Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология



бет81/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология
1 Дерматит, Документ Microsoft Word, Құрамында-жүрек-қан-тамырларына-әсер-ететін-және-Р-витаминді-белсенділік-көрсететін-флавоноидтары-бар-кейбір-дәрілік-өсімдіктер, Қан-құю-топтары-және-резус-факторы.Қан-құю-ережелері, karnegi deil dos tabu zhne adamdarga ykpal etu oneri, №7лекцияФ
Қарсы көрсеткіштері: бүйрек аурулары, есту мүшесінің және кіреберіс аппаратының бұзылулары, миастения, жүктілік, жеке көтералмаушылық.
Streptomycini sulfas- стрептомицин сульфаты (Б): 0,25; 0,5 және 1,0 құрғақ зат флаконда шығарылып, 1-5 мл инъекцияға-арналған суда, 0,9% NаСІ еріт. немесе 0,25-0,5% новокаин еріт. ерітіп, тәулігіне 2 рет б/е енгізіледі.
Neomycini sulfas- неомицин сульфаты (Б): 0,25 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 2 рет белгіленеді; 2% жағылма; 0,5% көз жағылмасы бар.
Каnamycini sulfas - канамицин сульфаты (Б): 0,5 және 1,0 құрғақ зат флаконда шығарылып, тәулігіне 2-3 рет б/е; 5% -10 мл еріт. амп. к/т тамшылатып енгізіледі.
Аминогликозидтердің II буыны: гентамицин сульфаты (гарамицин).
Әсер ету спектрі: I буын препараттарынан айырмашылығы көкірің таяқшасына, протей, ішек таяқшаларына, сальмонелла, энтеробактер, пенициллиназа түзгіш стафилококктарға қарсы белсенділігі жоғары.
Қолдануы: грамм (-) микроорганизмдермен шақырылған инфекцияларда: несеп шығару жолдарының инфекцияларында, (пиелонефрит, цистит, уретрит); көкірің таяқшалары, протей немесе осы қоздырғыштардың араласып келуінен пайда болған сепсисте; жара инфекцияларында, күйікте, хирургиялық ауруларда; пневмония, бронхопневмония, менингит, перитонит және т.б. гентамицинге сезімтал флорамен шақырылған ауруларда қолданылады. Пиодермияда, фолликулитте, фурункулезде гентамицинді жағылма, ал көздің жуқпалы қабыну ауруларында көз тамшылары турінде қолданады. Жанама әсері және қарсы көрсөткіштері: жоғарыдағыдай, бірақ гентамициннің есту мүшесіне әсері төмендеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет