Дәрістер Дәріс 1 Отбасы жүйесін психологиялық талдау


Вербалды қатынас. Тойтару әдістері



бет38/44
Дата07.02.2022
өлшемі177,91 Kb.
#87226
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44
Байланысты:
Дәрістер кешені

Вербалды қатынас. Тойтару әдістері

Вербалды қатынас дегеніміз ауызша немесе тіл арқылы сөйлеу қатынасы.


Вербалды қатынастың негізгі дағдысы тойтару немесе рефлексия болып табылады. Бейнелеу дегеніміз, клиенттің айтқандарына жауап қайтару, яғни айтқанда клиенттің сізге айтқандарын айрықша кілтті сөздерді қолданып өзіне қайталап айту. Клиенттің айтқанын қайталау, оның әңгімені ары қарай жалғастыруына ықпал етеді.
Бейнелеу клиентке біздің оның сезімдері мен уайымын түсінуімізді білдіреді.
Бейнелеу клиенттің қолданған сөздері мен сөйлемдерін қайталауымызда белгіленеді. Осы кезде біз әңгімені толығырақ естуге ықпалымызды білдіреміз.
Бейнелеу қайталап айту түрінде болуы мүмкін: басқа сөздерді қолданып, клиенттің айтқанын қайталау. Бұны ұқыпты түрде жасаған жөн: клиенттің айтқанын басқа сөздерді қолданып қайталау, бірақ айтылғанның мағынасы жоғалмауы керек. Бұл жағдайда клиенттің айтқанын ғана емес, оның дауыс ырғағын, бет әлпетінің түрін және дене қимылын қайталауымыз қажет.
Бейнелеудің екі түрі бар: сезімдік және деректі бейнелеу
Деректі бейнелеу
Дерек бейнелеу сіздің ынтаңызбен және ықыласыңызбен тыңдап отырғаныңызды көрсетеді. Рефлексияның бұл түрі сізге клиентті дұрыс түсініп-түсінбегеніңізге сендіреді. Деректі рефлексиясы – бұл клиенттің айтқандарын қайталау.

Сезімдік бейнелеу


Бұл жағдайда факттылық мазмұны емес сезімдік жағын айқындауға мүмкіндік беру қажет.
Мысалы:
«кеше менің жігітім келгенде мен қатты қорықтым» - мағынасы,
келесі түрге келеді:
«кеше сіздің жігітіңіз үйіңізге келгенде, сіз қатты қорқыныш сезімінде едіңіз».
бейнелеу маңызды, өйткені ол:

      1. Сіздің тыңдап отырғаныңызды көрсетеді.

      2. Сізді тыңдауға мәжбүр етеді.

      3. Егер сіз дұрыс түсінбеген болсаңыз, клиент сізді түзетуіне мүмкіндік береді.

      4. Клиенттің әңгімені жалғастыруына мүмкіндік береді.

Клиенттің тақырып таңдауына мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет