Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет95/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии

Клиникалық көрінісі. Аурудың ағымы 3 сатыда өтеді: бастапқы, жайылма, терминальды. Бастапқы сатыда аурудың басталуы әр түрлі. Науқастардың 20% - да ауру біртіндеп баяу дамиды. Алғашқы кездерде әлсіздік, шаршағыштық, сүйектердің ауырсынуы, дене қызуының субфебрильді деңгейде әлсін - әлсін биіктеуі байқалады. Науқастардың тең жартысында аурудың бастамасы жедел жұқпалы ауруға ұқсайды – жаралы некрозды баспа, жедел респирациялық ауру, жаралы стоматит тәрізді басталады.
Науқастардың 10% да аурудың алғашқы көрінісі қан кетуден басталады (мұрыннан, ас қорыту жолынан, жатырдан).
Жайылма сатысында аурудың белгілері айқын: биік қызбамен қатар іштің ауруы, диспепсиялық бұзылыстар болады. Науқастардың жағдайы ісіктің көлеміне және таралу деңгейіне тәуелді. Науқастарда лимфа түйіндері, талақ (көк бауыр) ұлғайған. Қанда бласт жасушалар анықталады.
Тері, кілегей жамылғыларының аса қуқылдануы тән. Терінің бетінде петехиялық, дақты қанталаулар және ісіктің метастаздары теріге тараса, теріде сүйелге ұқсас, түрі қызғылт немесе қоңырлау өскеншектер – лейкемидалар болады.
Өкпе зақымданғанда пневмонияға, плевритке ұқсас жөтел, ентікпе, қан қақыру байқалады. Жүрек жағынан тахикардия, систолалық шу, тондардың әлсіздігі байқалады.Асқорыту жүйесінен стоматит, гингивит, жүрек айнуы, іштің ауру, іштен қан кетеді.
Лейкоз көріністерінің ең қауіптісі – нейролейкемия. Бласттық жасушалар мидың қабықтарына, мидың затына, нерв талшықтарына еніп өседі. Нейролейкемияның көрінісі менингиальдық синдромға, бас миының ісігіне тән белгілермен сипатталады.
Терминальды сатысында: ірінді - сепсистік асқынулар, уытты гепатит, қансыраулар.
Созылмалы лейкоз – сүйек миының дифференцияланып ( жетіліп) қалған жасушаларынан түзілетін ісіктер. Миелогенді және лимфогенді түрлерге бөлінеді.
Созылмалы миелогенді лейкоз көбіне ересек 30-50 жаста пайда болады. Ауру созылмалы түрде өтеді, рецидив кезінде қанда бласттық криз анықталады және клиникасы жедел лейкозға ұқсайды.
Созылмалы лимфогенді лейкоз көбіне егде жаста кездеседі. Ер адамдарда екі есе жиі. Ауру созылмалы түрде рецидив, ремиссия беріп өтеді. Негізгі белгісі лимфотүйіндердің ұлғаюы. Олар жұмсақ, қозғалымды, ұлғаюы әр түрлі – бұршақтың көлемінен тауықтың жұмыртқасындай. Клиникасы жедел лейкоздай.
Диагностикасы. Лекоздан күдіктенгенде қанның жалпы анализін зерттейді және трепанобиопсия жасалады. Бласттық жасушалар болғанда лейкоздың түрін анықтау үшін морфологиялық, цитохимиялық, цитогенетикалық және иммунологилық зерттеулерді жүргізеді.
Қан анлизіндае болатын өзгерістер: анемия; бласттық жасушалардың болуы; лейкопения (50%) немесе гиперлейкоцитоз (20-50 х 109 /л дейін); кейде лейкоциттердің саны қалыпты болады; тромбоцтитопения.
Емі. Емнің негізгі мақсаты – химиотерапиялық әдісімен лейкоздық жасушалар клонын толық қырып жою. Ол үшін әртүрлі цитостатиктерді қолданады, оларды лейкоздық жасушалардың митоздық циклына сәйкестеп қолданады: цитозин – арабинозид, нитрозомочевина, 6-меркаптопурин, винбластин, винкристин, метотрексат, циклофосфан. Қазіргі кездегі ем науқастардың 60-80% -ның толық ремиссияға жетуіне, ал 20-30 % -ның толық сауғуына мүмкіндік береді.
Инфекциялық асқынулардан сақтану үшін науқастарды асептикалық палатаға жатқызады. Дене қызуы биіктесе кең спектрлі антибиотиктерді қолданады: цефалоспориндер + аминогликозидтер немесе жартылай синтезденген пенициллиндер + цефаллоспориндер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет