7.Қарым-қатынас жүйесінде отбасы мүшелерінің өз жағдайларын жақсы анықтауға көмектесу үшін, «мен-позициясын» қолдану. Бұл ұстаным үшбұрыштарды қолданумен байланысты. Психолог оның мүшелерімен қатынасқа түсе отырып, өз позициясын нақты белгілеуге міндетті. Эмоционалды стресс күйінде, отбасы мүшелері психотерапевті қандай да бір жаққа қарай бейімдеуге ұмтылады. Егер да ол олармен келісіп, яғни бір жақты қабылдайтын болса, ол үшбұрыштың бір бөлігі болып және отбасы мүшелеріне тиімді ықпал ету мүмкіндігін жоғалтады. Оның міндеті мынада, ешқандай да альянстарға қосылмау, сонымен қатар «дұрыс» немесе «қате» деген шешімдер қабылдамау.
8. Айналасындағыларға қатынасын түсінуге көмектесу үшін, зерттеушілік позициясын қолдану.Психолог тікелей отбасы мүшелерімен араласа отырып отбасы туралы біле алады. Неғұрлым көбірек білсе, отбасы мүшелері солғұрлым өздері туралы көбірек білетін болады. Бір мезгілде маман отбасы жағдайына, мүшелеріне ешқандай да баға бермеуі қажет, өткені ол олардың енжарлығына негіз болады. Отбасымен жұмыс жасай отырып, психолог көптеген түрлі мәліметтер алуға ұмтылады. Бұл олардың өзара қарым-қатынастарын реттеу үшін ғана емес, сонымен қатар кез-келген отбасының қызмет ету заңдылықтары туралы толық түсінікке ие болу үшін қажетті.
9. Күш түсінігін қолдану.Бұл түсінікті пайдалану отбасы жүйесінің қызметін зерттеумен байланысты. отбасы мүшелерінің «күшін» анықтай отырып, психолог көптеген міндеттерді табысты шешеді.
10 .Отбасының функционалды мүшелерін қолдау: Көп жағдайда психолог функционалдылығы төмен отбасы мүшелеріне ерекше көңіл бөледі. Егер де ол дәл соларға бағдарлана отырып, өз жұмысының стратегиясын анықтайтын болса, онда ол осылайша отбасының жалпы қызметтік деңгейін төмендетеді. Егер де маман отбасының ең функционалды мүшелеріне ерекше көңіл бөлетін болса, онда керісінше отбасында қызметтік деңгейі жоғарылайды.