Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


Ампуладағы ерітінділер мен суспензияларға рецепте дәрілік түрдің аты: Solutionis



бет37/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология

Ампуладағы ерітінділер мен суспензияларға рецепте дәрілік түрдің аты: Solutionis... (Ерітіндісін...), Suspensionis.., (Суспензиясын...), дәрілік заттың аты, концентрациясы мен мөлшері, содан соң D.t.d. №…in (... ампулада осындай мөлшерде босат) және S. көрсетіледі.
Ампуладағы суспензияға рецепт үлгісі:
Rp.: Suspensionis Desoxycorticosteroni trimethylacetatis 2,5%-1 ml
Da tales doses № 6 in ampullis
Signa. 1 мл 2 аптада 1 рет бұлшық етке енгізу үшін.
Қолданар алдында шайқаңыз.

Көптеген инъекцияға арналған дәрілік түрлер (ұнтақтар, ерітінділер, суспензиялар және т.б.) флаконда шығарылады. Флаконда қолданудың артықшылығы қолданар алдында асептикалық жағдайда дәрілік затты ерітіп, препараттың залалсыздығын сақтай отырып, бірнеше рет қабылдауға мүмкіндік береді.


Ампуладағы ерітінділерге рецепт үлгісі:
Rp.: Solutionis Glucosi 40% -50 ml
Da tales doses № 10 in ampullis
Signa. 50 мл күре тамырға енгізу үшін.

Өндірістерде дайындалатын арнайы атауға ие жаңа галенді препараттарға, сұйық органопрепараттарға, дәрілік заттардың ерітіндісіне рецепт үлгісі:


Rp.: Digalen – neo 1 ml


D.t.d. №10 in amp.
S. 1 мл күніне 1 рет тері астына.

Rp.: Pituitrini 1 ml (5ӘБ)


D.t.d. №10 in amp.
S. 1 мл күніне 1 рет тері астына.
Rp.: Cordiamini 1 ml
D.t.d. №10 in amp.
S. 1 мл күніне 2 рет тері астына.
Флакондағы дәрілік затқа рецепт ампуладағы дәрілік заттарға рецепт жазу ережелеріне ұқсас жазылады. Айырмашылығы D.t.d... соң ештеңе жазылмайды (“Флакон” сөзі еш жерде көрсетілмейді).


Рецепт үлгісі:
Rp.: Benzylpenicillini-natrii 500000 ӘБ
Dа tales doses №12
Signa. Құты құрамын 0,5% мл новокаин ерітіндісімен ерітіп
тәулігіне 4 рет бұлшық етке енгізу үшін.

Rp.: Insulini 5 ml (1 ml 40 ӘБ)


Dа tales doses №6
Signa. 0,5мл-ден (20 ӘБ) күніне 2 рет тері астына.
Дәріхана жағдайында дайындалатын инъекцияға арналған дәрілік түрлерге (көбінесе ерітінділерде) міндетті түрде рецепте дәрілік заттың залалсыздандырылғандығы көрсетілуі қажет. Рецепте дәрілік заттың атауынан соң Sterilisetur сөзі жазылады.
Рецепт үлгісі:
Rp.: Solutionis Natrii chloridi isotonicae 0,9 % -500 ml
Dа tales doses №12
Sterilisetur!
Da. Signa. Тамшылап көк тамырға енгізу үшін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет