Байланысты: Д рістер жина ы растыр ан фармакология
4. Эмульсия – Emulsum (Gen. sing. Emulsi) Эмульсиялар – бір-бірінде ерімейтін сұйықтықтардан тұратын (май мен су) сұйық дәрілік түр. Эмульсияның сырт көрінісі сүт тәрізді болады. Эмульсияны дайындау әдісіне байланысты майлы (Emulsa oleosa) және тұқымды (Emulsa semina) деп ажыратылады. Майлы эмульсиялар сұйық майлардан: майсана (Оleum Ricini), бадам (Оlеum Аmуgdalагum) және балық майынан (Оleum jecoris) және т.б. дайындалады. Май мен судан эмульсия түзілу үшін, майда тамшы пайда болғанша майдан эмульсия түзу қажет. Осы мақсатта майды арнайы зат – эмульгатормен араластырады. Эмульгатор ретінде шайырлар – мысалы, шабдалы шайыры (Gammi Агmеnіасае) – сонымен қоса желатоза (Gеlаtоsа) қолданылады. Эмульсия түзу үшін 2 бөлік май, 1 бөлік эмульгатор және 17 бөлік су алу қажет. Егер рецепте майдың мөлшері көрсетілмесе, онда 10 бөлік майдан 100 бөлік эмульсия қажет болса, 20 мл май + 10,0 желатоза + 170 мл су алу қажет. Майлы ерітінділер жазылымның қысқартылған және толық түрінде жазылады.
Жазылымның қысқартылған түрінде рецепте дәрілік түрден Emulsa (Эмульсиялар) сөзінен соң майдың аты, мөлшері (сызықша арқылы) және эмульсияның жалпы көлемі көрсетіледі.
Жазылымның толық түрінде майдың эмульгатор мен судың мөлшерлері бөлек-бөлек жазылады. Одан соң М.f. еmulsum (Міsсе ut fiat emulsum – Эмульсия түзілгенше араластыр) деп көрсетіледі. D.S. сөзімен латын бөлімі аяқталады.
а) қысқартылған түрі:
Rp.:Emulsi olei jecoris 30 ml – 200 ml
Da. Signa. 1 ас қасық күніне 2 рет ішуге.
б) толық түрі:
Rp.:Olei jecoris 30 ml
Gelatosae 15,0
Aquae destillatae ad 200 ml
Misce fiat emulsum
Da. Signa. 1 ас қасық күніне 2 рет ішуге