3. Ұнтақ – Pulvis ( Gen. Sing. - Pulveris).
Ұнтақтар – сусымалы қасиеті бар, ішке және сыртқа қолдануға арналған қатты дәрілік түр. Ұнтақтар бірнеше түрге бөлінеді.
- жай ұнтақтар (бір ғана заттан тұратын);
- күрделі ұнтақтар (2 немесе одан көп ингредиенттерден тұратын);
- мөлшерлерге бөлінген ұнтақтар;
- мөлшерлерге бөлінбеген ұнтақтар;
Мөлшерленбеген жәй ұнтақ:
Rp.:Streptocidi subtiltissimi 20,0
Da. Signa. жарақатқа себу үшін.
Мөлшерленбеген күрделі ұнтақ:
Rp.: Benzylpenicillini – natrii 125 000 ӘБ
Aethazoli 5,0
Misce fiat pulvis subtilissimi
Da. Signa. Мұрынға үрлеу үшін.
Мөлшерленген жай ұнтақ:
Rp.: Pancreatini 0,6
Da tales doses №24
Signa. 1 ұнтақтан күніне 3 рет тамақтан бұрын.
Мөлшерленген күрделі ұнтақ:
Rp.: Papaverini hydrochloridi 0,02
Phenobarbitali 0,01
Sacchari 0,3
Misce fiat pulvis
Da tales doses №10
Signa. 1 ұнтақтан күніне 1 рет
Ұшқыш және гигроскопиялық ұнтақтар пергаментті, балауыз (charta cerata) немесе парафинді (charta paraffinata) қағаздан жасалған қорапшада шығарылып, рецепте Da tales doses in charta cerata деп көрсетiледі.
Достарыңызбен бөлісу: |