V. Әр түрлі дәрілік түрлер.
Көз қабықшалары рецепте қысқартылған түрде жазылады.
Рецепт үлгісі:
Rp.: Membranulas ophthalmicae cum Pilocarpini
hydrochlorido №30
Dа. Signa. 1 пленкадан қабақтың төменгі жағына
күніне 1 рет.
Аэрозольдер рецепте қысқартылған түрде жазылады:
Rp.: Aerosolum “Ephatinum” №1
Dа. Signa. Тәулігіне 3 рет ингаляция үшін.
Дәріс №
Тақырыбы: Микробқа, вирусқа және қарапайымдыларға қарсы дәрілер
Жоспар:
1. Антисептикалық және дезинфекциялық дәрілердің жіктелуі
2. Антисептикалық дәрілерге фармакологиялық сипаттама
3. Дезинфекциялық дәрілерге фармакологиялық сипаттама
Бұл дәрілер адамның жұқпалы ауруларын алдын алу және емдеу үшін қолданылады. Микробқа қарсы әсері бар дәрілер екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа әсері таңдамалы емес препараттар жатады. Олар көптеген микроорганизмдерге түбегейлі әсер етеді. Оларға: антисептиктер мен дезинфекциялық (зарарсыздандыратын) дәрілер жатады. Екінші топқа әсері таңдамалы химиотерапевтикалық дәрілер жатады. Бұл топ микроорганизмдердің белгілі бір түріне әсер етуінің жоғарғы терапевтік кеңдігіне ие.
Достарыңызбен бөлісу: |