Дәрістер жиынтығЫ «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



бет27/31
Дата27.10.2023
өлшемі438,08 Kb.
#188716
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
ikt darister kazaksha

Smart оқулық – бұл интернет ресурстар арқылы үнемі толықтырылып отыратын мазмұны бойынша жинақталған құрама оқу материалдары. Өз кезегінде Smart білім берудің мақсаты білім беру үдерісін электрондық ортаға көшіру арқылы оқытудың тиімділігін арттыру болып табылады. Осы тұрғыдан қарағанда ғана мұғалім өз білімін оқушыларға түгелдей жеткізе алады. Білім беру шекарасы кеңейіп білім алушылар саны көбейіп қана қоймай, уақыт және орынға байланысты шектеулер болмайды. Білім беруді кез-келген жерде кез-келген уақытта ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Бүгінде еліміз өзінің алдына әлеуметтік жаңғыру, үдемелі инновациялық индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды міндеттер қояды. Тәуелсіз Қазақстанның XXI ғасырдың үшінші он жылдығындағы негізгі мақсаты – әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру үшін сеніммен қадам басу ниетінде.
Осы жағдайларда аға буынның жасампаздығын жалғастыру, ұлттық бәсекелестікке қабілеттіліктің деңгейін одан әрі жоғарылату, Қазақстанның XXI ғасырда гүлденуі мен әлемдік танылуын қамтамасыз ету – білімді, білікті жастарға үлкен үміт пен жауапкершілік жүктейді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің дәрісінде қазіргі күнде отандық білім беру жүйесі халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, жаңа білім мен технологияларды түрлі қызмет аясында қолдана білетін, үнемі өз білімін жетілдіріп отыруға ынталы мамандарды даярлауға бағытталып отырғанын атап өтті.
Білім беру – инновацияны ендіру үшін қолайлы кеңістік. Бүгінде біз ағарту саласының отандық жүйесі өз дамуының кезекті кезеңіне енуінің куәсі болып отырмыз. Салаларды жаңарту халықаралық тәжірибе мен қазақстандық білім берудің дәстүрлі құндылықтарын ескере отырып жүргізілуде.
Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – қоғамды ақпараттандырудың негізгі шарты. Өйткені, жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында өмір сүріп жұмыс жасай алатын болашақ ұрпақтың даярлығы жүзеге асады. Сонымен қатар білім беру саласындағы өзекті мәселе – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру болып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады» деген байламы білім беру саласына зор мақсаттар мен міндеттер жүктейтіні белгілі. Ал ақпараттарға сүйенер болсақ, кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы рөлі мен салмағы сол елдің техникалық даму деңгейімен анықталады.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бүгінгі таңда Қазақстан «білім – ғылым – инновация» сияқты үштік басқаратын постиндустриялық әлемге бет алған кезде білім мен кәсібилік үшінші мыңжылдыққа рұқсаттама болып табылатыны сөзсіз. Осыған байланысты жаңғырту үдерісі білім беру жүйесінде жалғасын тауып, ол нарықтың нақты қажеттіліктері мен әртараптандырылған экономиканы егжей-тегжейлі есепке алуға бағытталуы тиіс.
Әлемдік қоғам өзінің эволюциялық дамуының жаңа фазасына – ақпараттық қатынастық технологиялардың тіршілік іс-әрекетінің барлық саласына қарқынды енуімен сипатталатын ақпараттық қоғам фазасына кірді, ал ақпараттық ресурстар заттық және энергетикалық ресурстарға қарағанда кем емес маңызды рөл атқаратын болды.
Интернет және мультимедиа көмегімен оқыту – E-learning, SMART технологиясы ұғымы соңғы жылдарда пайда болды. Сәйкесінше, E-learning орнына SMART-learning келуі, ақпараттық қоғам орнына «SMART қоғам» қалыптасуы біздің елімізде де күтілуде. Қазіргі кезде SMART технологиясын өндірушілер – АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея елдері. E-Learning электронды оқыту бағдарламасы мен SMART технологиясы жөнінде толығырақ тоқталып өтсек. Әлемдік қоғамдастыққа сәйкес түрде ғаламдық ашық ақпараттық-қатынастық кеңістікке кірігу – әрбір ел үшін өте маңызды дүние. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына сәйкес барлық білім беру жүйесін одан әрі ақпараттандыру мен электрондық оқытуды жаппай енгізу бағдары анықталған болатын. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2010 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі – E-Learning электронды оқыту бағдарламасы. Электронды білім беру бойынша жүзеге асырылатын ауқымды жоба Қазақстанның білім беру жүйесін ақпараттандырудағы серпіліс болып табылады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «2015 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50 пайызы электронды білім беру әдісін пайдаланатын болады, ал 2020 жылға қарай, олардың саны 90 пайызға дейін жетеді», – деп мәлімдеген болатын. Дамыған елдерде кеңінен тараған «E-learning» электронды оқыту жүйесі елімізде білім беруді дамытуды жүзеге асыратын негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Елімізде электронды оқыту жүйесін енгізу екі кезеңмен жүзеге аспақшы. Оның бірі 2011-2015, ал екіншісі 2016-2020 жылдарды қамтиды. Сәйкесінше, бастапқы кезең бойынша білім беру мекемелерінің 50 пайызы, екінші кезеңде 90 пайызы электронды түрге көшпек. Осы жүйемен жұмыс жасауға мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары арнайы дайындықтан өткізілуде. Е-learning электронды оқыту жүйесі білім берудің барлық сатысын технологияландыруымен ерекше. Электронды оқыту түрін қолданудың әсерлігі мен нәтижелілігі туындайтын жағдаяттардың нақты факторларына тәуелді болуында.
Электронды оқыту E-Learning жүйесі жаңа ақпараттық қатынастық технологиялардың кең мүмкіндігі арқылы жалпы білім берудің көптеген маңызды мәселелерін шешуге ықпал етеді. Атап айтсақ:
- оқыту үшін аумақтық шектеудің болмауы;
- оқытудың өзіндік ырғағын таңдау мүмкіндігі;
- оқытудың алуан түрлі құралдары мен әдістері;
- жоғары сап.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, Е-learning жүйесі білім беруді жаңғыртуға арналған негізгі құралдардың бірі болып табылады. Мәселен, Оңтүстік Корея, Финляндия мен Ирландияда электронды білім беру жөнінде арнайы ұлттық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Францияда балабақшадан бастап үлкендерді оқытуға дейін білім беру үрдісінің барлық саласына ақпараттық-коммуникациялық технология енгізілген. АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, Канада елдерінде электронды білім беру күнделікті өмірдегі тәжірибеге әбден сіңісіп кеткен.
E-learning ұғымы (ағылшын тілінен қысқартылған Electronic Learning) – электрондық оқыту жүйесі, электрондық оқыту, қашықтықтан оқыту, компьютердің көмегімен оқыту, желілік оқу, виртуальды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялардың көмегімен оқыту терминінің синонимі болып табылады. E-learning – бұл оқу және оқыту форматы, білім беру контенттерінің электрондық формасын электрондық құралдармен қолданып, компьютер, ұялы телефон, коммуникатор, білімді басқару жүйесі (LMS) және интерактивті оқыту платформасына негізделген сабақ берулерден құралады. Ал, жалпылама ЮНЕСКО мамандарының берген анықтамасы бойынша: «E-learning – ғаламтор және мультимедиа көмегімен оқыту» дегенді білдіреді екен.
Электрондық оқыту – «E-learning технологиясы арқылы білім алушы оқу орнында өзіне қолайлы уақыт мезгілінде электрондық оқу материалдарын алып, дәріс берушімен қашықтықтан виртуальды түрде қарым-қатынас жасай отырып, өз білім қорын жинақтап, жетілдіре алады. Яғни, электрондық оқыту (E-learning) жүйесінің негізгі артықшылықтарын былайша атап көрсетелік:
- қолайлы уақыт пен орын;
- қашықтықтан білім алуды жүзеге асырады;
- үздік білім ресурстарына қолжетімділік;
- денсаулығы шектеулі білім алушылардың білім алу мүмкіндігі;
- оқытушымен үздіксіз қарым-қатынас;
- білім алудың қолайлы күнтізбесі.
E-learning – білімді дамытудың және көптеген дамыған елдерде экономиканы көтерудің негізгі құралы болып отырған жүйе. Электрондық оқыту білім беру процесін инновациялық жаңарту механизмі ретінде енгізілген. Сонымен электронды оқыту біріншіден, білімді дамытудың ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралы, екіншіден, электрондық оқыту жүйесінің кез келген түйінінен мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы, үшіншіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде әрекет етуі тиіс.Электронды оқыту жүйесі төмендегідей ішкі жүйелерден тұрады:
- Ұлттық білімдік мәліметтер қоры;
- Мектептерді басқарудың ішкі жүйесі (мектеп іс қағаздарын жүргізу, т.с.с.)
- «Электрондық оқулықтар» ішкі жүйесі – E-Book;
- Оқыту үрдісін басқару ішкі жүйесі – LMS;
- Оқу мазмұнын басқару ішкі жүйесі – LCMS;
- Тест басқарудың ішкі жүйесі – TMS;
- Дамытуды басқару ішкі жүйесі – DM;
- Мониторинг және талдау ішкі жүйесі;
- Сыртқы ақпараттық жүйелермен біріктіру модулі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет