Гормонды препараттардың жіктелуі:
1. Гипофиз гормондарының препараттары
2. Қалқанша безі гормондарының препараттары (антитиреоидты дөрілер)
3. Қалқансерік безінің гормонды препараттары
4. ¥йқы безі гормондарының препараттары жене ауыз куысы арқылы еңгізілетін диабетке қарсы дөрілер
5. Бүйрек үсті безінің қыртысының гормондарының препараттары
6. Жыныстық гормондарының препараттары
1. Гипофиз гормондарының препараттары
а) Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондарының препараттары
Гипофиздің алдыңғы бөлігінің өнімін күшейтеді. Шеткерлі эндокриндік бездерді қуаттандырады. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы жөне иммунодепрессивті әсері бар.
Corticotropinum - кортикотропин (Б): 10; 20; 30; және 40 ӘБ құрғақ зат - 2 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, 1 мл-ден тәулігіне 3-4 рет б/е; 0,9% 500 мл NaCI еріт. бірге тамшылатып к/т еңгізіледі. Әсері, жанама әсері, колдануға қарсы көрсеткіштері глюкокортикоидтарға ұқсас. АКТГ-ң өнімінің жетіспеушілігінде, бүйрек үсті безінің гипофункциясында, глюкокортикоидтарды доғарғаннан кейін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |