Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


Суспензия – Suspensio (Gen. sing-suspensionis)



бет30/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология

3. Суспензия – Suspensio (Gen. sing-suspensionis)
Суспензиялар – ұсақ майдаланған қатты дәрілік заттардың қандай да бір сұйықтықтағы қалқымалы жағдайда болатын сұйық дәрілік түрі. Суспензиялар дисперсті ортадан (су, өсімдік майы, глицерин және т.б.) және дисперсті фазадан (берілген сұйықтықта мүлдем ерімейтін, қатты дәрілік заттың бөлшектері) тұратын дисперсті жүйе. Жазылымның қысқартылған түрі дәрілік түрдің атауы Suspensionis (суспензия) сөзімен басталып, әрі қарай дәрілік заттың атауы, суспензияның мөлшері, қолдану тәсілі мен жиілігі, сонымен қатар “Қолданар алдында шайқаңыз!” деп көрсетілуі тиіс. Суспензиялар ішке, сыртқы тәнге немесе бұлшық етке белгіленеді. Суспензияның диперсті ортасы су болған жағдайда рецепт қысқартылған түрде жазылады.


Рецепт үлгісі:
Rp.: Suspensionis Hydrocortisoni acetatis 0,5% -10 ml
Da. Signa. 2 тамшыдан күніне 4 рет көзге тамызуға.
Қолданар алдында шайқаңыз.

Кейбір сыртқы тәнге және ішуге арналған суспензиялар официнальды, яғни фармацевтикалық өндірістерде дайын күйінде шығарылады. Мұндай суспензиялар тек қысқартылған түрде жазылады (концентрациясы көрсетілмейді).


Rp.:Suspensionis Griseofulvini 100 ml


Da. Signa. 1 орта қасықпен күніне 3 рет.
Қолданар алдында шайқаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет