1. Мазь – жағылма – Unguentum
Жағылма – сыртқа қолданылатын, консистенциясы тұтқыр, жұмсақ дәрілік түр. Жағылмаларды дәрілік зат (әсер етуші) пен негізді (түр беруші) араластыру арқылы алады. Жағылманың негізі ретінде вазелин, вазелин майы, шошқаның тазартылған майы, май тәрізді заттар, балауыз (ланолин, ара балауызы, спермацет) және синтетикалық заттар пайдаланылады. Әрине, жағылмалар мөлшерге бөлінбеген дәрілік түр. Жағылмаларды жай және күрделі деп бөлеміз. Құрамы 2 ингредиенттен тұратын болса, оны күрделі жағылмалар деп атаймыз. Қазіргі таңда жай және күрделі жағылмалар фармацевтикалық өндірістерде дайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |