Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология



бет76/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология

3. Тетрациклиндер
Әсер ету механизмі: рибосомдық деңгейінде ақуыз синтезін бүзып, бактериостатикалық әсер етеді.
Табиғи: тетрациклин, окситетрациклин (террамицин) - әсері қысқа 6-8 сағат.
Жартылай синтетикалық: метациклин (рондомицин), доксициклин (вибрамицин), миноциклин (миноцин) - әсері ұзақ 12-24 сағат.
Әсер ету спектрі кең: грамм (+) және грамм (-) бактериялар, спирохета, риккетсия, хламидия, микоплазма, амеба. Тетрациклиндер жасуша ішінде орналасқан микроорганизмдерге қарсы әсер етеді. Оларға протей, көкіріңді таяқшалары, көбінесе саңырауқұлақтар, үсақ вирустар, бактероидтар тұрақты. Грамм (-) ішек микроорганизмдері метациклин мен доксициклинге тұрақты. Тетрациклиндерге екіншілік резистенттік баяу дамиды, бірақ моноциклиннен басқа осы топтың барлық препараттарына резистенттік қиылыспалы болып келеді.
Қолдануы: тетрациклиндер - улы антибиотиктер, сондықтан оларды қазіргі кезде аз қолданады. Тетрациклиндерді негізінен микроорганизмдердің басқа топ препараттарына тұрақтылығы жоғары болғанда қолданады. Олар резервтегі антибиотиктер болып табылады. Тетрациклиндерді өте қауіпті инфекцияларда: тырысқақ (холера), оба, сібір жарасы, бруцеллез, туляремия, борреллиоз, риккетсиоз, бөртпе сүзегі, дақты қызба, Ку - қызба (доксициклин, моноциклин); остеомиелитте, инфекциялық артритте; хламидия, микоплазма, трепонема және гонококк қоздырғыштарымен шақырылған урогенитальді инфекцияларда; микоплазмалық пневмонияда; трахомада; тері және жұмсақ ұлпа инфекцияларында (моноциклин - теріге жәнө жұмсақ ұлпаларға жақсы сіңеді); бактериальды және амебты дизентерияда; асқазанның жара ауруларында (доксициклин - НеІісоЬастег руlіогу-ге әсер етеді) қолданылады.
Жанама әсері: диспепсия, тітіркендіргіш әсер, гепатотоксикалық әсер, аллергия, дисбактериоз (суперинфещия, кандидамикозды алдын алу үшін нистатин қолданылады), энтероколит, фотосенсибилизация, тіс және сүйек дамуының бүзылуы (тетрациклиндер кальций тұздарымен кешенді қосылыстар тұзіп, тіс пен сүйекте жиналып, ол тістің өсуін тежейді, кеш шыгады, қарайып, кариеске бейім болады); катаболикалық әсер, иммунитеттің төмендеуі, қан жасалуының тежелуі, тератогендік әсер; ал миноциклинде вестибулярлық бүзылыстар байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет