Сіргоfloxacinum - ципрофлоксацин (Б): 0,25 және 0,5 таб. (шайнамай) тәулігіне 2 рет; 0,2% 50 және 100 мл еріт. түрінде флаконда шығарылып, тамшылатып к/т немесе тәулігіне 2 рет баяу; 1% 10 мл еріт. амп. - 50 мл 0,9% NaСІ еріт. немесе глюкозамен бірге - к/т; 0,3% 5 мл еріт. флаконда - көз тамшысы түрінде шығарылады.
Ескерту: фторхинолондарды антацидтермен, сукральфаттармен, темір препараттарымен (хинолондардың сіңірілуі төмендейді) бірге колдануға болмайды.
г) Хиноксалин туындылары. Хиноксидин, диоксидин - бактерицидті әсері бар, әсер ету спектрі кең, сонымен қатар көкірінді таяқшаларға, протейге, анаэробтарға және т.б. әсер етеді. Ауыр іріңді-қабыну процестерінде, өкпе абсцесінде, іріңді плевритте, перитонитте, пиелоциститте, холециститте, сепсисте, терең қуысты жараларда т.б. қолданылады. Бұл препараттар өте улы және жанама әсері өте көп болғандықтан, стационар жағдайында, дәрігердің қатаң қадағалауында тек ересектерге тағайындалады.
Жанама әсері: бас ауыру, дене қызуының көтерілуі, диспепсия, аллергиялық реакциялар, бұлшық ет тырысулары және т.б. Тератогенді және эмбриотоксикалық әсеріне байланысты жүктілікте колдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |