Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы.
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) - тыныс жолдарының дистальді бөлігінің, өкпе паренхимасының зақымдалуымен және эмфизема қалыптасуымен жүретің біріншілік созылмалы қабынбалық ауруы, ол қайтымды немесе жартылай қайтымды бронхылық обструкциясының дамуымен байланысты ауа ағымының шекткелуімен мінезделеді. Тыныс жолдары өтімділігінің төмендеуі үдемелі мінезде және өкпенің шаң немесе түтінге, темекіге, атмосфералық ауаның ластануына қабынбалық жауабымен байланысты.
Қауіп-қатерлі ықпалдар: Темекі тарту, пассивті темекі тарту, жұмыс орындағы тозандар мен химикаттар, органикалық отындардың жануынан бөлмелердегі ауаның ластануы, ерте жастағы балалардың тыныс алу жолдарының инфекциялары, генетикалық бейімділік.
Клиникасы. Белгілері - созылмалы жөтел, қақырық тастау, ентікпе.
Объективті. Аускультация кезінде әлсіздеген тыныс, қүрғақ сырылдар, өкпе эмфиземасы бар науқастарда кеуде сарайы бөшке тәрізді болады, ал перкуссия кезінде қораптық дыбыс анықталады, гипоксемия кезінде цианоз пайда болады.
Диагностикасы.
Қанның жалпы анализінде эритроциттер, гемоглобин денгейі артуына бейім.
Зәрдің жалпы анализі.
Қақырықтың жалпы анализі.
Флюорография.
Спирометрияда – өкпе сиымдылығы төмендейді.
Туберкулез микобактериясына қақырықты зерттеу.
Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығың анықтау.
Пульмонолог, оториноларинголог консультациясы.
Емі. Біріншіден темекіні тастау. Темекі зияны туралы кез келген консультацияларда, тиімді және әр қабылдауда айтылуы қажет. Емдік тыныстық гимнастика маңызды орын алады. Дәрмектік ем: теофиллин 200мг, 300мг; беклометазон аэрозолі, сальбутамол аэрозолі. Ірінді қақырық болғанда антибиотикотерапия, муколитиктер, үнемі бронходилятаторлар.
Диспансерлік есептің жоспары.
Участкелік терапевттің қарауы - квартал бойынша, жылына 4 рет.
ЖҚА, ЖНА, флюорграфия, спирография, ТМ-ға қақырықты зерттеу-1 рет.
Пульмонолог, оториноларинголог консультациясы-жылына 1рет
Ірінді қақырық болғанда антибиотикотерапия, муколитиктер, үнемі бронходилятаторлар.
Достарыңызбен бөлісу: |