Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология



бет95/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология

Әсер ету механизмі: Сульфаниламидтер ПАБҚ-ң дегидрофолий қышқылына өтуін, ал триметоприм дегидрофолий қышқылының тетрагидрофолий қышқылына өтуін бөгеп, пуриндер синтезін, одан ДНҚ және РНҚ синтезін бұзады. Потесептил (потесетта) - құрамы: сульфадимезин+триметоприм. Лидаприм - құрамы: сульфаметрол триметоприм .Сульфатон- құрамы: сульфамонометоксин+
триметоприм. Гросептол - құрамы: сульфамеразин+ триметоприм.
Жоғарыда айтылғандай бактерицидті әсер ететін, микробқа қарсы спектрі кең препараттар. Тыныс жолдарының инфекцияларында, несеп шығару жолдарының инфекцияда, урологияда, ішек инфекциясында, отитте, менингитте, сепсисте, паразитарлы инфекцияларда (лейшманиоз, токсоплазмоз, малярия) қолданылады. Жанама әсері: аллергиялық реакциялар, диспепсия, қан жасалуының тежелуі, бауыр және бүйрек қызметінің бүзылуы, суперинфекция (кандидамикоз), тератогенді әсер көрсетуі мүмкін. Бауыр, бүйрек қызметі бұзылуының ауыр түрінде, қан жасалуы бүзылуларында, аллергияда және жүктілікте қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет