола бастады , яғни жердің көлемі ,халықтың саны ,оның құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілуін есепке алу үшін .т.б.
Статистика ғылым ретінде 17 ғасырдың орта шенінде 2 бағыт бойынша дамыды.
1.Жазбаша неміс ғалымдары.Конринг, Ахянвель
2.Матиматикалық. В.Ангмен, У.Петти ,Ф .Гальтман ,Р.Фишнр.
Статистикалық график- берілген сандық көрсеткіштердің мазмұның геометриялық сызықтар ,нүктелер және фигуралар арқылы бинелеу немесе географиялық картосхемалар арқылы көрнекті түрде кескіндеу үшін салынған сурет.
Статистикада графикалық әдісті қолдану дегеніміз- сол берілген мәліметтерді түсінікті қолайлы және сызықты түрде дұрыс көрсете білу.
Статистикалық жұмыс барысында кестелік әдістіқолдана білу өте қажет.Себебі бұл әдіс берілген мәліметтерді тез оқуға әрі жылдамқортынды жасауға толық мүмкіншілік туады.
Статистикалық графикалық әдістің қолдалына басталуы шамамен, бұдан 200 жылдай уақыт бұрын болған .Оның алғашқы қолдалынуың Англия экономисті У. Плейфейрдің 1786- жылы шығарған комерциялық және саяси атылас атты еңбегінең көруге болады . Бұл кітапты бірінші рет статистикалық сызықтар көрсеткіштер ,секторлы және бағаналы диаграммалар арқылы көрнекті түрде бинеленген.
Статистикалық графикалық әдістің қолдалынуын бірінші рет халықаралық конгрестерде талқыланған .Мысалы 1872- жылы.Петербургте болған статистиктердің халықаралық 8 конгресінде неміс статистигі Швабеннің Графиктік бейнелеу теориясы атты баяндамасында , статистиканың тарихында бірнеше графикалық әдіс турасында әңгіме болды , кейін орыс тілінде аударылып торықтырылды.
Негізгі талаптары:
1Графиктің құрлымы мәләметтер айқын шындықты бинелеу керек.
2Графиктін құрлымы назар аударарлықтай көрнекті ,түсінікті болуы және жеңіл оқылуы тиіс.
3 Графиктегі көрсетілген көрсеткіштердің мазмұна байланысты оның толықтай аты, орны,уақыты, мерзімі және шартты белгілері көрсетілуі тиіс.
Графиктін негізгі элементері:
1.Графиктін негізі –геометриялық белгілер ,яғни нүктелердің ,сызықтардың, фигуралардын көмегімен бинеленген статистикалық шама жиынтығы
2. Графиктін өрісі – бұл оның кңістіктегі бинесімен белгілері орналаласатын орны.
3.Кеңістік бағыты- яғни геометриялық белгілердің графиктік әдісі бойынша орналасуын анықтау.
4.Маштабтын бағыты яғни осы белгілердің сандық өлшем бірліктерінің мөлшерін анықтау.
Нүктелі графика деп –график негізін нүкте ретінде ,ал сызықтық график деп –сызықтар қолдалынуына байланысты болатың , жол-жолды,төрт бұрышты шеңбер тәріздес бейнеленгенді айтады.
Статистикалық графикалық әдіс төмендегі куелтірілген мәселелерді шешу үшін қолдалынады:
1.Статистикалық көрсеткіштерді салыстыру:
2.Зертелген көрсеткіштнрдің жыиынтықтың құрамымен құрлымын сипаттау:
3.Уақыт мерзіміне байланысты құбылыстағы болған өзгерістердің өсінкілігін бақылау:
4.Құбылыстардын өзара байланыстылығын білу :
5.Кеңістікте орналасуын және тараптылық дәрежесін анықтау үшін :
Диаграмма .Графикалық әдіс ішіндегі ең жиі және көп тараған түрі .Диаграмма грек сөзі, бейне сурет, сызба.
Диаграмма құру үшін сызықтар .ал кейде геометриялық фигуралар жүйесі арқылы бейнелейтін сызық .
Диаграмма- бағаналық ,сызықтық , шаршылы, шеңберлі, секторлы, фигуралы және атты болып бөлінеді.
Құрлымдық диаграмма –статистикалық жиынтықтардын құрамын салыстыру үшін қолдалынады.Құрлымын салыстырмалы көрсеткіштер жалпы жиынтықтын және бөлшектердін үлесін , яғни олның бірнеше бөліктерге бөлінуін көрсетеміз.
Шеңберлік диаграма- негізгі берілген біркелкі нақты шамма өзара қарым-қатынасың шеңбер көлемі арқылы бейнелеудің шеңберлі диаграма дейміз
Секторлық диаграмма –мұнда берілген мәліметер шеңбер арқылы көрсетіледі жеке бөліктер үлесінде көрсетіледі.
Сызықтық диаграма – диаграмма ішіндегі ең жиі кездесетін –сызықтың диаграмма.
Картограмма деп-, немесе статистикалық карто деп кестеде көрсетілген көрсеткіштер жиынтығын көрнекті түрде әртүрлі белгілер арқылы бейнелеуді, яғни экономикалық бірліктерді бойынша құбылыстарды ,процестерді өзгерістерді , түрлі –түсті бояулармен көрсету.
Нүктелі картограмма –бұл екінші түрі және графикалық әдіс жиі қолдалынады. Картограмма географиялық контурлы картаға әртүрлі белгілер арқылы диагараммалар түсіру деген ұғымды білдіреді.
Түсірілген белгілерге байланычсты картодйаграммалар ,бағаналы, тікбұрышты, шашылы және шеңберлі болып төртке бөлінеді .
Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер
1. Статистика деген не?
2. Статистикалық графикалық әдіс туралы түсінік және оның қолдалынуы.
3. Графикалық әдістін негізгі түрлері
4. Картограмма және картодиаграмма
(сұрақтарға жауап толық болуы керек, сұрақ мазмұны ашылуы тиіс)
Дәріс №5. Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жоспарлау
1. Ғылымға жалпы сипаттама
2. Ғылыми зерттеу
Ғылым тарихи дамуда қалыптасқан және табиғат, қоғам, ойлау заңдары жүйесінің қоғамдық тәжірибе негізінде үздіксіз дамуы.
Ғылыми пән материяның әртүрлі формадағы қозғалысы және адам санасындағы осы формалардың бейнесі. Ғылым олардың шығу тегімен дамуына дұрыс тсініктеме беріп, құбылыстар арасындағы байланысты ашады. Және адам білімін әлемдегі тәжірибеде қолдану мақсатында толықтырады.
Ғылым техника өндірісте біркелкі жүйе қалыптасады.
Ғылым білімдердің жинақталған жүйесі ретінде анықталады және бірмезгілде білімдерді алуға бағытталған ұйымдасқан жүйе.
Ғылымның жалпы жіктелуі: 3 бөлімнен тұрады:
1 Жаратылыс тану ғылымдары
2 Қоғамдық ғылымдар
3 Философия
Ғылымның басты қызметі мен мақсаты қоршаған әлемді тану болып табылады. Ұрпақтан ұрпаққақалдыру ғылым дамуының заңдылықтары мен басты факторлары.
Ғылымның басқа басты заңдылықтары болып, жаңа ғылымдардың негізі болып табылатын жеке салалардың байланысы.
Ғылымның дифференциациясы мен мамандандырылуында бірізділік байқалады. Және сол уақытта олардың даумынада жағдай туады. Ғылыми техикалық прогресс әрқашан дами бермейді, олардың баяулауы келесідей қалыптардан тұрады: шектелу, ақпарат өте қатты тасқында берілу және ғылыми зерттеудегі асигновацияның жеткіліксіздігі. Ғылымның дамуы мен мақсаттарға жетуі ғылыми зерттеу жолымен яғни ғылыми әдістердің үрдістердің қорытындының әртүрлі факторларға әсер ету көмегімен жүреді. Мақсаты, нақты объекті жан жақты дұрыс анықтау және оның құрылымын сипаттамасын оқыту ғылымдағы өңделген принциптер мен әдістерждің байланысын білу сонымен қатар пайдалы қорытындылар алып, оны өндіріске енгізу болып табылады. Ғылыми зерттеудегі тапсырмаларды орындаудың басты қызметін білудің логикалық әдісі жатады. Ол үрдістер құбылыстардағы ойды және ұсыныстарды өзгертуге және өзгерістердегі шешімдерді қабылдауға мүмкіндік туғызады. Ғылыми зерттеуге берілетін басты талаптардың бірі болып қарастырылатын құбылыс арасындағы байланыс пен тәуелділікті орнатудың мүмкіндігі табылады. Ғылыми зерттеудің сатысы неғұрлым жоғары болса, нәтижесі де соғұрлым терең болады. Ғылыми зерттеу тақырыптарына келесідей талап қатарлары беріледі. Акуалдылығы, экономикалық тиімділігі мен маңызы, енгізудің шындығы, тұрақтылығы мен болашағы.
Ғылыми зерттеудің жоспарының формасы: жеке жоспар- тізімі, мазмұны және жұмыстың орындалу көлемі, осы көрсетілген жұмыстардың барлығының орындалу уақыты.
Жұмыс жоспары-кешендердегі шаралартізімі қабылданған болжамдардың дамуы мен тесерілуі жөніндегі. Ол өз кезегінде сұрақ тарихын, зерттелетін тақырыптың теориялық және тәжірибелік мағынасын қарастырады.
Дәріс №5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер
1. Ғылым жөнінде түсінік
2. Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру реті
(сұрақтарға жауап толық болуы керек, сұрақ мазмұны ашылуы тиіс)
Дәріс №6. «Тәжірибе нәтижесі бойынша ғылыми мақалалар дайындау және әзірлеу»
Жоспар:
Ғылыми мақала жөнінде түсінік
Ғылыми мақаланы әзірлеуге қойлатын талаптар.
Ғылыми мақаланы дайындау.
Ғылыми мақала бұл ғылымның жұмыс нәтижесінің негізі. Мақаланы баспаға бергенде, автор көпшілікті өзінің зерттеу жұмстарының сараптамасымен, қорыттындысымен таныстырады. Дегенмен жұмыс жүргізгені жайлы ақпарат бергеннен басқа тағы бір функция бар автордың приоритетін немесе анықталғанғылыми міндеттерді шешетін автор тобының приоритетін көрсету.
Ғылыми мақалалардың көптеген түрі белгілі тезистер, ғылыми мақалалар, монографиялар. әдістемелік өңдеу. Оқу пособиялары және т.б. бұлардың ішіндегі ең маңыздысы- мақала, арнайы периодтық басылымдарда шығарылады. Ғылыми мақалалардың басқа түрлері көлемі жағынан көп болуымен ерекшеленеді, сондықтан срек басылымдарға шығарылады (мысалы, монография) немесе ақпаратты толық бермейді, бұған конференциядағы баяндамаладың тезистерін айтуға болады.
Мақала жазуға дайындық жұмыстың қойылған мақсатына берілген жауаптан басталуы керек. Ғылыми мақалада зерттеудің жаңа нәтижелері немесе алдыңғы уақытта баспаға берілген мақалаларда келтірілген нәтижелерді көрсетуге болады. Мақаланың тағы бір нұсқасы берілген тақырыптың әдебиетке шолуы. Бұл әр бір типті мақалалардың өзіндік ерешеліктері бар. Мысалы, зерттеу жасалған мақалаларда ақпаратты неғұрлым толық беру керек, өйткені сол ақпарат арқылы оқырмандар ғылыми зерттеудің жүргізілу сапасын дұрыс бағалау керек.
Ғылыми мақаланы әзірлеуге қойылатын талаптар.
АҚШ-та мақалаларды әзірлеу жайында АРА (Американдық психологиялық ассоциация) қабылдаған стандарт пайдаланылады. Мақаланың бірінші титулдық бетінде автордың (авторлардың) аты және фамилиясы және жұмыс орны көрсетіледі. Мақаланың басы қысқа (15 сөзден көп емес) болу керек және де оқырманға зерттеудің барысы жайында қысқаша ақпарат беруі қажет. Мақалада мазмұнын ашатын, 100-175 сөззден аспайтын шығарма болуы шарт: зерттеу мәселелері туралы ақпарат, әдәсә, зерттеу объектісі, зерттеу нәтижесі және қорытындысы. Мақалалардың мазмұны жөніндегі резюме рефератты журналға «Psychological Abstracts» кіреді.
Мақала мынадай құрылымды элементерден тұрады.
кіріспе-ғылыми мәселені қою, оның өзектілігі, еліміздегі шешімді қажет ететін маңызды міндеттермен байланысты, белгілі бір саланың дамуында ғылымға немесе тәжірибеге көрсететін падасы жазлуы керек (1абзац немесе 5-10 жол);
автор сүйенетін негізгі зерттеулер мен басылымдар (соңғы уақыттағы); мәселеге бүгінгі заман бойынша көзқарасы;осы сұрақты қарастырғандағы қиындықтары; мақалаға байланысты тағы басқа зерттеу барысында шыққан сұрақтар; (компьютермен 2 интервалмен басылған 0,5-2 бет);
мақаланың мақсатын құрастыру (міндеттерді қою)-басқа заманауи мәселелерден ерекшеленетін, толықтыратын немесе белгілі болған көқарастарды тереңдете түсетін берілген публикацияның басты идеясы көрсетіледі, ғылыми көзкарастағы жаңа фактілерге, қорытындыларға, алдыңғы уақытта ұсынылған немесе толық зерттелмеген ұсыныстарға көңіл бөлінеді. Мақаланың мақсаты ғылыми мәселені қою және тақырып бойынша негізгі басылымдардың шолуы бойынша қойылады (1 абзац немес 5-10 жол).
зерттеу мазмұнының шығармасы-мақаланың негізгі бөлігі. Мұнда негізгі жағдайлар және ғылыми зерттеудің нәтижесі жеке идеяларыойлары, алынған ғылыми фактілері, анықталған заңнамалар, байланыстар, тенденциялар, эксперименттің бағдарламасы, мәліметтің әдістемесі және сараптамасы автордың қосқан үлесі және т.б. көрсетіледі. (5-6 бет)
қорытынды, мұнда автордың негізгі қорытындылары, қорытындысының мазмұны және ұсыныстары, олардың теориядағы және тәжірибедегі маңызы, жалпымаңыздылығы; тақырып бойынша қысқаша келесі перспективтер қарастырылады. (1/3 бет)
Ғылыми мақала жанры келесідей қағидалардыұсынуды талап етеді:
беттің жоғарғы оң жақ бөлігінде автордың тегіжәне инициалдары көрсетіледі; қажет болған жағдайда автор туралы қысқаша мәлімет беріледі.
Мақаланың аты, оның негізгі идеясын, ойын көрсетеді (неғұрлым аз жазу керек 5 сөзге дейін);
Инициалдары тегінің алдында жазылады.
Ғылыми есеп немесе ғылыми-популярлы мақала стилінде жазбауғатырысу керек;
Риторикалық сұрақтар қою керек, көбінесе хабарлы сөйлемдермен жазу керек.
Тесті 1,2 және т.б. сандармен толықтырудың қажеті жоқ, тек бір ойдың немесе т.б. тізімін көрсеткенде ғана қолданған дұрыс және де әр бір элементті жаа жолдан бастап араларын үтірлі нүктемен бөліпотырғанжөн;
Текстте тізімді көрсету әртүрлі түрде: бастапқы, басында, кейін, арықарай, соңында, біріншіден, екіншіден, үшіншіден; бірінші этапта,екінші этапта деп басталып жазылуы да мүмкін болады;
Мақалада цитаталар өте сирек қолдланылады; негізгі идеяны көрсету керек, кейін жақшаның ішіне ең алдымен осы ойды атқан автордың тегін жазу керек;
Авторитеттерге берілетін барлық сілтемелер мақаланың басында беріледі, ал мақаланың негізгі көлемі өзінің ойын жазуға бағытталады; өзінің қорытындыларының және ұсыныстарының дұрыстығын дәлелдеу үшін басқа ғалымдардың айтқан сөздерін келтірудің қажеті жоқ, өйткені зерттеулер бұрын зерттеліп қарастырылған;
Мақала нақты қорытындылар мен ұсыныстармен аяқталуы керек.
Мақаланың қолжазбасы автормен қол қойылуы керек және редакцияға 2 данадан электронды сақтағыштарда өткізіледі.
Қолжазбамен жұмысты келесі кезеңі-әзірленуінің дұрыстығын тексеру. Бұл әдебиет көздеріне рубрикациялық сілтемелерге, дәйектеме келтірулерге, сандарды жазуға, белгілерге, физикалық және математикалық шамаларға, формулалар, кестелер келтіруге, көрнекіліктерге, библиографиялық жазбаларға және көрсеткіштерге байланысты. Бұл талаптарды орындау үшін мемлекеттік эталондарға, оқулықтарға, анықтамаларға редакция талаптарына сүйену керек.
Қорытынды кзең ол әдеби түзету. Бұның күрделілігі автордың лингостильді мәдениетіне байланысты. әдебиеттерге түзету енгізу барысында автор тексті қалай орналастыру керектігін және бөліп көрсететін жерлерін дұрыстайды
Дәріс №6.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер
Ғылыми мақала жөнінде түсінік
Ғылыми мақаланы әзірлеуге қойлатын талаптар.
Ғылыми мақаланы дайындау.
(сұрақтарға жауап толық болуы керек, сұрақ мазмұны ашылуы тиіс)
Практикалық сабақтар
Модуль 1 №1 Практикалық сабақ. Ғылым және ғылыми зерттеулер туралы жалпы түсінік. Терминдер және анқытамалар. Ғылыми зерттеудің нысаны, мақсаты, негізі, міндеті.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1
Сабақ мақсаты: Тәжірибелік және бақылау топтарын комплектілеу техникасын зерттеу
Сабақтың қысқаша мазмұны: Барлық ғылыми әдістер, ғылыми – шаруашылықтық және өндірістік тәжірибелер бақылау және тәжірибелік топтарға бөлінеді. Бұл көбінесе зерттеулерде кеңінен қолданылатын және әмбебап әдіс болып табылатын жұп аналогтар әдісі. Бұл әдіс бойынша сапалары бірдей екі топ арқылы жүргізіледі. Мысалы мал шаруашылығында өнімділіктері бірдей, бір тұқымға жататын, жыныс бір мал бастары алынса, орман шаруашылығында бірдей тұқымға жататын, бір климаттық жағдайда өсірілетін бірдей жастағы ағаштар тобы алынады. Ол бойынша осы тәжірибеге алынып отырған обьектіге белгілі бір мерзімге дейін, яғни, өзгеріс байқалатын кезең аралығында салыстырылып жүргізіледі.
Жұп аналогтар әдісіне қойылатын негізгі талаптар:
Тұқымы мен шығу тегі бір болуы керек.
Жасы бірдей болу керек
Өсірілу жағдайы бір болуы қажет.
&&&
$$$003-001-002$3.3.1.2 Модуль 1- ге сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары (сабақ №1):
Ғылыми шаруашылықтық тәжірибе жүргізу үшін белгілі бір жүргізілген тәжірибелерді мысалға ала отырып тәжірибелік және бақылау топтарын құрып, мәліметтерін кесте ретінде толтырыңыздар.
Кесте1
Тәжірибелік жұп аналогтар тобын құру кестесінің үлгісі
№ п/п
|
Өсімдік сорты
|
Тәжірибе тобының №
|
Өсімдік түрі
|
Мерзімі
|
Көлемі
|
Ι – бақылау тобы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жиыны
|
|
|
|
|
|
ΙΙ – тәжірибе тобы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жиыны
|
|
|
|
|
|
&&&
$$$003-002-000$3.3.2 Модуль 2 Практикалық сабақтың тақырыбы №2 Тәжірибе жүргізудің сызбасы және әдістемесін жасау.
&&&
$$$003-002-001$3.3.2.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2
Сабақ мақсаты Тәжірибе жүргізудің әдістемесін құру жолын меңгеру.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Кез-келген ғылыми зерттеу жұмысы қосымша жоспарланып, белгілі бір әдістемеге сай жүргізілуі тиіс. Зерттеу әдістемесі – зерттеу әдістемелерінің жиынтығы. Зерттеу әдістемесінің жалпы және жеке түрі болады. Жалпы әдістемеге барлық зерттеу жұмыстары жүргізілген әдістер кірсе, жекелеме әдістеме тек, зерттеудің арнайы түрінде ғана қолданылады. Жеке әдістеме де ұсынылған, талқыланып бекітілген болады және жалпы әдістеменің негізін құрайды. Неғұрлым зерттеу әдістемесі мұқият және ойланып құрылған болса, оны орындау соғұрлым оңайға түседі.
Әдістемеде тәжірибе түрі, зерттелетін организмнің мінездемесі жазылады, зерттеу сызбанұсқасы көрсетіледі. Оларды өсіру ортасы мен қоректену жағдайы келтірілуі тиіс.
Әдістеме соңында міндетті түрде эксперименталды материал қандай әдіспен өңделгендігі мен алынған мәліметтердің экономикалық тиімділігі есептелуі тиіс.
Алынған әртүрлі көрсеткіштерді жазып отыратын белгілі бір формада журнал толтырылуы тиіс. Журнал нөмірленген, бекітілген болуы керек.
&&&
$$$003-002-002$3.3.2.2 2 модуль бойынша бақылау тапсырмалары
Келесі форма бойынша әдістеме құрыңыздар.
Зерттеу тақырыбының аты және бөлімдері
Ғылыми жетекшісі мен орындаушы
Орындау мерзімі
Зерттеу жүргізу орыны
5. Жұмыс негізі және мақсаты
6.Зерттеу әдістемесі мен сызбанұсқасы
7.Тәжірибе техникасы (организмге мінездеме, зерттеуді жүргізу)
8.Тәжірибе нәтижесін есепке алу
9.Болжанатын нәтиже
10. Кеткен шығындар
&&&
$$$003-003-000$3.2.3 Модуль 2 Практикалық сабақтың тақырыбы №3 Тәжірибе нәтижелерінің экономикалық тиімділігін есептеу
&&&
$$$003-003-001$3.2.3.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3
Сабақтың мақсаты: Тәжірибе нәтижелерінің негізгі экономикалық бағалануының көрсеткіштерін зерттеу
Сабақтың қысқаша мазмұны: Ғылыми зерттеу нәтижесін бақылаудың негізгі экономикалық көрсеткіштеріне: 1. өнімді өндіру өсімі; 2. оның сапасын жақсарту; 3. алынған жылдық экономикалық тиімділік жатады.
Аяқталған ғылыми жұмысты өндіріске енгізу үшін экономикалық бағалауға: 1. Өнімділікті жоғарылату 2.Өнімді өндіру өсімі 3.Өнім сапасын жақсарту 4. Бір бас немесе бірлік өнімге кеткен шығынды төмендету 5. Өнімнің өзіндік құнын төмендету 6. Жалпы жылдық экономикалық тиімділік қажет.
Өзіндік құн - бұл бір өнімге кеткен шығынның ақшалай көлемі. Жылдық экономикалық тиімділік (тенге)- барлық өндірістік шығындарды есептегендегі жиынтық пайда. Рентабелділік – барлық кеткен шығынның таза пайдаға пайыздық қатынасы.
&&&
$$$003-003-002$3.2.3.2 Модуль 2 №3 практикалық сабақ бойынша бақылау тапсырмалары
Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша тәжірибенің экономикалық тиімділігін есептеңіздер.
№
|
Көрсеткіштер
|
І-топ
|
ІІ-топ
|
1
|
Тәжірибеге алынған саны (бас немесе дана)
|
|
|
2
|
Бір өнімнің құны (теңге)
|
|
|
3
|
Өнімді өндіруге кеткен шығын (теңге)
|
|
|
4
|
Бір өнімді өндіруден түсетін пайда (теңге)
|
|
|
5
|
Рентабелділігі (%)
|
|
|
&&&
Бақылау сұрақтары: 1.Экономикалық тиімділік деген не? 2. Экономикалық тиімділікті есептеу көрсеткіштерін атаңыз.
&&&
$$$003-004-000$3.2.4 Модуль 2 Практикалық сабақтың тақырыбы №4 Тәжірибе нәтижелерін биометриялық өңдеу
&&&
$$$003-004-001$3.2.4.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4
Сабақтың мақсаты: Тәжірибе нәтижесін биометриялық өңдеуді үйрену
Сабақтың қысқаша мазмұны: Ғылыми зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін алынған эксперименталды материалдар вариациалық статистика тәсілімен өңделеді. Вариациалық статистика дегеніміз- сандық мәндердің өзгергіштігі. Биометриялық өңдеу көмегімен әр түрлі статистикалық көлемдердің ауытқу шамаларына көз жеткізуге болады.
Биометриялық өңдеу кезінде әртүрлі формулалар қолданылады. Ондағы әріптік белгіленулер.
n- барлық бақылаулар саны
M- вариациалық қатардың орташа арифметикасы
δ- орташа квадраттық ауытқу
Cv-өзгергіштік коэффициенті
m-қателік
td- дұрыстық айырмашылығы
Есептеу формулалары:
M =∑V/ n ; C = ∑V² -(∑V)²/n ; δ = √ С/ n-1;
mM = δ / √ n-1; Cv = δ / M *100; td = M2 - M 1 / √ m²2 + m²1 .
&&&
$$$003-004-002$3.2.4.2 Модуль 2 №4 практикалық сабақ бойынша бақылау тапсырмалары
Алынған мәліметтерді пайдалана отырып тәжірибеге биометриялық өңдеу жасаңыздар
№
|
Бақылау саны
|
Тәжірибе соңындағы көрсеткіштер (V)
|
V²
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сумма V
|
Сумма V²
|
Бақылау сұрақтары: 1.Бирметриялық көрсеткіштерді атаңыз. 2. Вариациалық статистика деген не?
$$$003-005-000$3.3.5 Модуль 3 Практикалық сабақтың тақырыбы №5 Тәжірибе нәтижесі бойынша ғылыми мақалаларды дайындау және әзірлеу
&&&
$$$003-005-001$3.3.5.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5
Сабақтың мақсаты: Ғылыми мақаланы жазу құрылымын зерттеу
Сабақтың қысқаша мазмұны: Жазылған ғылыми мақалада мынадай мәселелер рет-ретімен көрсетіліп, белгілі бір тәртіп сақталуы тиіс.
1.Мақаланың аты; 2.Авторлары; 3.Кіріспе; 4.Зерзат және зерттеу әдістемесі
5.Зерттеу нәтижесі және оны талдау; 6.Қорытындылар мен ұсыныстар
7.Қолданылған әдебиет тізбесі
Мақаланың аты қысқа және мақаланың мазмұнын дәл көрсетуі керек. Кіріспе бөлімінде зерттелетін мәселенің мән-маңызын, зерттелу деңгейін және жарияланған ғылыми мақалалардың бағасын ашып жазуы қажет. Әрі қарай өз тәжірибесінің мақсат-міндеттері жазылады.
Келесі бөлімінде тәжірибедегі зерзат (алынған жануар немесе өсімдік тің қысқаша сипаттамасы, шаруашылық немесе өндіріс, уақыты) оны зерттеу әдістемесі көрсетіледі.
Бұдан кейінгі екі бөлім – негізгі бөлім болып есептеледі. Мұнда автор өзі жүргізген зерттеуден алынған нәтижелерді көрсетіп, оларға талдау жасайды.
Қорытындылар мен ұсыныстар тек автордың өз зерттеулерінен ғана шығуы керек және дәлелдемелердің статистикалық көрсеткіштерінің сенімділігі жеткілікті дәрежеде жоғары болуы қажет. Бұл да қысқа болуы шарт.
Әр мақала қолданылған әдебиеттер тізімімен аяқталуы тиіс. Автор ойын анық жеткізуі және сөйлемдерді қайталамауы тиіс. Басқа авторлардың зерттеулерін, еңбектерін, әдістемелерін талдауға немесе басқа бөлімдеріне қоса, міндетті түрде оған сілтеме жасауы және ол еңбектер әдебиеттер тізімінде болуы қажет.
&&&
$$$003-005-002$3.3.5.2 Модуль 3 №5 практикалық сабақ бойынша бақылау тапсырмалары
Ғылыми журналдан бір мақаланы алып, оған жоғарыда айтылған шарттардың орындалуы жөнінде талдау жасау қажет.
Бақылау сұрақтары: 1.Ғылыми мақаланы жазу талаптары қандай?
&&&
$$$003-006-000$3.3.6 Модуль 3 Практикалық сабақтың тақырыбы №6 Статистикалық ғылымның заты және оның әдістемесі
&&&
$$$003-006-001$3.3.6.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6
Сабақтың мақсаты: Статистикалық мәліметтердің графикалық көрінісін зерттеу.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Графика статистикалық мәліметтердің анализі мен өрнегі үшін маңызды құрал, өйткені көрнекілік көрініс ақпаратты қабылдауды, жоспарды орындау дәрежесін көруді жеңілдетеді. Қазіргі кезде комьютерлік графиканың қолданбалы бағдарламасының пакеттері дайындалған, ол графиканың тәжірибелік қолдануда зерттеушінің міндетін жеңілдетеді. Статистикада графиктік әдіс төмендегі келтірілген мәселелерді шешу үшін қолданылады:
1.статистикалық көрсеткіштерді салыстыру;
2. зерттелетін жиынтықтың құрамы мен құрылымын сипаттау;
3. уақыт мерзіміне сәйкес құбылыстағы болған өзгерістердің өсіңкілігін бақылау;
4.құбылыстардың өзара байланыстылығын білу;
5.кеңістіктегі орналасуын және таратпалық дәрежесін анықтау үшін;
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарына сай және кеңістіктік бағытына байланысты графикалық әдіс диограмма және картодиаграмма түрінде қолданылады.
&&&
$$$003-006-002$3.3.6.2 Модуль 3 №6 практикалық сабақ бойынша бақылау тапсырмалары
Алдыңғы сабақта алынған мәліметтерден диаграмма құрыңыздар.
Бақылау сұрақтары: 1. графиктік әдіс міндеттері 2. графикалық әдіс түрлері.
&&&
$$$003-007-000$3.3.7 Модуль 3 Практикалық сабақтың тақырыбы №7 Есепті дайындау және жасау
&&&
$$$003-007-001$3.3.7.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7
Сабақтың мақсаты: Есепті құру және дайындау сұрақтарын зерттеу
Сабақтың қысқаша мазмұны: Тәжірибе бойынша есеп – бұл тәжірибелік жұмыс, студенттің теориялық және тәжірибелік білімін өздік іздену арқылы ұштастырып, есеп беруі. Есеп ереже бойынша оқу курсы аяқталғанда жазылады. Тәжірибе есебі: оқу тәжірибесі, өндірістік тәжірибе және диплом алды тәжірибесінен өту кезінде жазылады. Тәжірибеден өтуді оқу бағдарламасына сай жүргізеді және оған жауапты бір оқытушы тағайындалады. Оқу тәжірибесі 1,2 курста теориялық білімін жетілдіру мақсатында оқу корпусында жүргізіледі, ал, өндірістік және диплом алды тәжірибесі 3,4 курста арнайы мекмелерде, өндіріс орындарында оқу орынымен шарт жасасу арқылы өткізіледі. Тәжірибе оқу бағдарламасының графигінде көрсетілген мерзімге сай өткізіледі.
Тәжірибеден өту есебінің мақсаты: белгілі бір бағытта, өзі көздеген мақсатқа орай мәліметтер жинақтау мен оны өңдеу болып табылады. Бұл жинақталған мәліметтер дипломдық жұмыс жазуда қолданылады.
Міндеті:
тәжірибе бағдарламасы бойынша мамандық бойынша кафедрадан тапсырма алу керек. Ол бойынша күнделік толтырылып, есеп жазылады.
тәжірибеден өту орыны бойынша барлық мәліметтермен, жұмыс әдістемесімен, толтырылатын құжаттарымен танысу, ұйымдастыру іс-шараларын жүргізе білу, алдына қойылған міндетті өздігінен шеше білу;
бітіру жұмысына арналған материалдарды жинақтап, жүйелеу;
тәжірибеден өту күнделігін берілген формада толтыру (күделікте жетекшінің қолы, тәжірибе өткен мекеменің мөрі болуы шарт);
берілген талап бойынша есеп жазу;
тәжірибе өткен мекеменің студентке берген пікірін алу (оған басшының қолы қойылып, мөрі басылуы қажет)
өткен тәжірибе бойынша есепті өткізу (күнделік, пікір бірге өткізіледі).
Есепті әзірлеу ЖОО методикалық нұсқаулығына сай жазылады. 1.Титул беті 2.мазмұны 3.Кіріспе 4.Негігі бөлім (2-3 бөлімнен тұрады, 1-бөлімде зерттеу жүргізілген орынның сипаттамасы, негізгі айналысатын саласы жазылады; 2-бөлімде жекелеме қызметтеріне тоқталады, өзі тәжірибе жасаған негізгі әдістерін жазады; 3-бөлімде зерттелген мәліметтерін қорытындылайды, кесте, диаграмма түрінде көрсетеді) 5. Қорытынды барлық жасалған жұмыс қорытындыланады. 6.пайдаланған әдебиеттер тізімі (мемл.стандарттар, енгізу актілері, сол жерде жасалған жұмыс авторефераттары және кітаптар, ғылыми мақалалар) жазылады.
Жазылған есеп бойынша студент есебін қорғап, бағаланады. Тәжірибе есебін қорғау кафедраның арнайы құрылған комиссиясы алдында тәжірибеден өту мерзімі аяқталған уақыттан кейін бір апта ішінде қорғалады. Өндірістік тәжірибе бағасы дипломға қойылады. Егер өте жақсы оқитын студент өндірістік тәжірибеден төмен баға алған жағдайда қызыл дипломға ұсынылмайды.
&&&
$$$003-007-002$3.3.7.2 Модуль 3 №7 практикалық сабақ бойынша бақылау тапсырмалары
Тәжірибе есептерімен танысып, оның орындалуы жөнінде талдау жасау.
Бақылау сұрақтары: 1.Есепті жазу мақсаты мен міндеті 2.Есепті жазу талаптары.
&&&
$$$003-008-000$3.3.8 Модуль 3 Практикалық сабақтың тақырыбы №8 Дипломдық жұмысты орындау және дайындау
&&&
$$$003-008-001$3.3.8.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №8
Сабақтың мақсаты: Ғылыми жұмысты әзірлеу сұрақтарын зерттеу
Сабақтың қысқаша мазмұны: Дипломдық жұмыс – маманды дайындап шығарудың ең соңғы кезеңінде орындалатын ғылыми – ізденіс жұмысы. Дипломдық жұмысты жазу студент білім алып жатқан мамандықтың кез – келген саласы бойынша алынады. Ол бойынша студентке өзін қызықтыратын тақырып бойынша сол саладағы ғылыми жетекшіні бекітеді. Тақырыпты таңдау бастапқыда нақты болмаса да, сол зерттейтін саладан ауытқымауы керек. Тек, кафедра меңгерушісі қолын қойып, ЖОО ректорының бұйрығы шыққаннан кейін ғана оны өзгертуге болмайды. Ескеретін жағдай тақырып бекітілмей, оны мұқият тексеру қажет, өйткені бұйрықта қатемен кетсе, жұмысты қорғау кезінде титул бетіне дәл солай жазу талап етіледі.
Диплом жазу талаптары: 1.Титул беті (тақырыбы, автор, ғылыми жетекшісі) 2. Мазмұны 3.Кіріспе 4.Әдебиетке шолу 5.Өзіндік зерттеу 5.1.Зерттеу әдістемесі 5.2.Зерттеу нәтижесі (5.2.1; 5.2.2; 5.2.3 және т.с.)
6. Зерттеу нәтижесінің экономикалық тиімділігі; 7.Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі; 8.Қорытынды мен ұсыныстар; 9.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі; 10.Қосымшалар.
Дипломдық жұмыстың көлемі 60 беттен кем болмауы керек.
Дипломдық жұмыс жоспары ғылыми жетекшімен келісіліп берілген міндеттерге орай, жүргізілген жұмыс нәтижесінен жинақталған мәліметтер бойынша жасалады.
Кіріспеде диплом жұмысының тақырыбының өзектілігі мен жаңалығы, міндеттері мен мақсаты, тақырып бойынша отандық және шет елдік әдебиет анализдері жазылады.
Әдебиетке шолу бөлімінде осы тақырыпқа қатысты жүргізілген әдебиет көздері келтіріледі.
Негізгі бөлім өзіндік зерттеулердің әдістемесі, нәтижелері жазылады. Ол бірнеше бөлімшелерге бөлінуі мүмкін.
Жүргізілеген жұмыс нәтижесі бойынша экономикалық тиімділігі есептеледі.
Қорытындылар мен ұсыныстар бөліміне зерттеу нәтижелері бойынша жасалған әрбір бөлімшеге қорытынды жазылады, зерттеу нәтижелері бойынша болашақта оны қолдануға 1, 2 ұсыныс жазылады.
Әдебиеттер тізімі әдебиетке шолу бөлімінде келтірілген әдебиеттер бойынша рет-ретімен жазылады. Ол 30-100 әдебиет көзінен тұруы керек.
Қосымшаларға дипломдық жұмыс ішіне кірмеген, бірақ қатысы бар кестелер, диаграммалар, фотосуреттер кіреді.
&&&
$$$003-008-002$3.3.8.2 Модуль 3 №8 практикалық сабақ бойынша бақылау тапсырмалары
Дипломдық жұмыстармен танысып, оның орындалуы жөнінде талдау жасау.
Бақылау сұрақтары: 1.Дипломдық жұмыстың маңызы 2. дипломдық жұмыс жазу талаптары.
Достарыңызбен бөлісу: |