Бақылау сурақтары
Жедел гастрит дегеніміз не?
2.Жедел гастриттің симптомдары.
3.Жедел гастриттің емдеу принциптері.
4.Созылмалы гастритке анықтама беру.
5.Созылмалы гастриттің негізгі себептері.
6.Секрециясы төмендеген созылмалы гастриттің симптомдары.
7.Секрециясы жоғарлаған созылмалы гастриттің симптомдары.
8.Созылмалы гастриттердің диагностикасы.
9.Созылмалы гастриттердің емдеуіне жаңа көз қарас.
10.Гастриттердің алдын-алуы.
12.Асқазан ауруларының зертханалық зерттеу әдістері.
13. Қалыпты жағдайда асқазан секрециясының көрсеткіштері.
14.ФГДС дегеніміз не, науқасты зерттеуге дайындау.
15.Асқазан рентгеноскопиясы дегеніміз не, зерттеудің маңызы.
Асқазан және өнекелішектің ойық жаралы ауруы.
Ойық жара ауруы - өршу кезінде жараның асқазанға, 12-елі ішекке қайталанып түсуімен өрбитін асқазан - онекелішек аймағының қабынуы.
Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы дүние жүзінде кең таралған ауру. Бұл аурумен жұмыс жасындағы кісілер аурады.
Этиологиясы: Хеликобактер пилори (НР) ашылғаннан бері жара ауруы жұқпалы аурулардың қатарына жатқызылады.
Өзге факторлар:
- стресстер, никотиннің, алкогольдің әсерлері, өткір тағамға әуесқойлық, гастропатиялық әсерлі дәрмектер (аспирин, индометацин, резерпин, глюкокортикоидтар).
- созылмалы гастрит және гастродуоденит .
- генетикалық бейімділік ұлтабар жарасына тән, өйткені туысқандарда бұл аурудың 5-10 есе жиі кездесуі байқалады.
Клиникасы: Аурудың негізгі белгісі ауырсыну.Асқазанның жарасында ауырсыну эпигастрий аймағының ортасында немесе оның сол жартысында орналасады. Ауырсыну төс сүйегінің астына, жүрек тұсына берілуі мүмкін. Өнекелішектің жарасында ауырсыну нүктесі ортаңғы сызықтан оң жағында сезіледі.
Ауырсыну тамақ ішкеннен кейін белгілі уақыттан кейін пайда болады. Ауырсынудың ерте түрі жара асқазанның кардия бөлімінде болса кездеседі, ауырсыну тамақтанғаннан 0,5-1 сағаттан кейін пайда болады. Мұндай ауырсыну біртіндеп күшейіп 1,5-2 сағатқа созылады және асқазан босатыла келе, біртіндеп басылады.
Ауырсынудың кеш түрі жара антральды бөлімінде орналасқанда, тамақтанғаннан 1,5-2 кейде 3 сағаттан кейін пайда болады.Науқастар, ауырсынудың күшеюінен қорқып, тәбеті тартса да тамақты тоя ішуден бас тартады немесе ауырсыну күшейген кезде өз-өзін құстырады.
Ауырсынудың кеш, түнгі және ашқарындық түрлері өнекелішектің жараларында болады. Түнгі мезгілдегі ауырсыну – түнгі уақытта мазалайды, ал ашқарындық ауырсыну тамақтанғаннан 6-7 сағаттан кейін пайда болып, тамақ немесе сүт ішкен соң басылады.
Науқаста жиі қыжылдау болады, жүрек айну және құсу жараның өршу кезінде болады. Қусқаннан кейін ауырсыну басылады. Жара ауруында тәбеті төмендемейді, бірақ кейбір науқастар ауырсынудан зардап шегіуінен, тамақ ішуден бас тартып арықтайды. Науқастарда іш қатуы байқалады, өте ашуланшақ және терлегіш.
Ремиссия кезінде ешқандай белгі анықталмайды. Белгілер тек рецедив кезінде болады.Аурудың қайталануы күзде және көктемде. Рецедив ұзақтығы 2-4 аптаға дейін. Ал 8 аптаның соңында толық тыртықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |