Күні: 13. 10. 2016 жыл Тақырып: «Азаттық жырының ақтаңгері» Мақсаты



Дата26.06.2018
өлшемі54,38 Kb.
«Азаттық жырының ақтаңгері» атты ақын Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған әдеби кеш

Күні: 13.10.2016 жыл

Тақырып: «Азаттық жырының ақтаңгері»

Мақсаты: оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи мәдени және рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық қатынас. шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға тәрбиелеу.

Міндеті: ұлттық әдебиеттерге деген оқырмандардың қызығушылығын арттыру және қолдау көрсету.

Эпиграф: «Дулат – бар ақындық қуатын ел-жұртының санасын өлеңмен оятуға ат салысқан тарихи тұлға» Мұхтар Әуезов

Көрнекілігі: Дулат Бабатайұлының портреті, слайд, бейнебаян, кітаптар, шығармалар, қанатты сөздер, пікірлер, т.б.

Барысы:

Қойылым(атасы мен немересінің әңгімесі): Атасы - Смагулов Асхат 9 «А», Немересі - Сайлаубев Мейрхат 6 «Ә» сынып оқушылары
Шығарма жаза алмай қиналып отырған 7-сынып оқушысы. Теледидар көріп отырған атасы, қолында газет. Теледидардан дауыс естіледі: Д. Бабатайұлы «Аягөз, қайда барасың?» (Сакенова Альмира 7 «Ә», Әбікен Нұрила 7 «Ә» сынып оқушшылары) өлеңі оқылады:
Тауды екіге жарасың,
Тастың қашап арасын.
Кесіп өтіп кезеңді,
Аягөз, қайда барасың?..
Немересі қаламын тастай сала атасының қасына келіп:

Немересі:


- Мен бұл өлеңді білемін, ата! Кеше ғана Әдебиет сабағынан өткен болатынбыз. Дулат Бабатайұлының өлеңі.
Атасы:
- «Сорғалаған нөсердей, Жырын тыңда, Дулаттың...»(немересіне жақындай түсіп). Иә, балам, бұл – Дулаттың жазған өлеңі. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы туған елінің тарихи бір кезеңін жырлаған. Сен біледі екенсің. Ендеше Дулаттың кім екенін білетін шығарсың.

Немересі:



  • Иә, ата, бірақ толық білмеймін.

Атасы:

  • Сын сәттерде халқын адастырмай ақ жолға бастайтын, бағыт беріп, бағдар көрсететін Темірқазық сынды бітімі бөлек, тұғыры тиянақты алып тұлғалар болады. Қазақ үшін осындай өрелілік өлшемі, биіктік мұнарасы – ХІХ ғасырдың ғажайып өкілі, от тілді, орақ ауызды жыр тұлпары – Дулат Бабатайұлы

Немересі:

  • Ата! Бізге шығарма жазуға қосымша ізденіс жұмыстары тапсырылып еді. Соған біраз қиналып отырмын. Қайтсем екен? Жарысқа қатысуым керек.

Атасы:

  • Дулат туралы көп дерек айтсам, тыңдар ма едің, балам?

Немересі:

  • Иә, сіз оны көрдіңіз бе? Ол туралы қайдан білесіз?

Атасы:

  • Жүр, балам. Мен сені бір жақсы кешке алып барайын. Дәл сол Дулат атаң туралы, жүре ғой (Ертіп алып, шығып кетеді)


Д. Бабатайұлы «Менің атым- Байғыз қарт» өлеңі - Нуркин Алихан 5 «Ә» сынып оқушысы
1-жүргізуші:

Мына тұрған Дулаттың суреті ме?


Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Қайрат, елдік, ерлікті тең ұстаған,
Кім ұмытар Дулаттың келбетін де?
Құрметті әдебиет сүйер қалың көпшілік! 2007 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Бір-ел, бір-кітап» республикалық акциясының биылғы жылы қазақтың біртуар ұлдарының бірі, елдік пен ерлікті жырлаған ойшыл, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғаларының бірі Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған «Азаттық жырының ақтаңгері» атты әдеби кешке қош келдіңіздер!

БЕЙНЕБАЯН «Ұлы тұлға – Дулат Бабатайұлы»

2-жүргізуші:
Мекен ғып құздың қиясын,
Бұлтқа салып ұясын,
Айнадай көрген аймағын,
Түйінін шешкен айланың,
Жерге қонбай ұша алмас
Көк еркесі қыран да

1-жүргізуші:
Дулат бейнесі бір қарағанда таныс тақырып , таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз-ау. Ұлылықтың тың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, Дулат әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!

Д. Бабатайұлы «Атамның қонған қонысы» өлеңі- Байгожина Жанель 7 «Ә», Файзулла Дариға 7 «Ә» сынып оқушылары

2-жүргізуші:


1731 жылы Кіші жүз қазақтары, ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында Орта жүз қазақтары, ХІХ ғасырдың 60-жылдарында Ұлы жүз қазақтары орыс патшалығына бағына бастаған еді. Сол ғасырдағы қазақ қоғамын өз билігінен айырған Ресей патшалығының отарлаушыларына қарсы, қазақ даласындағы дербес хандық биліктің жойылуына қарсы алғаш реформа жасаушылардың бірі ақын Дулат Бабатайұлы. Ол толғауларында өз заманындағы орыс патшасының отарлау саясатынан зардап шеккен халқының қайғысын тереңнен сезініп, мұңын жырымен жазып, ел қамын ойлап кейінгі ұрпақты тәрбиелеуде маңызды өлеңдер жазды.

Д. Бабатайұлы «Асқар таудың сәні жоқ» өлеңі - Қуанышбек Әмина 5 «Ә», Оспанова Жансая 5 «Ә» сынып оқушылары

1-жүргізуші:
Дулат ауыртпалығы зор, өзгерісі де мол ғасырмен құрдас болды. Қазақ қоғамын өз билігінен айырған Ресей патшалығының отарлаушыларына қарсы үн көтерген, патша билеушілерінің шылауындағы аға сұлтан, ұлықтарды оңдырмай сынаған ақын ретінде де тануымыз керек.

Д. Бабатайұлы «Аға сұлтан қазының» өлеңі – Камалова Мүнәжат 9 «Ә» сынып оқушысы

Д. Бабатайұлы «Қаламы мата бозбенен» өлеңі – Токтасынов Мадияр 9 «Ә» сынып оқушысы

2-жүргізуші:
Дулат қазақ халқының ұлы ақыны Абайға ұлағатты ұстаз болған. Оған ақындық өнер жолында тұңғыш бата берген Дулат Бабатайұлы. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Дулат қазақ халқының қамқоры, Абайды идея жағынан тәрбиелеуші» деп баға берген. Дулат бабамыз туралы білімімізді тереңдете түсу үшін 9 «Ә» сынып оқушысы Камалова Мүнәжаттың дайындаған мәліметіне назар аударайық.

1-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.


Дуалы ақын құрметіне Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының №2 орта мектебі қазіргі уақытта Дулат Бабатайұлы атында. Мектептің 3 қабатында Дулат Бабатайұлы мұражайы орналасқан. №мұражай 2016 жылы 16 маусымда ашылған. Дулат туралы деректер аз болғандықтан, мұражайда Дулат ұстаған құнды жәдігерлер жоқ. Мұражайдың бір бұрышы Д. Бабатайұлына баййланысты осы уақытқа дейін өткен іс-шаралар жайлы фотосуреттермен көркемделген. Енді бір бұрышында ақынның өлеңдері, кітаптары, кейінгі ұрпақтың Дулатқа арнаулары жинақталып қойылған. Тағы бір бұрышы Дулат өмір сүрген уақыттағы тұрмыстық заттар , күміс бұйымдар қойылған. Осы мұражайды ашуға ат салысқан әрбір жанға алғысымыз шексіз (слайд)
2-жүргізуші:
Шонжарды шоқ тілімен тулататын,
Қарық қылып, көп елді шулататын.
Бүгінде мерейтойы өтіп отыр,
Ақиық арқадағы Дулат ақын.
Ал енді кейіпкері шығармамның,
Шығады көңілімнен сан арманның,
Ішінде серкесіндей көрінеді,
Он жеті ақын шыққан Сыбандардың.
Ешқашан айтар сөзін ірікпеген,
Тұнба боп, тұла бойда жүріпті өлең.
Дүркіреп дүйім ел-жұрт жатқанында,
Мен-дағы маңдай терім сылып көрем.
Қошемет қайда барсаң бөленгенің,
Басына тік көтерді көлемді елің.
Зергері асыл сөздің, орақ тілдің,
Жоғалмас қалды артыңда өлеңдерің.

«Батырлар ұраны» әні – 6 «Ә» сынып оқушылары: Сайлаубаев Мейрхат, Канатова Камила, Джанбурбаев Жакуп, Сәлменқызы Дана

2-жүргізуші:
Кемеңгер Ұлы Мұхтар «Дулат – бар ақындық қуатын ел-жұртының санасын өлеңмен оятуға ат салысқан тарихи тұлға» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтушылықтан, ізденуден жалықпайық. Осымен біздің кешіміз аяқталуға тәмәм. Уақыт бөліп, кешімізге келгендеріңізге мың да бір алғыс!

«Бұл заманның жақсысы: бірін-бірі көре алмас, жұртына пайда бере алмас.»



«Ата-ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең»
Каталог: uploads -> doc -> 0097
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0097 -> Сабақ. Пән: Қазақ әдебиеті. Топ: №47. Күні: Тақырыбы: Шоқан Уәлиханов. Сабақтың мақсаты: Білімділік
0097 -> Сабақтың тақырыбы: Абдул-Хамид Мархабаев «Ғарыштағы қымыз»
0097 -> Сабақ №1 Күні: Сынып: 9 Тақырыбы: Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы. Мақсаттары
0097 -> Сабақ Тақырыбы: Төтенше жағдайларды жою Оқытушы: Абдраманова Ж.Ғ


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет