11. Линимент – Linimentum (Gen.sing. - Linimenti)
Линименттер – қою сұйықтықтар түріндегі біртектес қоспадан тұратын сыртқы тәнге қолдануға арналған дәрілік түр. Негізі сұйық өсімдік, вазелин майы және т.б. заттар болып табылатын сұйық жағылмалар. Магистральды линименттер рецепте толық түрінде жазылады. Рецепте линименттік ингредиенттерінің атауы, оның мөлшері, M.f. linimentum (Misce ut fiat linimentum – Линимент түзілгенше араластыр) және D.S. көрсетіледі.
1) Официнальды линимент рецепте қысқартылған түрде жазылады:
Rp.: Linimenti Synthomycini 5% - 25 ml
Da. Signa. Зақымдалған теріге жағу.
2) Магистральды линимент рецепте толық түрінде жазылады.
Rp.: Chloroformii 20ml
Olei Hyoscyami 40ml
Misce fiat linimentum.
Da. Signa. зақымдалған буын аймағына жағуға
Достарыңызбен бөлісу: |