Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет91/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии

Клиникалық көрінісі. Анемияға шалдыққан науқастардың көбінде әлсіздік, бас ауруы, бас айналуы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, ұйқышылдық пайда болады, шаршағыш, көз алдында шыбын -шіркей тәрізді көлеңкелер көрінеді. Мидың есте сақтау, зейін қою қасиеттері төмендейді. Ауасы жеткіліксіз жағдайда немесе төсектен тез тұрған кездерде науқастар кейде талып қалады. Бұл белгілер бас миының гипоксиясы мен гипоксемиясынан болады. Дәм, иіс сезуінің өзгеруі, сондықтан топырақ, бор, күл жеуге, бензин, ацетон басқада иістерді иіскеуге құштарлық.
Объективті.Терінің құрғауы, түлегіштігі; шаштың түсуі, ерте ағаруы, жылтырын жоюы, үзілгіштігі; тырнақтардың жұқалығы, сынғыштығы, көлденең сызықталуы, бұлынғырлануы; тырнақтар ортасының қасық тәрізді ойықталуы – койлонихия; парадонтоз бен кариестің тез дамып өрістеуі. Қуық сфинктірінің әлсіздігінен зәр шығарудың жиіленуі, күлген, жөтелген, түшкірген кездерде зәрдің еріксіз шығып кетуі; түнгі ұйқы кезінде зәрді ұстай алмау (энурез).
Асқорыту жолы кілегей қабығының атрофиясы, осыдан атрофиялық гастриттің, энтериттің дамуы.Иммундық жүйенің әлсізденуінен жедел респираторлы-вирустық, өзге инфекциялық-қабыну процестерге шалдығуға және инфекцияның созылмалыға ауысуына бейімділік.
Анемия болғанда жүрек –тамыр жүйесіне күш түседі. Осыдан тахикардия, ентікпе, жүректің қағу сезімдері пайда болады, жүрек біршама ұлғайады. Анемияның ауыр және ұзаққа созылған түрінде анемиялық миокардиодистрофия дамиды.
Диагностикасы.
Қан анализінің өзгерістері:

  • гемоглобин концентрациясының азаюы;

  • түс көрсеткішінің төмендеуі (0,7-0,5)

  • эритроциттердің кішіреюі (микроцитоз)

  • эритроциттердің көлемі мен пішінінің әртүрлігі (пойкилоцитоз, анизоцитоз)



Темір алмасуының бұзылыстары келесі биохимиялық зерттеулермен анықталады:

  • Қанның сарысуындағы темірдің мөлшері. Қалыпты көрсеткіші 12,5-30,4 мкмоль; темір тапшылығында 1,8-5,4 мкмоль/л дейін төмендеуі мүмкін.

Анемияның себебін анықтау мақсатымен жасалатын зерттеулер:

  • ФЭГДС;

  • Нәжісті ішек құрттарына тексеру;

  • Нәжісті жасырын қан кетуге зерттеу;

  • Асқорыту жолының рентгенологиялық зерттеулері (ісіктерді, диафрагманың жарығын т.б. анықтау мақсатымен);

  • Тік ішекті тексеру (геморройды, ісікті, жаралы колиттіанықтау үшін);

  • Гинекологтың көмегімен мено-,метрорагияның себебін анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет