Плевриттер
Плеврит - плевра беттерінің қабынып, арасына фибрин немесе экссудаттың жиналуы.
Этиологиясы. Негізгі себебі – туберкулез, қатерлі ісіктер. Бактериялық инфекциялар, вирустар, паразитарлық (эхинококкоз) қоздырғыштар, коллагеноздар, жарақаттар, операциялар.
Патогенезі. Инфекциянын тікелей еңуінен дамиды. Микроорганизмдердің плевраға түсетін жолдары:
Тікелей жанасу арқылы туберкулезде , өкпе обырында, пневмонияда, абсцесте.
Лимфогенді жолмен тарауы.
Гематогенді жолмен таралуы.
Сыртқы ортадан тікелей еңуі – жарақаттар, операциялар.
Плевриттің 2 түрін айырамыз: құрғақ және эксудатты. Сұйықтық аз мөлшерде бөлініп, тез сіңірілілсе – фибриндік құрғақ плеврит, керісінше, сұйықтық бөлінуі сіңірілуден басым болса, серозды, серозды-фибриндік немесе серозды-іріңді плеврит және қан араласса геморрагиялық плеврит дамиды.
Клиникалық көрінісі. Құрғақ плевриттің басты белгілері – кеуденің шаншуы, құрғақ жөтел, плевраның үйкеліс шуы, тыныс алуы үстірт және жиі, ауырған жағына еңкейіп, қысып алуға мәжбұр, өйткені ауырсыну басылады. Шаншу кеуденің бүйір және алдынғы аймағында орналасып, невралгияға, плекситке, миозитке ұқсап мойынмен иыққа тарауы мүмкін. Денені сау жаққа иген кезде шаншу күшейеді – Шепельман симптомы. Диафрагмалық плевритте ауырсыну төменгі қабырғааралық нервтермен құрсақтың алдынғы қабырғасына тарап, іштің ауырсынуын тұғызады. Осыдан онын көрінісі жедел апендициттің, панкреатиттің немесе жара ауыруының клиникасына ұқсауы мүмкін.
Эксудатты плевриттің клиникалық көрінісі эксудаттың жиналу жылдамдығына қарай дамиды, негізгі ауруға тәуелді. Мысалы, жедел пневмониямен туберкулезде плеврит жедел дамиды, рефлекторлық құрғақ жөтелден, ауырсынудан басталады. Эксудаттын мөлшері көбейе келе ауырсыну біртіндеп басылады, онын орнына ентікпе мен кеудеде салмақ сезіну пайда болады. Ісіктік плевритте аурудын басталу кезеңін анықтау қиын. Экссудатты плевритке тән негізгі шағымдар - кеуденің ауырсынуы, ентікпе, құрғақ жөтел және негізгі аурудың белгілері. Іріңді плевритті – плевра эмпиемасы деп атайды.
Объективті. Экссудатты плевритте кеуденің жартысы тыныс қимылынан қалынқы, онын төменгі аймағы бір шама ұлғайып, қабырға аралықтары томпаяды (оң Дегио белгісі) және денені сау жаққа иген кезде ауыратын жағындағы ауырсыну күшейеді. Жартылай сүйеніп отыруға мәжбұр.
Диагностикасы. Анықтаудың негізгі тәсілі – плевралық пункция. Ауыр тыныс жетіспеушілігі болғанда шұғыл жасалады. Пункцияны жауырын сызығы бойынша 8-ші қабырға аралықта, аймақты залалсыздандырып, анестезия жасап, инені төменгі қабырғаның үстінгі қырымен жылжыта отырып плевра құысына енгізеді. Инені енгізгенен кейін цитологиялық зертеуге 10 мл, биохимиялық 10мл, биологиялық тексеруге 15мл сұйықтық алады. Науқасты коллапсқа түсірмеу үшін, бір мезгілде алынған сұйықтықтың мөлшері 1,5 литрден аспауы керек. Сұйықтықта лимфоциттер –туберкулезде; нейтрофильдер – пневмонияда, абцессте; эозинофильдер – коллагеноздарда жиі кездеседі. Рентгенде – жиналған сұйықтық кеуде құысынын төменгі аймағында орналасқан, жоғарғы шетті қиғаш, пішіні үш бұрышты гомогенді көленке тәрізді көрінеді – Дамуазо сызығы дейді.
Емі. Стационарда жүргізіледі.
Плевральды пункцияны емдеу – диагностикалық мақсатпен жүргізеді. Ірінді плевритте плевра қуысына тікелей антибиотикотерапия және дренаж жасайды.
Негізгі ауыруды емдеу –туберкулез, қатерлі ісіктер, пневмония, коллагеноздар.
Организмнің жалпы реактивтілігін және иммундық қуатын күшейту емі.
Дезинтоксикация және белок алмасу бұзылысын емдеу - вена ішіне гемодез, Рингер ертіндісін, 5% глюкоза енгізу, 10% -150 мл альбумин, плазма.
ФЗТ, емдік дене шынықтыру, массаж.
Достарыңызбен бөлісу: |