Дәрістер. Жас ерекшелік физиологиясы мен психологиясы 1 дәріс. Адамның өсу және даму заңдылықтары. Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі және дамуы


Дәріс. Жоғары жүйке əрекеті жəне оның баланың өсіп-дамуы барысында қалыптасуы



бет2/9
Дата11.05.2022
өлшемі38,86 Kb.
#142020
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәрістер Жас ерекшелік физиологиясы мен психологиясы
9сынып БЖБ3 2 тоқсан 1-2 нұсқа
2 Дәріс. Жоғары жүйке əрекеті жəне оның баланың өсіп-дамуы барысында қалыптасуы
.
Жоғары жүйке жүйесінің маңызы:
А)жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, сілекей, сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т.б. осы әрекеттердің барлығы тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.
Ә)барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен – бірінің байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен, зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді.
Б)жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаның әртүрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесінің әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті (машина, трамвай, троллейбус) өтіп кеткенше күтіп тұру.
Жоғары жүйке жүйесінің қызметі мен жас ерекшелігі:
Жоғары жүйке жүйесінің негізгі қызметі – тітіркендіргіштерді анықтап, оған жауап қайтаруды үйлестіру. Тітіркендіргіштер шу немесе иіс сияқты сыртқы және дене температурасы секілді ішкі болып бөлінеді. Жүйке жүйесіне ми кіретіндіктен, ол жауапты үйлестіруге көмектесу үшін бұған дейін жиналған білім мен тәжірибені қолданады. Тек жануарлардың ғана жүйке жүйесі болады, бұл оларға қауіп – қатерге және мүмкіндіктерге тез жауап беруге мүмкіндік береді. Жүйке жүйесінің қауіп – қатерді анықтап, жауап ретінде адамды қашуға мәжбүрлейтіндігін мысал ретінде алуға болады. Жүйке жүйесі есте сақтау қабілетіне, сөйлеуге, оқытуға қатысады. Сіздің жүрек соғысыңыз бен тыныс алуыңыз да жүйке жүйесінің қарамағында. Жоғары жүйке қызметі – үлкен ми сыңарлары, ми қыртысы және қыртыс асты бөліктері арқылы атқарылатын адамның күрделі іс – әрекеті мен мінез – құлқының, танымдық іс – әрекеті процестерінің физиологиялық механизмдерін қамтамасыз ететін жүйкелік реттеудің жоғарғы түрі. Жоғары жүйке қызметі өте күрделі рефлекторлық жолмен жүріп, ағзаны адам мінез – құлқын реттеп отырады. Жоғары жүйке қызметі арқылы адам және жануарлар сыртқы ортамен тығыз байланыста болады. Жоғары жүйке қызметі өз алдына ілім ретінде И.М.Сеченов пен И.П.Павлов зерттеген.
2 .Рефлекс, оның түрлері және сипаттамасы. Рефлекторлық доға.
Рефлекс – ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы. Бұл терминді 1664 жылы Рене Декарт енгізді. Рефлекс тудыратын қозудың өтетін жолын рефлекс доғасы дейді. Ол 5 түрлі бөлімнен тұрады:
А)рецептор;
Ә)сезгіштік немесе афференттік;
Б)орталық бөлім қозуды сезгіштік жүйкеден қозғалыс жүйкесін жасушаларына береді;
В)қозғалыс немесе эфференттік;
Г)орындаушы мүше бұлшықеттер мен бездерге жатады.
Тітіркендіргішке қайтаратын жауабына қарай рефлекстің бірнеше түрлері бар:
1)биологиялық маңызына қарай қоректік, қорғану, бағдарлау рефлексі. 2)рецепторлардың табиғатына қарай экстеррецептивтік,
интеррецептивтік, проприрецептивтік рефлексі.
3)нейрондардың орналасуына қарай жұлындық, булбарлық (сопақша ми), диэнцефалдық (аралық ми) рефлексі болады.
Рефлекстің бұлай бөлінуі көп жағдайда шартты топтастыру болып табылады. Сонымен қатар рефлекстер тұлғалық және вегетативтік болады. Тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшенің әсеріне байланысты қоздырғыш және тежеуіш рефлекстер болып бөлінеді. Қалыптасу табиғатына, атқаратын қызметіне және биологиялық маңызына қарай рефлекстер шартты және шартсыз болып жіктеледі. Оны И.П.Павлов зерттеген. Рефлекс – тітіркендіргішке ағзаның кері жауабы. Мысалы, қолға электр тогын тигізетін болсақ, қолды тартып аламыз, ас ішкенде сілекейдің бөлінуі. Рефлекторлық доға – сыртқы және ішкі әсер етуші факторларға организмнің жауап беру реакциясы кезінде пайда болған жүйке толқынының жүретін жолы. Рефлекторлық доғаны кем дегенде сезімтал, аралық қозғалтқыш нейроциттер тізбегі құрайды. Рефлекторлық доға қабылдағыш ақпараттың, орталық тепкіш жолдан, орталықтан, орталықтан тепкіш жолдан, жауап беру мүшесі бөлімдерінен құралады. Қарапайым рефлекторлық доға жұлын арқылы тұйықталады, ал күрделі рефлекторлық доға жұлын мен мидың қатысуымен іске асады. Рефлекторлық доға 5 бөлімнен тұрады:
1 )қабылдағыштар – сезгіш жүйке ұштары;
2 )орталыққа бағыттаушы жүйке талшықтары – қозуды шеткі ағзадан орталыққа өткізетін жүйкелер;
3 )аралық нейроннан тұратын орталық;
4) эффренттік жүйке;
5)жауап беретін құрылым – эффектор.
Рефлекторлық доға – рефлекс процесіне қатысатын жүйкелік құрылымдар жиынтығы. Бұл терминді 1850 жылы М.Холл ұсынды. Рефлекс доғасы жүйке жүйесінің функциялық негізі болып табылады: қарапайым (екі неронды, жалғыз синапсты), күрделі (көп нейронды, бірнеше синапсты) болып бөлінеді. Рефлекторлыө доғаның күрделілігі оның құрамына енетін аралыө нейрондар санына байланысты.
3.Бірінші және екінші сигналдық жүйелер, олардың дамуының балалардағы ерекшеліктері.
Жоғары жүйке қызметіне жүргізілген ұзақ жылғы зерттеулерінде физиолог ғалым И.П.Павлов мидың қызметінде екі түрлі жүйе болатынын ашып көрсетті. Сигнал латынша «сигнум» белгі дегенді білдіреді.
И.П.Павлов осы сигналдарды жүйке жүйесінің қызметіндегі ерекшеліктерді білдіретін шартты белгі ретінде алып қолданады да, оның табиғи мән-жайын тәжірибелік зерттеулер арқылы түсіндіреді. Мидын қызметінде екі сигналдық жүйе бар. Оның бірі заттармен бетпе-бет кездескенде тері, көз, кұлақ т.б мүшелер арқылы түйсіну, қабылдау, елестету. Бұл—жануарларға да, адамдарға да тән бірінші сигналдық жүйе. Жануарлар мен жәндіктер үшін айналадағы дыбыс, жарық толқьшдары, қысым, заттың химиялық құрамы, табиғи орталары физикалық, химиялық сипаттар сигнал болалы. Бірінші сигнал жүйесі еңбек процесінің түрлерінде де маңызды орын алады. Сондай- ақ, ол — суретшінің, сазгер мен жазушының, ақын мен әртістің шығармашылық қиялының сыртқа шығуы үшін қажетті шарт. Тағылым мен тәрбие істерінде, оқыту процесінде көрнекілікті кеңінен пайдаланьш отырудын психология-негізі — осы бірінші сигналдык жүйе болып табылады Айналадағы болмыс пен шындық жайында дұрыс елес тудыру да бірінші сигнал жүйесінің қызметіне байланысты. Адамның әлеуметтік ортада тіршілік етіп, өзін қоршаған ортадан қажетті мәліметтер алып, елестерін, танымдық әрекеттерін неғұрлым тереңдете түсінуіне мүмкіншілік тудыратын тағы бір жағдай бар, ол — екінші сигналдық жүйе. Сөз, сөйлеу және соның негізінде туатын уақытша байланыстар екінші сигналдык жүйеге жатады Сигталдың бұл түрі тек адам баласына ғана тән — бірінші сигналдық сигналы. Мұның мәнісі мынада адам өз сезім мүшелері арқылы таньш білгендерінің мазмұны мен түр-сипатын қабылдап қана қоймай, дыбысты тіл мен сөйлеу әрекеті нәтижесінде оларды айнытпай бейнелейді Ол шартсыз тітіркендіргіштерге сүйенбей-ак, дыбысты сөйлеу мен сөз арқылы уақытша жүйкелік байланыстар жасауға қабілетті. Мұндай ерекшеліктің болуы адамның жоғары жүйкелік әрекстінің жәндіктер мен жануарлар әрекетінен сапалық айырмасының бар екендігін дәлелдёйді. Дыбысты сөз бен сөйлеу әрекетіне сәйкес заттар мен құбылыстарды белгілеп қана қоймай, оньщ сипаттары мен қасиеттерін ажыратуға да болады.
Тапсырмалар:
1.Алғашқы 3 жылда пайда болатын балалардың шартты рефлекстеріне қажетті жағдайлар қандай?
Шартты рефлекстер тұқым қуаламайды, тек өмір тәжірибесінің негізінде, сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады. Әркімнің өзінің тұрмыс жағдайына қарай әртүрлі шартты рефлекстері болады. Олардың рефлекторлы доғасы ми сыңарларының қыртысыңда қалыптасады. Сондықтан ми сыңарларының қыртысы болмаса, шартты рефлекстердің кейбіреуі пайда болғанымен, олардың тіршілікке маңызы онша емес. Шартты рефлекстердің пайда болуына қажетті жағдайлар:
А) барлық шартты рефлекстердің қалыптасуы үшін сыртқы ортаның қосы мша белгілі бір жағдайларын тудыру керек;
Ә) әсер етуші шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің болуы;
Б)шартты тітіркендіргіштердің әсері шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен сәл бұрынырақ басталып (15-20 сек), олар біраз уақыт бірге әсер етуі тиіс;
В)тітіркендіргіштердің тұрақты ретпен әсер етуі; аталған жағдайлардың ұзақ уақыт көп қайталануы; шартты тітіркендіргіштің шартсыз тітіркендіргіштен әлсіздеу болуы;
Г)жүйке жүйесінің маңызды бөлімі — ми қыртысының қызмет қабілетінің дұрыс қалыпта болуы.
Шартты рефлексті тудыру тәжірибесінде сыртқы ортаның белгілі бір жағдайын шартты тітіркендіргіш ретінде пайдалана береді. Ол шартсыз тітіркендіргіш организм үшін маңызды әсер болуы керек. Ол шартты тітіркеңдіргіштің әсерін бекітетін болғандықтан көбінесе тамақты немесе ауру сезімін тудыратын әсерді пайдаланады. Балаларда шартты рефлекстерді тудыру үшін 3 жасқа дейін шартты әсер ретінде баланың ұнататын тамағын немесе ойыншықты қолданады, Мысалы, баланы жүргізіп үйреткенде шақырушы кісі кәмпитті (егер бұрын кәмпит жеп жүрген бала болса) немесе жаңа ойыншықты көрсетіп шақырады да бала тәй-тәй басып келсе, кәмпитті ойыншықты бере қояды. Кейіннен кәмпитті алуға ұмтылған бала аяғын тезірек басуға мәжбүр болады (кәмпит ұстаған адам бала алға басқан сайын шегініп, ара қашықтығын ұзартады), сөйтіп баланың жүруін тездетеді.
Бала өсе келе оның екінші сигнал жүйесі дамыған сайын, шартты тітіркендіргіш ретінде сөздің әері пайдаланылады. Сөз әсеріне шартты рефлексті тудыру үшін 3 жасқа дейінгі балаларда негізінен үш жағдайды алғаш кезде сақтау керек. Сонда бала тез, уақытында сөйлеп үйренеді:
1. Үйретіліп отырған сөздің мағынасына байланысты бейненің болуы және алғаш кезде оның тұрақты болуы. Мысалы, "әке" деген сөзді үйрету үшін "әке" деп айтып отырып, әкесін көрсету керек.
2. Сөзді айтушының болу керек жене алғаш кезде ол да тұрақты бір кісі, айталық, шешесі болуы тиіс. Сөзді айтушы болмаса, бала сөйлеп үйренбейді. Мысалы, сақау адамдардың баласы сөйлеу қабілеті бола тұра, сөйлеп үйренбеуі мүмкін.
3. Бала сөздің мағынасына байланысты затты дұрыс көріп тұруы керек, яғни баланың денесі кеңістікте дұрыс орын алуы қажет.
Мұндай үш жағдайдың маңызы алғашқы 3 жасқа дейін ғана. Кейіннен баланың сөз қоры көбейе келе, олардың маңызы төмендеп, біртіндеп жойылады. 3 жастан кейін сөзді айтушы бейненің тұрақты болуы шарт емес, мысалы, кішкентай баланы бөтен адам сөйлетсе, ол тұрып қалады, болмаса жылап жібереді. Бала өсе келе, теледидардың, магнитофонның, мұғалімдердің айтуымен, оқып үйрене келе, кітаптардағы түсіндірме сөздер арқылы да жаңа сөздерді үйрене алады.
2 .Ми қыртысындағы шартты рефлекстің уақытша нервтік байланысының нейрондық тетігін түсіндіріңіз.
Шартты тітіркендіргіш әсер еткенде ми қыртысының тітіркендіргішке сәйкес орталығында қозу ошағыпайда болады Мысалы, көзге әсер етсе – көру орталығы, дыбыс әсер етсе - есту орталығы. Шартсыз тітіркендіргіштің
әсерінен оған сәйкес орталықта (мысалы, тамақ - шартсыз тітіркендіргіш, ал орталық - ас қорыту жүйесі) екінші бір қозу ошағы пайда болады. Организм үшін маңызды әсерді шартсыз тітіркендіргіш ретінде алғандықтан екінші орталықтағы қозу біріншіге қарағанда анағұрлым күштірек болады. Сондықтан бірінші қозу ошағындағы нерв импульстері екінші орталыққа тартылады да, екеуінің арасында байланыс пайда болады. Шартсыз тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, соғұрлым екінші орталықтың қозуы күшті болып, шартты рефлекс тез туады. Жағдай қайталанған сайын екі нерв орталығының арасындағы байланыс нығайып, күшейеді де шартты тітіркендіргіштің әсеріне шартты рефлекс пайда болады. Шартты рефлекс күшейген сайын ми қыртысында қозудың жайылуы нашарлап, шоғырлануы күшейеді. Шартты рефлекстердің пайда болуының негізі — ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында у а қ ы т ш а нервтік байланыстың пайда болуы. Мысалы: Лимонды көргенде ми қыртысының көру аймағында қозу пайда болады, лимонның дәмі ауыз қуысының рецепторларын тітіркендіреді де, сопақша мидың сілекей шығару орталығында және ми қыртысының ас қорыту орталығында қозу пайда болады, ми қыртысындағы екі қозу ошақтарының арасында уақытша нервтік байланыс туады. Қазіргі электрофизиологиялық зерттеулердің арқасында И. П. Павлов түсіндіргендей уақытша нервтік байланыс тек қана ми қыртысында түйықталып қоймайды, қыртыс асты құрылымдарда да пайда болады. Жарыққа немесе дыбысқа деген шартты қорғаныс немесе ас қорытуға әсер етіп, оның ең соңғысы шартсыз тітіркендіргішпен бекітіледі. Ондай рефлекстерді комплексті шартты рефлекстер дейді. Бұлардың пайда болуы жеке тітіркендіргіштерге туған рефлекстер тәрізді. Жануарлардың ми сыңарларының қыртысының жаңа (неокортекс) бөлімін сылып алып тастаса, қарапайым шартты рефлекстер пайда бола береді, бірақ ондай рефлекстер өте тұрақсыз, тым тез жойылады. И. С. Бериташвилидің болжамы бойынша ми қыртысы жоқ жануарларда шартты рефлекстің пайда болуы ескі және көне ми жарты шарларының қыртысына байланысты. Жануардың сол бөлімдерін алып тастаса, ешқандай шартты рефлекс пайда болмайды Сонымен шартты рефлекстің пайда болуы тек қана ми қыртысында ғана емес қыртыс асты құрылымдарының да қатысуымен болады. Дегенмен шешуші орын эволюциялық сатыдағы ең жас бөлім - ми қыртысының қызметіне байланысты. Уақытша байланыс жасаудың ең алғашқы кезінде, мидың өртүрлі аймақтарының электрлік шамалары өте көп өзгеріске душар болады. Алайда, бүл кезенде шартты мінез әсерленісі білінбейді. Бүнда қозу шоғырланысының ашық көрсетілген сипаты кездеседі. Әсіресе, ол ми қыртысындағы шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің жо-баланыс аймақтарында жинақталады. Қозу шоғырланысының осы қысқа мерзімді кезінен кейін шартгы рефлекстің жалпыланыс сатысы басталады. Мүның негізінде қозудың "шашыраңқы" өрістеуі жатыр. Жалпьшаныс сатысы кезінде шартты әсерленіс ишаралық тітіркенді-ргішке және басқа түрткілерге жауап ретінде пайда болады. Ал үсы-нылған шартты түрткілер арасында сигналдық әсерленіс туады. Әртүрлі биоэлектрлік өзгерістер (альфа -
ырғағын тойтару, десинхронизация - лайықсыздық тудьфу, тета - ырғақ және туынды потенциал) ми қыртысы мен оның астыңғы қүрылымына кеңінен тарайды. Кейін шартты түрткі үштастырылған сайын, сигналаралық әсерленіс бәсендейді. Сөйтіп шартты жауап тек сигналдық тітіркендіргішке бері-леді (мамаңцану сатысы). Уақытша байланыстың осы кезі биотоктың өзгеруіне біршама кедергі жасайды, шартты тітіркендіргіштің, әсеріне үштастырылады. Бүл үрдіс шартты рефлекстік дағдының мамандану-ын, тітіркендірістің айқын анықталуын, ажырытылысын (дифферен- циация) қамтамасыз етеді. Ажыратылу үрдісі жүйке орталығында қозу және тежелу қүбылыстарының шоғырланысы арқылы болады. Оның негізін жүйке үрдістерінің өзара индукциясы (кезелісі) қалайды.
3 . ЖЖӘ типтері, сипаттамасы, жас ерекшеліктері.
Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары жүйке әрекеті адам организмінің сыртқы ортамен қарым- қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күйі, ұйқы, түс көру, гипноз ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі борлып есептеледі. Мұғалімдері жоғары жүйке әрекетін жете түсіну арқылы балалардың мінез-құлықтарын біліп, оқыту, үйрету, тәрбиелеу жүмыстарын жөнге келтіріп, жан-жақты білімді, дұрыс дамыған жастарды тәрбелей алады. Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппократ секілді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын. Ал ғылыми негізде жазылған еңбек, ол орыстың ұлы ғалымы физиолог И. М. Сеченовтың "Ми рефлекстері" (1863) атты кітабы. Осы еңбегінде ол психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатын алғаш рет дәлелдеген. Еш әрекет өзінен-өзі пайда болмайды, тітіркендіргіштің әсерінен туады. Қобалжу, сезім, адамның ойы белгілі бір жауапты тудырады, мұның барлығы да бұлшық еттердің қызметімен аяқталады. Ғалым мидың қызметі рефлекторлы түрде іске асады,
- деп түсіндіреді. И. М. Сеченовтың бұл ілімін И. П. Павлов шартты рефлекстер тұрғысынан дәлелдеген және дамытқан. Ол жоғары жүйке әрекетін шартты рефлекстерді тудыру арқылы зерттеп, адам мен жануарлардың психологиясының заңдылықтарын алғаш рет түсіндірген. Шартты рефлекстердің пайда болуы ми қыртысының нервтік байланыс іздерінің қалыптасып, нығайып, күшеюіне негізделгендігі туралы ғалымның ілімі жоғары жүйке әрекеті туралы көзқарастың қалыптасуында маңызды орын алды. Уақытпен шындалған бұл ілімнің маңызы осы кезге дейін төмендеген жоқ, қайта көптеген ғалымдардың зерттеуі арқылы кеңейіп, шындалып отыр. Жаңа зерттеу әдістері пайда болысымен-ақ психикалық әрекеттердің шартты рефлекторлы механизмдері одан да тереңірек зерттеліп жатыр. Ол зерттеулер мидың жоғары дәрежедегі қызметіне жаңа көзқарастардың пайда болуына себеп болып отыр. Балалардың шартты рефлекстері манызы және олардың шартсыз рефлекстерден айырмашылығы. И. П. Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты жөне шартсыз рефлекстер деп белгені айтылған.Шартсыз рефлекстер
алғашқы кезде организмнің тірлігін сақтау үшін қажет. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысыменен тексеру арқылы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш әсер етісімен шартсыз жауап пайда болады. Олар тұқым қуалайды, сондықтан организмнің әр түріне тән өздерінің шартсыз рефлекстері болады. Бұл рефлекстердің рефлекторлы доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалыптасады да, ми сыңарларының қыртыстары қатыспай-ақ іске аса береді. Шартсыз рефлекстер негізінен ұрықтық кезеңде де, бала туғаннан кейін де қалыптаса береді. Айталық, қорғаныс рефлекстері туғаннан-ақ болады, ал жыныс рефлекстері жыныстық жетілу мерзімінде пайда болады. Олардың рефлекторлы доғасы өзгермейді. Шартты рефлекстер тұқым қуаламайды, тек өмір тәжірибесінің негізінде, сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады. Әркімнің өзінің тұрмыс жағдайына қарай әртүрлі шартты рефлекстері болады. Олардың рефлекторлы доғасы ми сыңарларының қыртысыңда қалыптасады. Сондықтан ми сыңарларының қыртысы болмаса, шартты рефлекстердің кейбіреуі пайда болғанымен, олардың тіршілікке маңызы онша емес. Ал ми қыртыстары бар жануарлардың ми қыртыстары бұзылса немесе сылып алып тасталса (тәжірибенің мақсатына қарай), шартты рефлекстер пайда болмайды, бұрын пайда болған шартты рефлекстері жойылады. Шартты рефлекстер пайда болған сыртқы ортаның жағдайы өзгергенде ол рефлекстер жойылады да, жаңа жағдайда жаңа рефлекстер туады, яғни олар түрақты емес, өзгеріп отырады. Бұған қоса, қандай да болмасын шартты рефлекс пайда болуы үшін сыртқы ортаның қосымша бір тұрақты белгілі жағдайлары болуы қажет. Шартты рефлекстер организмді сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімдейді. Балалардың шартты рефлекстерін бақылау арқылы олардың миының даму дәрежесін, ақыл-ойының дамуын бақылауға болады. Барлық балаларда шамамен бір мезгілде пайда болатын шартты рефлекстерді (түрақты шартты рефлекстерді) бақылай отырып, бала дәрігерлері оның жоғары жүйке әрекетінің дамуын біледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет