Дәрістер Дәріс 1 Отбасы жүйесін психологиялық талдау


Тұлғаның агрессивтілік деңгейін анықтау



бет20/44
Дата07.02.2022
өлшемі177,91 Kb.
#87226
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44
Байланысты:
Дәрістер кешені

Тұлғаның агрессивтілік деңгейін анықтау.
Отбасында зорлықтын бар болуы агрессивті мінез -құлықтың қалыптасуына жағдай жасайды. Агрессивті мінез құлықтың бұл адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі, ол күштің басымдылығы мен басқа адамдарға күш көтсетумен сипатталады.
Агрессивті мінез- құлықтың нақты көріністерінің пайда болуын түсіну үшін агрессивті акт отбасы мүшесінің аффективті жағдайының нәтижесі тепе-теңсіз қорғаныс реакциасы ма, әлде ол мақсатқа бағытталған мәнге ие ме соны біліп алған жөн. Көптеген зерттеушілер ағылшын әлеуметтанушысы Г.Вильсонның айтуымен келіседі. Яғни, қазіргі замандағы зорлық бұл өзінің бейімделуіне қиын болған әлеуметтік орта шарттары мен әртүрлі стрестік факторларға наразылық көрсететін, жеке тұлғаның нервотикалық қарсылығының 1 түрі болып табылады. Сондықтан да біз агрессивті мінез- құлықты бейімдеуге қарама-қарсы ұғым ретінде қарастырамыз [12]
Бейімдеу іс-әрекеті бұл адамның от басы мүшесі мен сипаттайтын өзара іс-әрекеті. Баланың немесе ата-ананың жоғары агрессивтілігі отбасы іс-әрекетіне әсер етіп, оның мүшелері арасында бақталастық, жан-жалдың туындауына жағдай жасайды.
Агрессивті мінез – құлықтың төмендегі типтерін бөліп көрсетуге болады: 1) Вербальды агрессия; басқа адамдарға деген өатынасында өз агрессиясын вербальды, сөзбен, сөздік қор кемсітулерді қолдану арқылы көрсетеді. 2) Физикалық агрессия; басқа адамдарға деген қатынасында өзінің агрессиясын физикалық тұрғыдан көрсетіп, тіпті күш көрсетуі де мүмкін. 3) Заттық агрессия; адам өз агрессиясын айналадағы заттарға шығарады. 4) Эмоционалды агрессия; басқа адамдармен қарама-қарсылықта шеттетілу, икемдену, өштесу, қабылдамау сезімдері пайда болады. 5) өзіндік агрессия; адам өзімен-өзі келісімді өмір сүре алмайды, оның «Мен» қорғаныс механизімі әлсіреген немесе тіпті жоқ, ол агрессивті ортада қорғансыз болып қалады.
Басса-Дарк сауалнамасының негізгі мақсаты – тұлғалық агрессивтілік деңгеиін бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет