Calcitrinum - кальцитрин (Б): 10 ӘБ құрғақ зат флаконда шығарылып, 1 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, остеопорозда, парадонтозда 0,25- 0,5 мл-ден күнде б/е және т/а еңгізіледі. Гипокальциемияда, жүктілікте жөне лактацияда колдануға болмайды.
3. Қалқансерік безінің гормонды препараттары
Қалқансерік безінің гипофункциясында қандағы кальций құрамы төмендейді, үлкендерде тетания, ал балаларда спазмофилия (ес түсінен танумен жүретін қалтырау) байқалады. Жедел кезеңінде қалтырауға қарсы препараттар және кальцийдің препараттары тағайындалады.
Қалқансерік безінің гиперфункциясында қандағы Са2+ ионының құрамы жоғарылап, ал сүйектерде азаяды, ол остеопорозға (сүйек ұлпасының ыдырауы), сүйектің деформациясына және сынғыштыққа алып келеді. Ондай жағдайда кальцитонин қолданылады.
Паратиреоидин (паратгормон) тиреокальцитониннің антагонисті болып табылады. Кальций мен фосфордың алмасуын реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |