Gentamycini sulfas - гентамицин сульфаты (Б): 0,08 құрғақ зат флаконда, 2 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, тәулігіне 2-3 рет б/е; 4% 1 мл және 2 мл еріт. ампуласы тәулігіне 2-3 рет б/е енгізіледі; 0,1% жағылма; 0,3% көз тамшылары бар. Аминогликозидтердің III буыны: тобрамицин (бруламицин, небцин, обрацин), сизомицин, амикацин (амикин, биклин), нетилмицин, (нетиллин, нетромицин). Әсер ету спектрі: гентамицинге ұқсас. Барлық препаратгар көкірің таяқшаларына әсер етеді. Тобрамицин гентамицинге қарағанда көкірің таяқшаларына белсенділігі 2-4 есе жоғары; сизомицин гентамицинге қарағанда протей, көкірің таяқшасы, клебсиелла, энтеробактерге белсенділігі жоғары; амикацин - аминогликозидтер қатарында жоғары белсенділігімен ерекшеленеді, бірақ грамм (+) анаэробтардың көпшілігіне әсер етпейді. Нетилмициннің микроорганизмдердің ферменперіне турақтылығы жоғарылау.
Қолдануы: грамм (-) флора тудырған ауыр инфекцияларда: бактериемия, септицемия, урогенитальды инфекциялар, тыныс жолдарының, АІЖ-ң жұмсақ ұлпалардың ауыр инфекциялары, остеомиелит, операциядан кейінгі қиындықтар, аурухана ішілік және аралас инфекциялар. Егер қоздырғыштың түрі белгісіз болса, аминогликозидтерді пенициллиндермен немесе цефалоспориндермен қиыстыру қажет. Жанама әсері және қарсы көрсеткіштері: I буын препараттарындай. Амикациннің ото- және нефротоксикалық әсері басым, тобрамицин мен нетилмицинде нефро- және ототоксикалық әсері гентамицинге қарағанда төмендеу.