Дәрістер жиынтығЫ «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



бет15/31
Дата27.10.2023
өлшемі438,08 Kb.
#188716
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Байланысты:
ikt darister kazaksha

жүйелік кабельдер -сыртқы түрі түтік тәріздес оқшауланған екі коаксиальдық концентриялы өткізгіштер; көп тамшықты; айқасқан екі электр өткізгішінен құралған қос кабелдер және т.б.,

  • коннекторлар (біріктіргіштер) кабельдерді компьютерлерге қосатын коннекторлар; кабельдердің бөліктерін қосатын алмалы-салмалы ажыратқыштар,

  • жүйелік интерфейсті адаптерлер мәліметтерді қабылдау мен жөнелтуге арналған. Мәлімметтер беру ортасына кіру белгілі бір протоколға сәйкестендіріле отырып жүзеге асырылады. Олар жүйеге қосылған компютерлердің жүйелік блоктардың қондырылады. Адаптерлердің алынып-салынып ажыратқыштарына жүйелі кабель қосылады, трансиверлер мәліметтерді кабель бойынша жіберу сапасының мөлшерін арттырады, жүйеден келіп түскен ескертпелер мен келіспеушілікті табу үшін жауап береді,

  • хабтар (концентраторлар) коммутирлік хабтар компьютерлік жүйелердің топологиялық, функционалдық және жылдамдық мүмкіншіліктерін кеңейтеді. Әр типті хаб әр алуан кабельді системалар жүйесінің сегменттерін біріктіруге мүмкіндік береді. Хаб портына жеке торды да, сондай-ақ басқа хабты да немесе кабельдің сегментін қосуға болады,

  • қайталамалар (репитеры) кабельдің үлкен ұзындығы бойымен берілетін ескертпелерді күшейтеді.

    Локальды жүйелерді біріктіре қосу үшін өзара жүктелген міндеттері мен мүмкіндіктері бойынша ерекшеленетін төмендегідей қондырғылар пайдаланады:
    көпір (англ. Brіdge) — екі локальды жүйені байланыстырады. Жүйе араларындағы мәліметтерді өзгеріссіз пакет түрінде жіберіледі. Көпірлер барлық жүйелерді локальды мәліметтер легінен сақтай отырып пакеттерді фильтрден өткізе алады және де тек басқа жүйе сегменттеріне арналған ақпараттарды жібереді,
    маршрутизатор (англ. Router) жалпы протокол мен жүйелерді көпірге қарағанда тиімді біріктіреді. Ол, мысалы үлкен хабарламаларды өте ұсақ бөлшектерге бөлуге мүмкіндік туғызады да осынысы арқылы әр түрлі көлемдегі пакеттері бар локальды жүйелердің өзара әрекеттерін қамтамасыз етеді. Маршрутизатор пакеттерді белгілі мекен-жайға жібере алады, пакеттерді фильтрлейді пакеттердің адресін табуына өте жақсы жол және басқа да әрекеттер таңдайды,
    көпірлік маршрутизатор (англ. Brouter) — бұл көпір мен маршрутизатордың гибриді. Ол мүмкін болған жерде алдымен маршрутты орындауға талпынады, ал содан соң сәтсіз жағдай бола қалса көпір тәртібіне (режиміне) көшеді,
    шлюз (англ. GateWay), Шлюздың көпірден өзгешелігі–біріктірілетін жүйелер протоколдарының әр түрлілігінде. Бір шалюзден түскен хабарлама екіншісіне сол жүйенің талаптарына сәйкестендіріліп өзгереді. Шлюздер жүйелерді біріктіріп қана қоймай біріңғай жүйе ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады. Локальды жүйелер де шалюздің көмегімен универсалды қуаты күшті компьютерлерге – мэйнфреймдерге қосылады. Сымсыз жүйелер кабель өткізуге қиынға соғатын, пайдасыз немесе тіпті мүмкін болмаған жағдайдағы орындарда қолданылады.
    Барлығы-Бәрімен” топологиясы. Бұндай жағдайда жүйе радио – адаптерлер көмегімен жүзеге асырылады. Жан-жақты бағытталған антенналармен жабдықталған жүйелік радио-адаптерлер радиотолқындарды ақпарат жеткізу ортасы ретінде пайдаланады.
    Нүкте-нүкте” топологиясы. Сымсыз жүйені қолданудың басты, маңызды аймағының бірі-мәліметтерді жіберу инфраструктуралары болмаған жерлердегі локальды жүйелердің шалғай сегменттері арасындағы байланыстарды ұйымдастыру болып табылады.
    Жұлдыз” тәрізді топология. Егер жүйеге бірнеше сегмент біріктірілсе, онда “жұлдыз” типті топология қолданылады.
    Локальдық желілерді байланыстыру. Сымсыз желілер.
    Жүйеге біріктірілген компьютерлер әрқашан басқарудың арнайы бағдарламаларының басшылығымен жұмыс істейді. Жүйелерді басқарудың әр алуан бағдарламасы – жүйелік бағдарламалар бар. Ең кең тараған жүйелік бағдарламалар Novel (Novell Netware бағдарламасы), Mіcrosoft (Wіndows NT-сервер, Mіcrosoft жүйелері), Lantastіc фирмаларының бағдарламалары.Жеке компьютерлерді қосу тәсілі және жүйелерді басқаруда қолданылған бағдарламалар жүйенің түрін, пайдаланушыға берілген мүмкіндіктер мен жүйедегі жұмыстың технологиясын анықтайды.Бірнеше компьютердің біріктірілуі пайдаланушыға жүйедегі бір компьютерден екіншісіндегі ресурстарға кіру мүмкіндігін әрқашан беру мақсатында жасалады. Бір компьютердің ресурсы екіншісіне ашық болады, бұны бөлінетін немесе жүйелік ресурс деп атайды. Ресурстарын пайдалануға беретін жүйе компьютері – сервер (хост), ал пайдаланушы – клиент. Осыған сәйкес жүйені басқару бағдарламасы екі бөліктен: серверде қондырылған және оның жұмысымен барлық жүйені басқаратын жүйелі операциялық системадан; клиент компьютерде орналасқан және сервермен бірлескен әрекетті қамтамасыз ететін клиенттік бөліктен (клиент бағдарламасынан) тұрады.
    Серверден және клиенттегі бағдарламалар жүйенің түріне байланысты бірдей де және әр алуан болуы да мүмкін. Негізінде жеке-компьютер-клиентте пайдаланушыға әр түрлі мүмкіндіктер туғызатын бірнеше түрлі клиент-бағдарламалар орналасуы мүмкін, алайда уақыттың әр кезеңінде олардың тек біреуі ғана жұмыс істеуі мүмкін.Жүйемен жұмыс істеу үшін берілген протоколға сәйкес мәліметтер жіберуді қамтамасыз ететін арнайы жүйелік бағдарламаның болуы қажет.коммуникация протоколдары жіберілген барлық мәліметтердің көмегін белгіленген мөлшердегі пакеттер мен жеке блоктарға бөлуді бұйырады. Соңынан пакеттерді дұрыс реттеп жинап алу үшін пакеттер номерленеді. Пакеттегі мәліметтерге қосымша мынадай үлгідегі ақпарат қосылады:

    Алушының (қабылдаушының) мекен-жайы

    Жіберушінің мекен-жайы

    Ұзындығы

    Мәліметтер (не бар екендігі)

    Бақылаушы жиынтық алаңы (шеті)

    Пакеттің бақылаушы жиынтығы қателерді бақылайтын ақпараттардан тұрады. Бірінші рет ол қатені компьютердің жіберуімен есепке алады. Пакет жеткізілген соң бақылаушы жиынтық қабылдаушы компьютер арқылы есепке алады. Мазмұны сәйкес келмесе, онда жіберілген пакеттегі мәліметтер жөнелткен кезде зақымданған дегенді білдіреді. Бұндай пакет лақтырылып тасталады да қайтадан паектті жіберуге автоматты түрде сұраныс жасалады. Қондырғылар байланыс орнату кезінде коммуникациялық каналдар, протоколдармен келісімге келу үшін ескертпелермен алмасады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет