Thyreoidinum - тиреоидин (Б): 0,05; 0,1 жэне 0,2 таб. шығарылып, 1-2 таб. тәулігіне 1-2 рет тәуліктің бірінші жартысында тамақтан соң ішуге белгіленеді.
L-Thyroxin - L-тироксин (Б): 0,0001 таб. шығарылып, тәулігіне 1-2 таб. белгіленеді.
Киыстырылған препараттары: «Тиреотом», «Тиреокомб», «Йодтирокс».
Жанама әсері: тахикардия, дене қызуының көтерілуі және терлеу байқалады. Тиреотоксикозда, қант диабетінде, Адиссон ауруында, едәуір азғындықта және коронарлы артерияның жеткіліксіздігінің ауыр түрінде қолдануға болмайды.
Эндемиялық (ауыз су мен тамақ өнімдерінің құрамында йодтың жеткіліксіздігінен туған) зобта (жемсау) йод препараттарын қолданады. Олар: калий йодиді - 0,0001 таблетка; йодбаланс, йодомарин, «Антиструмин» және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |