1. Mәтін мазмұны бойынша таңертең ішуге ұсынылған су



Дата24.09.2024
өлшемі24,77 Kb.
#205006
Байланысты:
БЖБ


Оқу сауаттылығы
Cу – бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Ағзада су болмаған жағдайда жасушалар жұмысын тоқтатып, ағза уланады. Дәрігерлер мен салауатты өмір салтын ұстанатындар күніне 2 литр су ішуге кеңес береді. Өйткені ағзаны сумен тазартып, сауықтыру ең қымбат және сирек дәрі-дәрмектердің күшімен бірдей болып саналады.
Cу – табиғи дәрі. Жапонияның дәстүрі бойынша, олар таңертең ояна салып су ішеді. Бұл зәр шығару жүйелерін, энергетиканы, дененің барлық функциялары мен жүйелерін оятуда оң әсерін тигізеді. Бүкіл әлем бойынша көптеген медициналық орталықтардағы ғылыми тәжірибелер арқылы сау адамдар үшін, сондай-ақ аурудан зардап шегетін адамдар үшін осы әдістің мәні дәлелденген.
Cумен емдеу көптеген жерлерде оң нәтижесін берген, кейбір ауруларды 100% емдеген. Сумен жүрек-қан тамырлары, артрит, семіздік, бронхит, астма, туберкулез, менингит, бүйрек, асқазан аурулары және т.б. көптеген ауруларды емдеуге болады. Сумен емделу процедурасы ішке қабылдауға арналады. Таңертең оянғаннан кейін ауыр металлдардан, тұздардан тазартылған ауыз суды қолданыңыз. Ең дұрысы, фильтрленген суды қолдану, қайнатылған және дистилденген су болмайды. Су бөлме температурасында болуы тиіс.
Tаңертең оянғаннан кейін тісті тазаламай тұрып, 640 мл су ішу керек. Бұл процедурадан кейін 45 минут тамақ ішіп-жеуге болмайды. Ішілетін судың көлемін аз мөлшерден бастап, бірте-бірте арттырып отырған дұрыс. Бұл әдіс ауруларды емдеу үшін және денені қалпына келтіру үшін қолданылады.

1. Mәтін мазмұны бойынша таңертең ішуге ұсынылған су


A) фильтрленген
B) дистилденген
C) тұндырылған
D) қайнатылған
2. Mәтін мазмұны бойынша дәрігерлер кеңесі
A) күніне 640 мл су ішу
B) оянғаннан кейін қайнаған су ішу
C) күніне 2 литр су ішу
D) судың көлемін арттырып отыру
3. Жапонияның дәстүріндегі таңертең ояна сала су ішудің оң әсері
A) артрит пен семіздіктің алдын алады
B) зәр шығару жүйелерін оятады
C) бүйрек, асқазан ауруларын жазады
D) бронхит, астма, туберкулезге ем болады
4. Mәтінге сай келетін мақал-мәтел
A) Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
B) Судай мөлдір бол, тастай сіңімді бол.
C) Таза мінсіз асыл тас, су түбінде жатады.
D) Судай тұнық, сүттей ақ.
5. Mәтіннің негізгі ойы
A) судың құрамы мен қасиеттерінің сыры
B) салауатты өмір сүрудің тәсілдері
C) судың экологиялық проблемаға айналуы
D) кісі бойындағы су энергиясының құпиясы

Жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбай Әлихан Бөкейхановтың үш түрлі мінезін ерекше атап өтуге болады дейді.


– Біріншісі – оның турашылдығы. Екіншісі – болмысынан алдына келген жанның мысын басатын өзгеше жаратылыс иесі екендігі. Бұл жайлы Әлкей Марғұлан, Қалижан Бекхожин, Ғалым Ахмедов, Мариям Мұқанова, Валентина Николаевна Әуезова естеліктерінде ашық жазған.Тіпті тұтқындауға келген Мәскеудің үлкен лауазымды тергеушілерінің өзі тұтқындайтын кезде артық мінез көрсете алмаған.
Лиза Әлиханқызы Бөкейханова былай деп еске алады: «Әкемнің мысы кез келген адамды басып тұрушы еді. Әкем өзін тұтқындауға сауылдап кіріп келген тергеушілерді көргенде саспастан: «Лиза, шай қой. Қонақтар келді. Бұл мәдениетті кісілер, дәстүр аттамайды», – деді. Олар үндей алмай қалды. Сол паузаны пайдаланып: «Кешіріңіздер, телефон шалуға бола ма?» – деді. Олар рұқсат берді. Көршісі, аса белгілі кеңес ғалымы трубканы алғанда: «Вася! Мен ұзақ командировкаға кетіп барамын. Лизаны саған тапсырдым. Аманат!» – деді де, маған қарап: «Лиза! Сен анда-мұнда жүгірме. Одан ештеңе шықпайды. Бұл «барса-келместің» командировкасы», – деді сабырмен. Тергеушілер мұның бәрін үнсіз тыңдап тұрды, – үндеуге бата алмады. Мен соған таңғалдым. Әкемнің салауаты оларды еш оғаш қылық көрсетуге мүкіндік бермеді». Бұл әңгімені Лиза Кеңес тұсында Алаш тарихынан жабық тақырыпта докторлық диссертация қорғаған тарихшы Жақсалиевке айтып берген. Әлекеңді көрген адамдар: «Біз Бөкейхановпен еркін сөйлесе алмаймыз. Оның мысы басып тұрады және астарлап сөйлейді», – дейді екен. Әлекең өзінің сырын санаулы ғана адамдарға айтқан. «Мен тек Байтұрсыновпен, Дулатовпен ғана ұлт туралы ашық сөйлесе аламын», –дейтіні сол.
Yшінші қасиетін айтар болсақ, сондай ұлы тұлға нәзік жанды, адамдарға бауырмал, жаны ашығыш, сезімтал болған. Лиза Бөкейханқызы: «Әкем Смағұл қайтыс болғанда қатты қайғырды. Өзі барып, оның денесін көрқаптан алып, мәйітін медициналық тексеруге апарды. «Өндірістік улану» деген диагноз қойыпты. Денесін крематорийге өртеді. Бұл оның жанына қатты батты»,–деп еске алады. Менің ойымша, Бөкейханов Смағұл Сәдуақастың қазасына тек күйеу баласы ретінде қабырғасы қайысып отырған жоқ, өз идеясын, Алаш идеясын алға апаратын үмітті шәкіртінен айырылған ауыр қайғыдан егілді. Алаш идеясы өлген сияқты көрінді. Міне, осындай жаны нәзік адам.
Oсы үш мінез Әлихан Бөкейхановтың күрескерлік тұлғасынан бөлек, адами болмысын тереңірек танытады.
6. Mәтін мазмұнына сәйкес келетін қатар
1. Кез келген адам Әлекеңмен еркін сөйлесе алмайтын.
2. Әлихан Бөкейханов өте бірбеткей, қатал адам болатын.
3. Әлихан Бөкейханов өте сезімтал, нәзік жанды болатын
A) Бірінші мен екінші
B) Бірінші мен үшінші
C) Барлық жауап дұрыс
D) Екінші мен үшінші
7. Ұлт көсемі қызын кімге аманат етеді?
A) М.Дулатовқа
B) А.Байтұрсыновқа
C) Көршісіне
D) Күйеу баласына
8. Mәтіннің негізгі ойы, түйіні
A) Әлекеңнің ұлт туралы сыр бөлісетін достары.
B) Әлекеңнің «барса-келместің» командировкасы».
C) Әлихан Бөкейханов – адами болмысы терең тұлға.
D) Әлихан Бөкейханов – Алаш идеясын жалғастырушы.
9. Дұрыс реттілікті анықтаңыз
1. Әлиханның мінезі туралы замандастар пікірі, бағасы
2. Әлихан бойындағы сезімталдық, бауырмалдық
3. Күрескер, адами болмысы терең дара тұлға
4. Әлиханның тұтқындаушылар келгендегі салауаты
A) 3,1,4,2
B) 1,2,4,3
C) 1,4,2,3
D) 1,3,4,2
Mәтін мазмұнына сай проблемалық сұрақ
A) Әлихан Бөкейханов ұлт туралы кіммен ашық сырласа алатын?
B) Мәтінде ұлт көсемінің қандай ерекше қасиеттері айтылады?
C) Ұлт көсемінің тергеушілердің мысын басуының сыры неде?
D) Адами болмысы терең тұлға боп қалай қалыптасуға болады?

Kүлтегін жыры


1. «Күлтегін» жыры жер мен көктің және адам баласының жаралуы туралы философиялық толғаудан басталады. Бұдан кейін бүкіл адамзат баласына Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқаны мадақталады. Түрік қағандығының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін зор мақтаныш сезіммен жырлайды. Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң, түркі елінің тағына дарынсыз қағандар отырғанын, халықты опасыз бектер мен жүгенсіз әміршілер билегенін күйінішке толы жыр жолдары арқылы жеткізген.
2. Mіне, содан кейін Күлтегін батырдың көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі. Түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. Жырда Күлтегіннің түркі елінің төрт бұрышындағы барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатқаны туралы: «Бастыны – еңкейтті, Тізеліні – бүктірді. Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылды. Аз халықты көп қылды. Тату елге жақсылық қылды», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады.
3. «Күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу.
4. «Күлтегін» жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.
11. «Бастыны – еңкейтіп, Тізеліні – бүктірген» батыр
A) Істемі
B) Күлтегін
C) Білге
D) Бумын

12. «Күлтегін» жырының басты идеясы


A) Білге қағанның ерлігін суреттеу
B) Қуатты мемлекет орнату
C) Күлтегіннің ерлігін жеткізу
D) Халқын ауызбірлікке шақыру
13. Жырдың идеясына сәйкес келетін мақал
A) Ауылы бірдің – ауызы бір.
B) Дәулетіне қарай сәулеті.
C) Бақ пен дәулет көшпелі.
D) Бірлігі күшті ел азбайды
14. Mәтіннің екінші бөлігіне сәйкес келетін тақырып
A) Күлтегіннің оғыздармен жекпе-жегі.
B) Күлтегін – ел қамын ойлаған батыр.
C) «Күлтегін» – мазмұны терең көркем туынды.
D) Күлтегіннің түргештерге қарсы шайқасы.
15. Берілген үзіндімен үндес келетін негізгі мәтін бөлігі (бөліктері)
Eнді Алпамыс бақырып,
«Алатаулап» ұран шақырып,
Қалмаққа жалғыз тиеді...
Қаланың аузын қан қылды,
Қақпаның аузын шаң қылды,
Aйдарлысын құл қылды,
Tұлымдысын тұл қылды,..
...Ерлікпен жетті мұратқа,
Еңбектің болып баяны.
Тыңдаған халық риза боп,
Осымен бітті аяғы...
A) 1
B) 1,3
C) 2,4
D) 2


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет