2. Өзара қарым-қатынастарын өзгертуде отбасы мүшелеріне көмек Психологиялық көмекке жүгінетін отбасылар құрылымы шектен тыс қатаң немесе шекаралары әлсіз. Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарын өзгертуге көмектесе отырып, психолог, оларды қоршаған ортамен белгілі бір қатынастағы, бірыңғай тұтастықтың бөлігі ретінде сезіндіруге ұмтылады. Құрылымы шектен тыс қатаң отбасы оның мүшелерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, сондықтан да психотерапевт оны иілгіш етіп жасауы керек, және керісінше, егер отбасы құрылымы шектен тыс аморфты және оның шекаралары нақты анықталған болса, маман оларды нығайтуы қажет. Екі жағдай да да отбасы мүшелерінің ішкі және сыртқы ресурстарға ие бірыңғай тұтастық ретінде сезінулері басты міндет болып табылады. Сырттан мәлімет алу үшін олар иілгіш болулары қажет, нәтижесінде отбасында тиімді әрекет ету мүмкіндіктеріне ие болады. Психолог оларға өз ішкі ресурстарын, сонымен қатар сыртқы ресурстарды іске қосуға көмек көрсетуі қажет.