Аурудың ағымы:
а) ауыр (өршуі жылына 3 рет немесе одан жиі);
б) орташа ауыр (өршуі жылына 2 рет);
в) жеңіл (өршуі 1 – 2 жылда 1 рет немесе одан да сирек)
Асқынулары:
Асқазаннан қан кету – науқас аяқ-асты бозарады, АҚҚ төмендеп, пульс жіпше тәріздес болып, ауыз арқылы қан кету мүмкін және үлкен дәреті қараяды. Оны «мелена» дейді, қою қара қаймақ тәріздес.
Перфорация- асқазан тесілуі. Көбінесе ер адамдарда болады. Іштің жоғарғы бөлігінде өте күшті пышақ сұққандай ауырсыну. Іш ішке қарай тартылып, қатайып, тақтай сияқты. Науқастың жағдай тез нашарлай бастайды, беті бозарып, үшкірленеді. Тілі құрғайды, шөлдеу, ықылық тию, құсу, пульс жіп тәріздес, газдар шықпай қалады. Мында тек қана хирургиялық ем қолданады.
Привратник стенозы- асқазанның пилорикалық бөлімінің немесе сфинктерінің тарылып қалуы. Тарылудың әсерінен тамақтың асқазаннан 12 елі ішекке өтуі қиындайды. Асқазан өте тез жиырыла бастайды. Бірақ біртіндеп асқазанның күші әлсірейді. Сондықтан тамақ асқазанда іркіліп қалады. Шіру процессі басталады. Келесі рецидивтардан кейін науқас құса бастайды, асқазан толып тұрғандай, метеоризм пайда болады.
Малигнизация – ойық жараның қатерлі ісікке айналуы. Ракқа кардиальді және пилорикалық бөлімде орналасқан жаралар айналады. 12 елі ішектің ойық жарасы ешқашан қатерлі ісікке айналмайды. Қатерлі ісікке айналған кезде ауырсыну тұрақталып, тамақтан кейін басылмайды. Науқас жүдейді. Нәжісте үнемі қан анықталады. Тәбеті төмендеп Қан анализінде ЭТЖ жоғарлаған.
Пенетрация- ойық жара асқазанды тесіп, көрші мүшеге түбі орналасады.(бауыр, 12елі ішек, бүйрек). Сондықтан басқа аурудың клиникасы қосылады. Мында тек қана хирургиялық ем қолданады.
Диагностикасы.
Жара ауруында эритроциттер және гемоглобин көбеюіне бейімділік.
Асқазанның секрециясы жоғары.
3. Рентгендік зерттеуде. Жараның тікелей белгісі- асқазанның немесе ұлтабардың қабырғасында анықталатын ойық жаралар. Ойықтың пішіні сопақша, дөңгелек, саңылау немесе конус тәрізді болады.
4. ФГДС - ең нақты әдіс: белсенді жара, тыртықталып келе жатқан жара және жара орынындағы тыртық.
Емі: Емнің жоспары:
Аурудың өршуіне түрткі болатын ықпалдарды тоқтату.
Диетотерапия
дәрмекті ем
физиотерапия
1.Аурудың өршуіне түрткі болатын ықпалдарды тоқтату:
Темекі тарту мен алкогольді тоқтату.; гастропатиялық әсерлі дәрмектерді тоқтату(кортикостероидтар, СҚКДді, резерпинді және т.б).
2.Диетотерапия: Жара ауруының өршу кезінде №1 диета, ал өршудің қатаң түрлерінде №1а, №1б диеталар беріледі. Тағамдар суға немесе буға пісіріліп дайындалады.Тамақтану аз-аздан, бірақ жиі, күніне 5-6 реттен.
3.Дәрмекті ем:
Асқазан мен онеклішектің кіәлегей қабығын НР-ден тазарту.
Антимкробтық ем: Метронидазолд 0,25 г күніне 4 рет. Кларитромицин 0,25 г күніне 2рет. Амоксициллин 0,5 г күніне 4 рет, 7-14 күн.
Висмуттың туындылары: де-нол, вентрисол-120 мг күніне 4 рет, 7-14 күн
Содан кейін жаралар мен эрозиялар толық жазылғанға дейін және гастрит пен дуодениттін өршуі әбден басылғанша емді толық тәуліктік дозадағы антисекрециялық дәрмектермен жалғастырады: омепразол 20 мг 2 рет, демепразол 20мг 2рет.
Н2 гистаминоблокаторлар беріледі: ранитидин 150 мг , фамотидин 20 мг 1 рет.
ФЗТ, парафин, тоқпен емдеу.
Емдеуді стационарда жүгізеді. Науқас тәртіпті, физикалық- психологиялық тыныштықты сақтау керек.
Диспансерлеу. Барлық ойық жаралы аурулар мен науқастар өмір бойы диспансерлік тіркеуге алынады. Жылына 2 рет көктемде – наурыз айы, күзде – тамыз қырқүйек айында рецидивке карсы ем алады.
Асқазан сөлі бір тексерілгеннен кейін тексерілмейді, ФГДС жылына 2 рет өткізіледі. Нәжісті жасырын қанға зерттеу. Арнайы мамандар – көрсеткіштері бойынша.
Достарыңызбен бөлісу: |