Дәрістер Дәріс 1 Отбасы жүйесін психологиялық талдау



бет5/44
Дата07.02.2022
өлшемі177,91 Kb.
#87226
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Дәрістер кешені

Пало Алто мектебі
Пало Алто мектебінің өкілі Джей Хейли, «мәселені шешу терапиясы» әдісінің авторы. Ол М.Эриксонмен бірнеше тәсілдерді бірге қарастырды. Хейли айтуынша отбасы қатынасы ерлі-зайыптылардың отбасы мүшелерінің арасын бақылау деңгейіндегі күрес болып табылады. Нышаны - қоршаған орта мінез-құлқын бақылау тәсілі. Джей Хейлидің пікірінше психотерапия міндеті әсер етудің басқа тәсілін қолдануына адамдарға мүмкіндік беру. Отбасы терапиясында емдеу мәнді болсын десеңіз, терапевтік кездесуге отбасы мүшелерінің бәрінің келуі абзал. Хейли отбасы терапиясына бірнеше директивтер (тарсырма) қосқан. Тапсырманы орындай отырып, отбасы мүшелерінің әрқайсысы өз ойын тепе-тең деңгейде айтуға немесе орындауға мүмкіндік алады. Психотерапевт кездесу кезінде және үйге де тапсырма беріп отырады. Тапсырма мақсаты:
-отбасы мүшелерінің мінез-құлқын өзгерту;
-психотерапевт отбасы мүшелерімен қатынас құруда қосымша ынталандыратын тәсілдер табу;
-тапсырманы орындау барысында отбасы мүшелерінің әрекетін зерттеп білу;
-отбасы мүшелеріне қолдау көрсетіп отыру, себебі тапсырманы орындау барысында психотерапевт көрінбейтін деңгейде қатысып отырады.Хейли сондай-ақ метафралық және парадоксалды тапсырмаларды да қолданатын еді. Алғашқы жолда жағдай мен әрекет арасындағы ұқсастықты табуда, көз-қарастар әр түрлі болып келді, екіншіде нұсқау бойынша әрект етуде қарсыласу байқалады, бірақ әркім өз мінез-құлқын қажетті бағытқа бұра отырып өзгереді. Пало Алто мектебінде кесек дене бітімді Мюррей Боуэн отбасы терапиясы бойынша АҚШ-та негізін салушылардың бірі. ХХғасырдың 60 жылдарының ортасында отбасы психотерапиясының әдісін, оның төрт ұстанымын құрасытырды:
1. Қатынасты анықтау және түсіндіру:
2.«Үшбұрышқа қатыстырмау» (Боуэн ұсынысы бойынша психотерапевт қақтығысқа эмоционалды қатыспау, назарын тек қатынас процесіне аудару;
3. Ерлі-зайыптылардың мәнді эмоциоаналды қарым-қатынасты меңгеруі;
4. «Мен-көз-қарасы» сабағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет