5. Аминогликозидтер Әсер ету механизмі: рибосома деңгейінде микроб ақуызының синтезін, сондай-ақ цитоплазмалық мембрананың қүрылысы мен қызметін бұзып, бактерицидті әсер етеді.
Аминогликозидтердің I буыны: стрептомицин, неомицин, канамицин, мономицин. Әсер ету спектрі кең: грамм (+) (стафилококктар, пневмококктар және т.б.), грамм (-) (ішек тобының бактериялары, протей, гемофильді таяқшалар және т.б.) микроорга-низмдер, стрептомицин мен канамицин туберкулез микобактерияларында жоғары белсенділік көрсетеді, мономицин қарапайымдарға (амебты дизентерия, лейшмания, трихомонада) әсер етеді. Аминогликозидтер анаэробтарға, спирохеттерге, риккетсияларға, саңырауқұлақтар мен вирустарға әсер етпейді. Аминогликозидтерге микроорганизмдердің екіншілік резистенттілігі тез дамиды, өйткені микроорганизмдер аминогликозидтердің әсерін жоятын ферменттер өндіреді, сондықтан емдеу мерзімі қысқа (5-7 күн) болуы қажет; ұзақ емдеуді тек қиыстырылған терапия үшін ғана қолданады. Егер І буын препараттары әсер етпесе (олар бактерияларды ферменттерге анағүрлым тұрақты), I және II буын препараттарын қолданудың қажеті жоқ.
Қолдануы: Аминогликозидтердің I буын препараттарының жоғары улылығына байланысты қолданылуы шектеулі: стрептомицинді негізінен туберкулезді және өте қауіпті инфекцияларды (оба, туляремия, бруцеллез) емдеу үшін қолданады, кейде - тыныс жолдары мен несеп жолдарының ауруларында, септицемияда, сепсистік зндокардитте қолданады. Мономицин - тек тері лейшманиозы мен белгілері жоқ амебиазда қолданылады. Неомицин -микроорганизмдердің басқа антибиотиктерге тұрақтылығында, энтеритте, энтероколитте таблетка түрінде ішке; асқорыту мүшелеріне операция жасар алдында санация үшін; терінің іріңді ауруларында (пиодермия, инфицирленген экзема), асқынған жараларда, конъюнктивитте жағылма, ерітінді түрінде жергілікті қолданады. Канамицинді неомицин сияқты ішке қолданады, туберкулезде стрептомициннің туберкулез микобактериясына турақты болған кезінде парентеральды қолданылады. Барлық аминогликозидтер АІЖ-да сіңірілмейді.
Жанама әсері: өтеуытты әсері (бас-ми нервтерінің VIII жұптарын зақымдайды, ол есту қабілеті төмендеуі мен вестибулярлы өзгерістерге алып келеді), нефроуытты әсері, бұлшық еттің босаңсуы (тыныс алу мен кимыл қызметінің әлсіреуі), аллергиялық реакциялар, дисбактериоз, диспепсия, полиневриттер, флебиттер (к/т енгізгенде) байқалады. Аминогликозидтер уытты препараттар, терапевті әсері қысқа, сондықтан дене салмағына қарай мөлшерін есептеп, мөлшерлеу тәртібін сақтап, бүйрек қызметін, есту мүшесі мен вестибулярлық аппарат жағдайын бақылап отыру қажет.