Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы


–  бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты. Оқушыға берілетін  тапсырма. Жалпы білім беретін орта мектептерде, кәсіби -



Pdf көрінісі
бет54/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

– 
бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты. Оқушыға берілетін 
тапсырма. Жалпы білім беретін орта мектептерде, кәсіби
-
техникалық және 
арнайы оқу орындарындағы оқытудың сыныптық
-
сабақтық жүйесінде оқу 


сағаттарын ұйымдастырудың негізгі нысаны. Оқу жұмысының нақты 
белгіленген кӛлемімен және оның белгілі бір уақыт ішінде орындалу ретімен 
сипатталады. 
Сабақ оқушыларының жалпы сыныптық, топтық және жеке-дара жұмысын 
ұйымдастыруға бағытталады. Оқыту процесінің білімдік, дамыту және 
тәрбиелік функциялары сабақта жүзеге асырылады. Сабақтың жемісті болуы 
мұғалімнен үлкен шеберлікті және ӛнерді керек етеді.
Ж.Аймауытов: «Сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі 
жаңадан жаңаны табатын ӛнер» - деген анықтама берген.
В.А.Сухомлинский сабақтың атқаратын рӛлін жоғары бағалап: «Сабақ - 
мұғалім күнбе-күн оқушыларға білім, тәрбие беретін және жан-жақты 
дамытатын оқу-тәрбие процесінің негізгі саласы» - дейді. Сабақта мұғалімнің 
жеке басының үлгісі оқушылар үшін маңызды екені белгілі. Бұл туралы 
В.А.Сухомлинский:«Сабақ мұғалімнің жалпы және педагоги- калық 
мәдениетінің бет-бейнесі, оның интеллектілік байлығының ӛлшемі, оның ой-
ӛрісінің, эрудициясының кӛрсеткіші» деп кӛрсеткен. 
Қазіргі мектептегі сабаққа қойылатын негізгі талаптар: 
1.
Әр сабақтың айқын мақсаты, мазмұны, жоспары және оның құрылымы 
алдын-ала белгілі болуы тиіс. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен 
талаптарына сәйкес болуы қажет. Бұл орайда Ж.Аймауытовтың мұғалімге 
сабаққа байланысты берген тӛмендегі бағалы нұсқауларын есте сақтаған жӛн: 
- жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру. 
- тиісті біліммен таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, 
ілтипат аудару. 
- сабаққа алдын-ала даярлайтын сұраулар қою арқылы ынтасын арттыру, 
ілтипатын сақтау. 
- қажетсіз мағлұматтардан сақтанып, баланың ілтипатын қоздыратын 
нәрселерді ғана сӛйлеп үйрету. 
- баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану; лайықты 
салыстыру, таныстыру; ұқсастыру, түрлі әдіс, оңтаймен оқытуды жандандыруға 
тырысу.
- алғашқы кездегі оқыту деректі, кӛрнекті болу. Оған сай жобаларды дұрыс 
қолдану. 
- ӛзгелерде ынталандыру үшін оқытушы үйрететін нәрсесіне ӛзі де 
ынталану, ӛзі жақсы кӛру, оқытушы сүйген нәрсені оқушы да сүйеді.
- сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне
ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай-ақ сабақта оқушылардың бойында 
біліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс.
- сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және
әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.
- сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін 
сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, кӛрнекі және техникалық 
құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. Ж.Аймауытов: «Баланың 
ынтасын тарту үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек» - деген 
тұжырымы басшылыққа алынуы керек.


- сабақта оқушылардың таным белсенділігін арттыру үшін проблемалық 
ситуациялар туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға 
басшылық ету қажет. 
- сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалімнің оқушылармен қарым-
қатынас жасау шеберлігін арттырып отыру керек. Педагогикалық қарым-
қатынас мұғалімге оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді. 
Білім арқылы қарым-қатынас жасау және қарым-қатынас арқылы білім алу 
керек деген қағиданы іске асыру пайдалы. Сабақта оқушыларға білім берумен 
қатар оларды ӛздігінен білім алудың әдіс-тәсілдеріне үйрету міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет