6. Полимиксиндер
Полимиксин М, полимиксин В (аэроспорин, полмикс, бациллоспорин), полимиксин Е (колистин) сульфаттары.
Әсер ету механизмі: микроорганизмдердің цитоплазмасының қүрылысы мен қызмегн бүзып, бактерицидті әсер көрсетеді.
Әсер ету спектрі тар: грамм (-) таяқшаларға: көкірің таяқшаларға, дизентерия мен ішек таяқшаларына, іш сүзегі мен паратиф таяқшаларына, холера вибрионына, клебсиеллаға, энтеробактерге, гемофильді таяқшаларға әсер етеді.
Қолдануы: полимиксиндер - терапевті әсерінің кеңдігі аз, жоғары уытты препаратгар, сондықтан оларды тек өте қажетті жағдайда қолданады. Емдеу ұзақтығы 5-7 күннен аспауы тиіс. Полимиксиндер АІЖ-де сіңірілмейді және парентеральды еңгізгенде ұлпаларға нашар таралады. Полимиксин М сульфаты іріңді жарақаттарды, күйік және жараларды, іріңді отит пен конъюнктивитті емдеу үшін ерітінді немесе жағылма түрінде жергілікті сыртқа қолданылады. Басқа антибиотиктерге (гастроэнтероколит, жіті және созылмалы дизентерия) сезімталдығы төмен көкірің таяқшалары мен басқа да грамм (-) флора тудырған ауыр ішек инфекцияларында, сонымен бірге операция алдында ішекті санация жасау үшін ішке қолданылады. Полимиксин В және Е сульфаттары көкірің таяқшаларымен, клебсиелламен және энтеробактермен шақырылған сепсисте, пневмонияда, эндокардитте, несеп шығару жолдарының созылмалы ауруларында парентеральды еңгізіледі.
Жанама әсері: полимиксин М сульфатын ішке және жергілікті қолданғанда жанама әсер байқалмайды. Эпигастрий тұсының ауырсынулары, диспепсия, аллергия аз байқалып, суперинфекция болуы мүмкін. Полимиксин В және Е сульфаттары парентерсоюды еңгізгенде флебит, нефро- және нейротоксикалық әсер көрсетуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |