Дәрілік заттардың мөлшері
Мөлшер(доза)-бір реттік қабылдауға арналған препараттың мөлшері.Жоғары реттік мөлшер (ВРД)- асырғанда уытты әсер көрсететін, 1 қабылдауға арналған мөлшері. Жоғарғы тәуліктік мөлшер (ВСД) –асырғанда уытты әсер көрсететін, 1тәулікке арналған мөлшер.Орташа терапевтикалық мөлшер, жоғарғы реттік мөлшердің ½ немесе ¼ бөлігі.
Дәріге әсер ететін факторлар
Жасы. Кейбір препараттарға орта жастағы адамдарға қарағанда, балалар (18 жасқа дейін) мен үлкен жастағы адамдардың(60 жастан жоғарғы) ағзасы сезімтал келеді. МФК Х-да әр түрлі жастағы балаларға улы және күшті әсер ететін дәрілік заттардың ЖРМ, ЖТМ кестеде көрсетілген үлкендердің мөлшерінің 1/24- 1/12; 1 жастағы балаларға -1/12, 12 жастағы-1/8; 4 жастағы-1/6; 6 жастағы- 1/4 , 7 жас-1/3; 14 жас-1/2; 18 жас -2/3 тең. Үлкен жастағы адамдарға ОЖЖ-не әсер етеін дәрілер жүрек гликозидтері, диуретиктер ересектер мөлшерінің ½ ; улы және наркотикалық және күшті әсер ететін дәрілер ересектер мөлшерінің 2/3 құрайды.
Дене салмағы салмақ жоғарылаған сайын, мөлшер де жоғарылайды, аурудың 1кг мөлшеріне есептейді.
Жынысы, кейбір заттарға (никотин, алкоголь ) әйелдерге қарағанда еркектер сезімтал келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |