Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология



бет87/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология
1 Дерматит, Документ Microsoft Word, Құрамында-жүрек-қан-тамырларына-әсер-ететін-және-Р-витаминді-белсенділік-көрсететін-флавоноидтары-бар-кейбір-дәрілік-өсімдіктер, Қан-құю-топтары-және-резус-факторы.Қан-құю-ережелері, karnegi deil dos tabu zhne adamdarga ykpal etu oneri, №7лекцияФ
Әсер ету спектрі кең: сонымен қатар рифампицинге жоғары сезімтал микроорганизмдерге (туберкулез микобактериясына, лепра, гемофильді таяқшалар) бактерицидті әсер етеді. Кокктарға, соның ішінде гонорея, сібір жарасының таяқшасы, газды гангрена клостридиясы, протей, сальмонелла, бруцелла, трахома, коклюш, құтыру қоздырғыштарына белсенділігі жоғары. Рифампицинге микроорганизмдердің екіншілік резистенттілігі жылдам пайда болады, сондықтан резервтегі антибиотик болып табылады. Оны көбінесе басқа микробқа қарсы дәрілермен қиыстырады.
Қолдануы: негізгі қолдану көрсеткіші өкпе мен басқа да мүшелердің туберкулезі (рифампицин АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ағзаның барлық ұлпалары мен сұйықтықтарына жақсы таралады, туберкулезді емдеу үшін туберкулезға қарсы дәрілермен қиыстырылып қолданылады), алапесті (лепраны) емдеуде, тыныс алу мүшелерінің инфекциясында, менингитте, остеомиелитте, зәр және өт жолдарының инфекциясында, жіті гонореяда қолданылады.
Жанама әсері: аллергиялық реакциялар, диспепсия, бауыр қызметінің бұзылуы, лейкопения, зәр, сілекей, көз жас сұйықтықтарының қызыл сары түске боялуы мүмкін. Рифампицин бауырдың метаболикалық процестеріне әсер етіп, кейбір заттардың биотрансформациясын жылдамдатады (оймақгүл препараттары, әсері тікелей емес антикоагулянттар, пероральды гипогликемиялық дәрілер, контрацептивтер, Д, К, В,С витаминдері).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет