Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы


Жалпы орта білімнің мазмұны



Pdf көрінісі
бет43/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

 Жалпы орта білімнің мазмұны.
Білімнің мазмұнын айқындауда оқулық, 
оқу құралы және әдістемелік әдебиеттермен қатар түрлі құжаттардың ішінде 
оқу жоспарының атқаратын қызметі ерекше. Орта оқу орындарына арналған 
оқу жоспарында - оқылуға тиісті жеке пәндердің және оның қай жылы, қандай 
кӛлемде, неше сағат оқылатындығына орай апталық сағат кӛлемі белгіленеді. 
Мемлекеттік ресми мекемелер оқу орындарының аймақтық ерекшеліктеріне 
және оқытудың бағдарына байланысты оқу жоспарының түрлі варианттарын 
жасайды. Кеңестік жүйе ыдырап Қазақстан егемендік алғаннан кейінгі «Білім 
туралы» заңына сәйкес оқу жоспарының негізгі және типтік түрлері жасалды. 
Жалпы білім беретін мектептердін базистік оқу жоспарындағы толық 
жүктеме тұрақты және жылжымалы екі деңгейге бӛлінеді. Тұрақты жүктеме 
құрылымындағы пәндер жалпы орта білім беретін мектептердің барлық 
типтерінде міндетті түрде оқытылады. Атап айтқанда гимназия, лицей 
бағдарлы мектеп, жеке мектеп т.б. кӛрсетілген пәндердің тиісті кӛлемде 
оқытылуы шартты болып саналады. Ал жылжымалы бӛлімде оқытылатын 
пәндерде оқушының дербес қабілетін дамытуға, ықылас ынтасы мен 
қызығушылығына орай тиісті пәндерді терең білуге мүмкіндік жасалады. 
Сондай-ақ таңдамалы пәндер мен факультативтік курстарды ӛтуге де жағдай 
туғызылады. Жылжымалы бӛлімдер үшін таңдамалы пәндерге бӛлінген уақыт 
тереңдете оқылатын пәндерге беріледі. 
Қазақстан Республикасында жеке пәндерді теориялық және қолданбалы 
жағынан тереңдете оқытуға арналған типтік оқу жоспарының бірнеше түрі 
1993-94 оқу жылынан бастап жасалды. Ал оны тереңдету оқу орнының 
материалдық-техникалық жағдайына, ұстанған бағдарына байланысты ӛріс 
алатыны белгілі болуға тиіс. 
Оқу бағдарламасы
- жеке оқу пәнінің мән-мазмұнын сипаттайтын құжат.
Педагогика және психология сӛздігінде: 
оқу бағдарламалары
дегеніміз – 
әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберлік пен дағдылардың
мазмұны мен кӛлемін айқындайтын құжат, – деген анықтама берілген.
Оқу бағдарламалары деп
- оқу пәндері бойынша білімдердің,
біліктер мен дағдылардың кӛлемін, практикалық және
лабораториялық сабақтардың ӛтілу реттерін және олардың сыныптар
бойынша бӛлінуін, пәндердің мазмұнын анықтайтын материалдардың
мен тақырыптардың оқытылу ретін анықтайтын мемлекеттік құжатты
атаймыз. Бұл–мектептегі пән мұғалімінің басшылыққа алатын негізгі құжаты. 
Бағдарламаға қатысты материалдарды орналастыруда негізінен үш 
принцип ұсталады: 1) Бірыңғай бірізділікке негізделген жүйе (линейный), 2) 
Концентристік, 3) Спиралдық жүйе. Бұларды педагогикалық тұрғыдан таратып 
айтқанда былай болып шығады: бірыңғай бірізділікте (линейный) оқылатын 
материал қайталанбай бір бағдарда ұтылай дамиды. Ал концентристік жүйедегі 
бағдарламада тиісті материал тақырып арасына үзіліс салып, жаңа деректермен 
толықтырылып, оқыту барысында қайталанып отырады. Ал спиралдық 


бағдарламада бір жүйелілік сақталып бірыңғайлық мәнде бір әуенмен жетілдіру 
ескеріледі. Демек, шиыршықталған, спиралдық жүйеде дамиды. Қазіргі 
жаңартылған білім мазмұны спиралдық жүйемен жасалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет