Гранулалар фармацевтикалық өндірістерде дайындалатындықтан, рецепте қысқартылған түрде ғана жазылады.
Рецепт үлгісі:
Rp.: Granulorum Natrii para – aminosalicylatis 100,0
Da. Signa. 1 ш.қ. күніне 3 рет тамақтан 1 сағаттан соң.
5. Капсула – Capsula (Gen. plur. – Capsulis, Abl. plur. – Capsulis, Acc. plur. - Capsulas )
Капсулалар – ішуге арналған мөлшерленген ұнтақ паста тәрізді, түйіршіктелген немесе сұйық дәрілік түрлерден тұратын қабықша. Капсула түрінде жағымсыз дәмі мен иісі бар немесе тітіркендіргіш әсері бар дәрілік препараттарды шығарады. Капсулалардың желатинді немесе полимерден жасалынған түрлері бар. Қазіргі кезде фармацевтикалық өндірістерде дәрілік затты микрокапсула түрінде шығарады. Микрокапсулалар жұқа қабықшалы пленка тәрізді материалмен (желатин, майлы заттар, полимерлер) қапталған қатты, сұйық немесе газ тәрізді дәрілік заттар. Микрокапсула түрінде шығарылатын препараттар әртүрлі мақсатта (мысалы, тұрақсыз дәрілік заттарды ішкі факторлардың әсерінен сақтау үшін, жергілікті тітіркендіргіш әсерін басу үшін, дәрілердің әсерін ұзарту үшін және т.б.) белгіленеді.
Рецепт үлгісі:
1. Жәй құрамды капсула ( желатинді капсула).
Rp.: Omeprazoli 0,3
Da tales doses №20 in capsulis
Signa. Тамақтан 30 минут бұрын 1 капсуладан күніне 2 рет.
2. Күрделі құрамды официнальды капсула:
Rp.: Capsulas '' Aevitum '' №25
Da. Signa. 1 капсуладан тәулігіне 3 рет.
Пилюлялар.
Пилюлялар – салмағы 0,1-0,5 г тек, шар тәрізді ішуге арналған қатты мөлшерге бөлінген дәрілік түр.
Басқа да қатты дәрілік түрлерге: капсулалар, пленкалар, глоссеттер, карамелдер және пастилкалар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |