Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


Дәрілік заттардың ағзада таралуы



бет11/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология

Дәрілік заттардың ағзада таралуы. Дәрілер қанға сіңірілгеннен кейін немесе тікелей қанға енгізілгеннен кейін ағзаның сулы фазасында – қанда, жасуша сыртындағы және жасуша ішіндегі (дене салмағының 70%) суда таралады. Ересектерге қарағанда балаларда судың ағзада көп болуынан кейбір дәрілердің таралу көлемі артады, оларға: жүрек гликозиді-дигоксин , холиноблокаторлар-атропатин, антибиотиктер-аминогликозитер, сондықтан оларды үлкендердің дозасымен салыстырғанда 1кг салмаққа артықмөлшерде белгіленеді. Ағза сусызданған жағдайда дәрілердің таралу көлемі азаяды және олардың концентрациялары өседі, фармакологиялық әсері күшейеді.
Дәрілердің таралуына биологиялық кедергілер тосқауыл болуы мүмкін. Ол: капилляр қабырғасы, жасуша мембраналары, гематоэнцефальды және гематоофтальмалдық кедергілер. Капиллярлар-дәрілер үшін оңай өткізгіш. Липидте еритін заттар эндотелий және базальды мембраналар арқылы диффузияланады, ал суда еритін заттар капилляр қабырғаның 0,2% беткейін алып тұратын кең саңылаулар арқылы диффузияланады.
Дәрілік заттардың биотрансформациясы –тотығу –тотықсыздану, гидролиз және конъюгация жолымен жүреді.Биотрансформация процесі бауырдың микросомальды ферменттерінің әсерінен
өзгереді.Кейбір препараттар (фенобарбитал,рифампицин,гизеофульвин) бауыр ферменттерінің белсенділігін жоғарылатады, ол басқа препараттардың әсерінің әлсіреуіне алып келеді. Кейбір препараттар (фуразолидон, метронидозол) бауыр ферменттерінің белсенділігін төмендетеді, ол басқа бірге қолданылған препараттардың әсерінің күшейуіне алып келеді.
Дәрілердің ағзадан шығарылу жолдары. Дәрілік заттар ағзадан бүйрек, бездер арқылы, ал ұшқыш заттар-өкпе арқылы шығарылады. Газ тәрізді және үшқыш заттар (Мысалы, ингаляциялық наркозға арналған дәрілер) өкпемен шығарылады. Кейбір препараттар слекей бездерімен (йодидтер), асқазан бездерімен (хинин, никотин), ішек бездерімен (органикалық қышқылдар) және жас бездерімен (рифампицин) шығарылады. Кейбір заттар (ұйықтататын дәрілер анальгетиктер, этил спирті, никотин) лактация кезінде сүт бездерімен шығарылып, сүтпен бала ағзасына түсіп, оған жағымсыз әсер көрсетуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет