Дәрістер Дәріс 1 Отбасы жүйесін психологиялық талдау


Дәріс 12 Ерлі-зайыптылардың бір-бірінің көзіне шөп салуы. Ажырасу мәселесі бойынша кеңес беру



бет39/44
Дата07.02.2022
өлшемі177,91 Kb.
#87226
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
Дәрістер кешені

Дәріс 12
Ерлі-зайыптылардың бір-бірінің көзіне шөп салуы. Ажырасу мәселесі бойынша кеңес беру
Дәріс 13
Отбасына әсер етуде психолог қолданатын терапевтік техникалардың ерекшеліктері


Отбасы терапиясының техникалары
Техникаларадың келесі топтарын ерекшелеуге болады:

  1. Социометриялық техникалар

  2. Құрылымдық араласу

  3. Мінез-құлықтық техникалар

  4. Елестетуге негізделген техникалар (арттехника, ассоциативті эксперименттер, психодрамалық техникалар)

  5. Парадоксальді техникалар

  6. Жанұя терапиясында әңгімелесуді ұйымдастыру техникалары.



Терапевтік техникаларды қолдана отырып, жұмыс жасау ұстанымдары.
Белгілі бір ұстанымдарды қолдану маманға отбасында ортаңғы кезең міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді [16]. Оларды психологиялық жұмыстың басынан ескеру керек, бірақ жанұя жаңа ресурстарға қол жеткізу қажет болған жағдайда, яғни ортаңғы кезеңде бұл принциптердің рөлі ұлғая түседі.
1. Жұмыстың мазмұнына қарағанда, процессуалды аспектілері үлкен мәнге ие. Отбасы мүшелері түзету жұмыстарының мазмұнына көбірек көңіл бөлуге бейім. Олардың пікірлерінше, ойларының мазмұны, қызығушылықтары және мәселелері туралы айтқандары- ең маңызды болып табылады. Сондықтан да психотерапевттің әсерлеуі мен бағалауына ерекше көңіл бөледі.
Бірақ маманның отбасы мүшелері пікірлеріне мөлшерден тыс көңіл бөлуінің қажеті жоқ. Ол оны тек отбасылық қатынастардың көрінісі ретінде қабылдауы керек. Айтылған ойлардың мазмұны- отбасы мүшелерінің мәселені қалай қабылдайтынын және өзара қарым-қатынастарын білдіреді. Оларды ескере отырып, психотерапевт, отбасы мүшелерінің ойнайтын ролдерімен жақсырақ танысуына болады.
Айтылған пікірлердің мазмұны мәнді, өйткені ол әңгімелеушінің өзін, талдау іс-әрекетін сипаттайды, бірақ отбасының басқа мүшелерін объективті бағалауға мүмкіндік бермейді. Психолог отбасы мүшелерінің басқа емес, не үшін осы жағдайға көңіл бөлетіндерін сұрастырып бағдарлап отыруы қажет. Отбасы мүшелері пікірлерінің мазмұнынан абстракциялануға қабілетті маман, өз бағалауларына объективті болады. Ол айтылған пікірлердің мазмұндарына емес, процесске көбірек көңіл бөледі, яғни отбасында қандай жағдайлар болып жатқанына және қатысушылар пікірлерінің ерекшеліктерін анықтайды. Бұл сол уақытағы психикалық қысымды, сонымен қатар қорғаныс тенденцияларын және бір-бірлерінің ойларын жақын қабылдау деңгейлерін әлсіретеді.
Осылайша, психолог айтылғандардың мазмұндары процесті бейнелемейтінін, дәлірек айтқанда процесс туралы білім әрі қарайғы жұмыстың мазмұнын анықтайтынын нақты есінде сақтауы қажет. Маман, отбасы мүшелері пікірлерінің мазмұны астарында жатқан қызығушылықтарын байқайуы қажет. Бұл оған субъективизмнен аулақ болуға , ал отбасы мүшелеріне – мәселенің мәнін толық түсінуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет