Дәрістер. Жас ерекшелік физиологиясы мен психологиясы 1 дәріс. Адамның өсу және даму заңдылықтары. Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі және дамуы



бет9/9
Дата11.05.2022
өлшемі38,86 Kb.
#142020
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәрістер Жас ерекшелік физиологиясы мен психологиясы
9сынып БЖБ3 2 тоқсан 1-2 нұсқа
Аяқ-қол сүйектерінің дамуы. Қол мен аяқтың жілік сүйектері жеті жаста құрылысы жағынан ересек адамның сүйектеріне ұқсас болады. 17-18 жастағы ол сүйектерде шеміршек ткані аз, сүйек қабығы жұқа болады, бұл олардың ұзаруы мен жуандауының баяулағанын (кішкене балалармен салыстырғанда) көрсетеді, бірақ олар ересектерге қарағанда, икемделгіш болады.
Қолдың сүйектері, әсіресе қолдың басы, приматтардың алдыңғы аяқтарынан, басқаларына қарсы орналасқан үлкен саусағымен ажыратылады, бұл маймылдарда жоқ. Қолдың сүйектенуі мен өсуінің аяқталуы балаларға қарағанда, қыздарда екі жылға ерте аяқталады. Орта есеппен адамда саусақ сүйектері 9-11 жаста, алақан сүйектері 12-де, ал білезік сүйектері 10-13 жаста қатаяды.
Қыздарға қарағанда ұлдар аяқтарының сүйектері 7 жастан кейін тезірек өседі. Кеудеге қарағанда, аяқтың ұзаруы қыздарда көбінесе 13 жаста, ал ұлдарда 15 жаста.
Кейінірек олардың өсуі баяулайды және 23-25 жаста тоқталады. Сіңірлермен бекінген әрі тірейтін табан сүйектері тік екі күмбез түзеді: сыртқы – тірек және ішкі – серіппелі. Табан күмбезінің серіппелі функциясы жүргенде өкшеден аяқтың ұшына қарай домалануға мүмкіндік береді. Табанға тіренгенде табан сүйегі мен өкше төмпешігі бөлінеді. Дене шынықтыру сабақтарында және қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастырғанда аяқ-қол сүйектері дамуының ерекшеліктерін ескеру керек. Бұл ауытқулардың болмауына көмектеседі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет